Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Планирование  /  5 класс  /  Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері

Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері

ффффффффффффффффффффффффффффффф
16.05.2020

Содержимое разработки

Күні: 

Сыныбы: 5

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың экологиялық апат аймақтары туралы білімдерін тереңдетіп, таным белсенділіктерін арттыру.
Дамытушылық: экологиялық проблемалардың адам тағдырымен тікелей байланысты екендігін ұғындыру. Оқушыны шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны экологиялық жағынан таза бүлдірмей ұстауға тәрбиелеу. Топта жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: химия, география, қазақ тілі.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Назарларын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар қою

  1. Экология дегеніміз не

  2. Экологияның қандай түрлері бар?

  3. Экология терминін ғылымға алғаш кім қай жылы енгізді?

  4. Экологияның даму тарихының кезеңдері қандай?

  5. Экология қай ғасырда жеке дара ғылым болды?

  6. Экология қандай ғылым саласына жатады?

Жаңа сабақ

Жоспар:

1.Қазіргі экологиялық проблемалар жіктелуі

2.Жаһандық жылыну

3. Жылыжай эфектісінің болуы

Қоршаған ортаның ластануы




Түтін Тау жыныстарының үйіндісі

Құрамында зиянды шаң мен газдар коп Шахтадағы полигондар,

Ластанған ауа. Ірі қалаларда болады. өнеркәсіп өндірісі қалдықтары.

Өнеркәсіп, автоколік

Жаһандық жылыну.Атмосферада көміртектің қос тотығының СО2 шоғырлануы артқан кезде .Жердің орташа температурасы артады. Полюстерде мұздықтардың еруі және теңіз бен мұхит деңгейінің көтерілуі ойпатты жерлерді ауқымды түрде су басуына алып келеді.

Климаттың құрылымдануының маңызды факторы болып жылыжайлық (парникті) эффект – ауаның жер бетіндегі қабатының қызуы есептеледі, ол негізінен атмосфераның ұзын толқынды (жылулық) сәулелерді жер бетінде көп сіңіретіндігінен болады, бұл сәулелер болса өз кезегінде Күннің сәулесінің Жер бетіне дейін жарықтық энергиясының жетуіне дейін түрленуінен туындайды. 

  Жылыжайлық эффекті атмосферадағы жылыжайлық газдар және булар концентрациясының артуымен өседі, және ол өз кезегінде климаттың жылынуына алып келеді. Қазіргі уақытта атмосферадағы көміртегі қос тотығының мөлшері 1 млнға шаққанда 336 бірлік құрайды. Жыл сайын ол 1-2 бөлікке артуда. Жылыжайлық эффектінің артуымен Арктика мұздарының еруі күшейеді. Алып қарастыратын болсақ соңғы 30 жыл ішінде Солтүстік мұзды мұхиттың мұзды қабатының қалыңдығы 40 пайызға азайды. Бірнеше онжылдық алдын ғана Солтүстік полюске тек жеке батыр тұлғалар ғана аяқ баса алатын еді. Бүгінгі күні ол жерге ыңғайлы каюта көмегімен орташа қуаттағы мұзжарғыш арқылы баруға болады. Гренландия мұздықтары, Альп тауы, Кавказ, Килиманджаро шыңдарының мұздары да еруде. Соңғы 9 жыл ішінде Гренландияның мұздықтарының еруі 3 есеге дерлік өсті.

Құрғақшылық, су тасқыны немесе дауылды жел және дауыл сияқты ауа райының төтенше тосын құбылсытарының жиілеуі де жылыжай эфектісінің әсерінен болады.

Нүктелік:өнеркісіптер

Желілік: автокөліктер:

Үстіңгі қабат:бос жыныстар, қалдық полигондары

Агрегаттық күй: Қатты зат:қала және өнеркәсіп қалдықтары

Сұйық:қала және өнеркәсіп қалдық сулары

Газ: Түтін, автокөлік газдары

Қауіпті қосылыстар: Түтін-төмен орналасқан бұлт. Оның құрамында зиянды заттармен қатар күкірт қышқылы бар. Ол тыныс алу жолдарының ауруларына және қан айналу жүйесіне, қатерлі ісіктің пайда болуына себепті. Соны

Ауа құрамындағы азоттың кейбір оксиді өкпені зақымдап, оттегі жетіспеуіне әкеледі.

1-Тапсырма

Атырау облысындағы экологиялық проблеммалар туралы ой талқылау.

2.-Тапсырма Қазіргі экологиялық проблеммаларды азайту жолдары туралы ой талқылау

Бағалау:

Үйге тапсырма: тақырыпты оқу және мазмұндау



-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері (35.98 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт