Меню
Разработки

Қазақстан менің елім

Т?уелсіздік к?ніне арнал?ан ерте?гілік. Ересектер тобына арнавл?ан.

21.04.2017

Содержимое разработки

Қазақстан - елім менің !!!

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ? Құрметті ата – аналар және қонақтар. Сіздер бүгін балалармен осы залға Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігімізді тамашалауға келіп отырсыздар .

« Әнұран »

Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерекең құтты болсын кең пейілмен

Ғасырдың тойы болсын келе берер.

Ақбота :

Отан - тарих , Отан – тіл

Жасаған елің , өз халқың

Отан - өлең , Отан – жыр

Көтерер көкке ел даңқын.

Данияр:

Алтын таңның аясында

Бақытты өскен баламыз

Еркін өмір шат заманда

Шырқап әнге саламыз

Ән « Отан »

Жүргізуші: Біздің еліміз тек әдемі әрі кең ғана емес , Қазақстан елі бай әрі батыр ел.

Балалар сендерді үлкендер дүниеге шыр етіп келгеннен бастап ақ Отанды сүюге , қазақтың салт – дәстүрлерін біліп қадірлеуге үйретеді.

Ал , балалар сендер « Отан » деген ұлы сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалар :

« Отан - оттанда ыстық »

« Туған елдей ел болмас ,

Туған жердей жер болмас» Батырхан

« Өз елім - өлең төсегім»

« Отан – отбасынан басталады»

Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар . Отан біздің туған жеріміз , ата – анамыз , туған қаламыз.

Талас:

Отан –сенің ата – анаң,

Отан – досың , бауырың

Отан – аудан , ауылың

Отан - өлең Астанаң

Нұрлан :

Кеңсің дала , туған ана

Көйлегің кең, көк ала,

Жан беретін, тән беретін

Мейірімді ана – сен ғана



Дильяра:

Отан – осы достарым

Көңілге мұны түйе біл

Отан деп өсіп жас жалын

Оны ардақтап сүйе біл

Жүргізуші:

Балалар , қазақта мынадай жақсы сөз бар «Өткенді білмесең , болашақты құра алмайсың» деген Сондықтан еліміздің өткен тарихын білу үшін не істеуге болады?

Балалар:

  • Кітаптарды көп оқу керек.

  • Ғаламторға кіруге болады.

Жүргізуші:

Бұл өте жақсы , біреқ осы залдан ешқайда шықпай қалай өткенге оралуға болады?

Балалар : « Уақыт машинасымен »

Жүргізуші:

  • Онда мына бөліктерден машина құрастырып шығарайық

Ойын « Уақыт машинасы»

(Тақтаға бөлшектерден машина құрау)





Жүргізуші: Машина дайын болды. Енді, жолға шығуға болады.

( Балалар орындарында отырып , машинаның оталуын , оның жүру дыбысын салады.)

« Байдың келуі»

Бай:

- Тоқтаңдар ! Сендер кімсіңдер ? Киімдеріңде біздердікіне ұқсамайды . Ал , мынау не ? (машинадан шошып кетеді) Мынаны алыңдар !

Жүргізуші:

  • Қымбатты баеке , сіз таңғалмаңыз , бізда сіз сияқты адамдармыз , тек болашақтан келдік

Бай : Ал , сендер смиқыршы немесе шайтандар емессіңдер ме ?

Балалар : -Жоқ. Біз – балалармыз.

Бай : - Ал , оны немен дәлелдейсіздер ?

Жүргізуші: Оны біздер көңілді ән арқылы дәлелдей аламыз.

Ән « Қыс қызығы»

Бай : Жарайды . Ал , бізден не керек ?

Жүргізуші:Біздер бұрынғы ата – бабамыз қалай тұрғанын , қалай өмір сүргенін білгіміз келеді .

Бай : Мен сендерге ештеңе айтқым келмейді . Оданда сендер болашаққа оралыңдар.

( Апа келеді)

Апа: Ау, қымбаттым , бұның қалай ? Қонақты солай қарсы ала ма екен ? Қонақты қарсы алу қайда. Ал , сендер балалар , ыңғайланып отыра беріңдер . Бұл атаны тыңдамаңдар. Алла тағала енді , сендердің замандарыңа бұндай арам , зұлым адамдарды бермесін.

Бұрынғы заманнан бері ата – бабамыз қонақты жылы шыраймен қарсы алған . Бұның қалай баеке?( байды итеріп жібереді)

Бай : Жарайды , жарайды. Мен ұялып тұрмын . Бірақ сендер болашақтың балалары біздер туралы ештеңе білмейсіңдер.

Жүргізуші: Неге , олай дейсіз , бізде білеміз солай емес пе балалар?

Бай : Онда маған мынаны айтыңдаршы. Біздің бабаларымыз бұрын қандай қоныс болған ?

Балалар : көшпенділер.

Бай : Ал , көшіп қонып жүретін баспананы қалай атаймыз?

Балалар : Ағаш үй.

Бай : Ал , сендердің қолдарынан әдемі ағаш үй құрастыру келе ма?

Жүргізуші: - Ол не дегеніңіз . Қане шеңберге бізбен бірге тұрыңыз, ағаш үйді құрыңыз.

Ойын « Ағаш үй»

Апа : Ой , жарайсыңдар! Болашақтың балалары ештеңеден қорықпайды екен. Сіздердің болашақтарын ашық екен.

Бай : Айтпақшы сендер қай ғасырдан келдіңдер ?

Балалар :XXl ғасырдан

Бай мен апа : Мәссаған.

Бай : Ал , XXl ғасырда Қазақстанда ең үлкен қала бар ма ?

Жүргізуші: Әрине бар . Ол біздің астанамыз. Балалар біздің астанамыз қай қала ?

Балалар : Астана

Жүргізуші: Ал , біз кай қалада тұрамыз ?

Балалар : Ақтөбе

Видео клип « Ақтөбе»

( Алдар Көсе келуі)

Алдар Көсе: Сүйінші ! Сүйінші!

Апа: Жаймен Алдар Көсе неге айқайлайсың?

Алдар Көсе: Мен жақсы жаңалық естіп келдім! Сүйінші!

Апа: Балалар сүйінші сұрап келген адамға сүйіншге сыйлық беруіміз керек. Ал , ол қандай жақсы жаңалық?

Алдар Көсе: Тыңдаңдар . Бізге ХХІ Ғасырдан қонақтар келе жатыр екен.

Бай . Ол жаңалық тарап кеткен. Олар қазір осы жерде отыр.Міне, олар.

Алдар Көсе: Ой , сені ме ? (атын ұрып) Мен бар қызықтан қалыппын ғой.

Жүргізуші: Уайымдама. Алдар Көсе қызық әлі алда. Ал , сүйіншіге не қалайсың ?

Алдар Көсе: Көңілді би көрсем бола ма ?

Балалар : Болады.

( Қыздар : шаштарын өреді , айнаға қарайды , нан илейді.)

( Ұлдар : атпен шабады , қамшымен ұрады )

Алдар Көсе: Рахмет ! Сергітіп тастадыңдар. Менің білгім келетіні сендер өз елдеріңді қаншалықты жақсы көресіңдер?

Жүргізуші: Міне , өз құлағыңызбен тыңдаңыз.

  1. Алихан

Сүйемін сені туған жер

Байлық бақыт тұнған жер

Қамбасына ыотанның

Тату – тау астық құйған жер

  1. Айбиби

Отан – атам

Отан - әкем

Осы сөзім қате ме екен?

Қате болса

Неге біздер

Дейміз оны « Атамекен»

Жүргізуші:- Егер саған қызық болса , сен біліп қой қазір біздің Қазақстан – бай әрі берік ел.

Бай : Ал , Қазақстан елінде өзіне тән ерекшеліктері бар ма ?

Жүргізуші: - Әрине ! Бұл қазақтың – ана тілі және де өзінің рәміздері бар.

Бай : Ол қандай рәміздер ?

Жүргізуші: Балалар қандай рәміздеріміз қандай ?

Балалар : Туы , Әнұраны , Елтаңбасы .

( Рәміздерді көрсету )

Апа : Маған қызығы мынау, жастары мынадай болса ал , Қазақстанмен құрдас үлкендер ХХІ ғасырда қандай ?

Жүргізуші: Бұл балалардың ата – аналары қазіргі таңда әр түрлі маман иелері . Бірі дәрігер , бірі – құрылысшы , шахтер , мұғалім. Олардың еңбегінің арқасында біздің ел дамып , байып келеді.

Асылай

Біздің гүл бақшада

Бар әсем асхана

Бар онда аспазшы

Ақ көңіл жақсы апа

Эльдар

Көрдің , әлде көрмедің

Етікші атам бар менің

Қартпын деп айтпайды

Қол қусырып жатпайды

Дидар

Дәрігермін мен деймін

Кәрі әжемді емдеймін

Көп , көп ішіп дәріні

Кәрілікті жең деймін



Ойын « Тігінші»

Ойын « Самалет»

Ойын « Кім жылдам?»

Бай : Міне , сендер мамандықтар туралы айттыңдар. Өте қызық . Ал мен болашаққа оралсам кім болар едім ?

Жүргізуші: Ал , сен не істегенді жақсы көресің?

Алдар Көсе : Ол керек не керек емес заттарды жинағанды және сатқанды ұнатады. Осы болашақта саған оын табылар ма екен?

Жүргізуші: Неге олай дейсің ? Ол -өте сыйлы сатушы болар еді.

Бай : Менің сендердің осындай жылы сөздерің үшін , мен өзгеруге дайынмын және де сендермен дос болғым келеді .

Бізде барлығы қиындыққа шыдамды және қуанышты бөлісе біледі. Ал , сендерде қандай?

Жүргізуші: Достық заңы қазақ даласында әлі де орнап тұр. Біздің еліміз көп ұлтты. Қазақстанның халқы қонақжай болғандықтан бізде ұлтқа бөліну деген жоқ. Бәрі бір атадан туғандай . Солай емеспе балалар?

Айнара:

Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан

Анелия:

Ортақ бізге бір Отан

Ортақ жердің байлығы

Еңбеа ортақ , жер ортақ

Ортақ бізге барлығы

Нұрай :

Туыспыз біз бәріміз

Біз Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз

Жүргізуші: - Ал , енді балалар болашаққа қайтатын уақыт келді.

Ол жақта бізді көптеген жұмыс күтіп тұр.

Алдар Көсе : Балалар , өздеріңмен бірге мына сыйлықтарды ала кетіңдер . Бізде қонақты құр қол қайтармайды.

Апа:( бата беру)

Ал , балаларым жолдарың болсын

Болашақтарың жарқын болсын

Елге пайдаларың тиер үлкен азамат болыңдар әмин

Бай шашу шашады. Балалар бір – біріне бұрылып мотордың дыбысын салып , қол бұлғап залдан шығып кетеді.





№2 «Бұлбұл»МДҰ

Такырыбы :

« Тәуелсіз елдің ұландары»








-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақстан менің елім (54.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт