| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : | Мектеп : Л.Жолдасов жалпы орта мектебі | |||
| Күні :06.12.2018ж | Мұғалімнің аты – жөні Момынова Замира Абдижаппаровна | |||
| Сынып :9 «Б» | Қатысқандар саны : 24 | Қатыспағандар саны : | ||
| Сабақ тақырыбы | Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында | |||
| Сабақ мақсаттары | Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың үлесін анықтап, Мәскеу,Ленинград және Сталинград майданындағы көрсеткен ерліктеріне талдау жасай алады | |||
| Тілдік мақсат | Пәнге тән лексика мен терминология:Отан соғысы, интернационализм,«барбаросса жоспары», коллаборационистер Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер : Патриотизм-Отанға деген сүйіспеншілік; Кеңес Одағының Батыры; эвакуацияланған аудандар. | |||
| Бағалау критерийлері | -Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың үлесін сипаттау; - Мәскеу,Ленинград және Сталинград майданындағы көрсеткен ерліктерін талдау; | |||
| Құндылықтарды дарыту | Ұлтжандылыққа ,елін,жерін сүйуге ,батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеу. | |||
| Пән аралық байланыстар | Дүниежүзі тарихы,әдебиет | |||
| АКТ қолдану дағдылары | Электронды оқулықпен жұмыс | |||
| Бастапқы білім | «Отан соғысы» деген ұғымды біледі | |||
| Сабақ барысы | ||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - ірекеттер | Ресурстар | ||
| Сабақ барысы
Сабақтың ортасы сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы | Сабақ басында :Оқушылар бір-біріне бейбітшілік тілектерін тілейді. Мозаика әдісі арқылы топқа бөлу: І топ-Мәскеу ІІ топ-Сталинград ІІІ топ-Ленинград Үй тапсырмасын сұрау: «Конверт сұрақ» әдісі Жаңа сабақ Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында-электронды оқулық І тапсырма: Термин сөздерді анықтаңыз және «Кеңес Одағы Батыры », «Халық қаһарманы» атағын алған батырлардың ерлігін сипаттаңыз
Дискриптор 1.Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың үлесін анықтайды; 2. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың үлесін сипаттайды; ІІ тапсырма: Сәйкестендіру кестесі Дұрыс жауапты экранға шығару арқылы топтар бір-бірінің жауабын тексереді 1)
2)
Дискриптор 1. Мәскеу,Ленинград және Сталинград майданындағы қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін анықтайды; 2. Мәскеу,Ленинград және Сталинград майданындағы қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін талдайды;
ІІІ тапсырма: «Майданнан хат» Хаттың авторын анықтаңыз 1.«Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болсада ерітіп, күйдіріп жібере алады.Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-отанға деген сүйіспеншілік»-деп жазған белгілі жазушы...(Б.Момышұлы) 2. «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайымда жоқ, апайымда жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз»-деген өтініш айтқан...(М.Мәметова) 3. «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда-Мәскеу»-ұранын көтерді...(В.Г.Клочков) 4. «1944 ж Венгрияның Дунай өзенінен өтіп плащдарымды кеңейтіп, өз әскерлеріміздің өтуіне мүмкіншілік жасауды маған тапсырды.Мен бастаған 18 жауынгері бар шағын топ тапсырманы орындауға аттандық.Түн жарымда жауынгерлер өзен арқылы арғы бетке өтіп, жаудың шабуылына тойтарыс бердік. »...(Л.Жолдасов) Бағалау: Бағалау парақшасы-топ басшы бағалауы «Екі жұлдыз бір тілек» Үй тапсырмасы:Өз ауылымыздағы ардагерлер жайлы мәлімет жинау |
Суреттер
электронды оқулық
А4 парақшалары
Бағалау парақшалары Стикер | ||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз ? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз ? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Бағалау парақшалары «Екі жұлдыз бір тілек» | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелері | ||
| Жалпы баға (мұғалімнің рефлексиясы) Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да , оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да , оқу туралы да ?) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік \ қиындықтары туралы нені білдім ,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||






Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (380.92 KB)

