Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Презентации  /  2 класс  /  Қазақ халқының ырымдары

Қазақ халқының ырымдары

Қазақ халқының ырымдарын зерттеп танысу.басқаларға үйрету

02.02.2018

Содержимое разработки

         Бекболатов Данияр  2 “А”сынып оқушысы “ Бақыршық орта мектебі” КММ  Шығыс Қазақстан облысы  Жарма ауданы  Әуезов кенті

 

 

Бекболатов Данияр

2 “А”сынып оқушысы

Бақыршық орта мектебі” КММ

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

Әуезов кенті

    Менің тақырыбым :  “ Қазақ халқының ырымдары” Мақсатым: Қазақ халқының ырымдарын зерттеп, мағынасын ашып көрсету.

 

Менің тақырыбым :

Қазақ халқының ырымдары”

Мақсатым:

Қазақ халқының ырымдарын зерттеп, мағынасын ашып көрсету.

 Зерттеу міндеттері  Ырымдардың түрлерімен, мән-мағынасымен танысу.  2. Оның қай жерлерде қолданылатынын білу.  3. Ырымның тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру.

Зерттеу міндеттері

  • Ырымдардың түрлерімен, мән-мағынасымен танысу.

2. Оның қай жерлерде қолданылатынын білу.

3. Ырымның тұрмыста пайдасының зор екендігін ұғындыру.

 Зерттеу болжамы  - Зерттеу барысында қазақтың ырымдарының түрлерімен танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.   Ата-бабаларымыз ырымдар арқылы бала-шағасын қауіп-қатерден, бәле-жаладан қорғап отырған

Зерттеу болжамы

- Зерттеу барысында қазақтың ырымдарының түрлерімен танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау.

  • Ата-бабаларымыз ырымдар арқылы бала-шағасын қауіп-қатерден, бәле-жаладан қорғап отырған
 Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:  Ырым-тыйым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Бұл–ырым-тыйымның басты қағидасы. Зерттеу жұмысымның барысында оқушыларға бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан ырымдарды күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Ырым-тыйым жақсылыққа бейімдеп, жамандықтан сақтандырып отырады. Бұл–ырым-тыйымның басты қағидасы. Зерттеу жұмысымның барысында оқушыларға бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқан ырымдарды күнделікті өмірде пайдалануға үйрету.

Кіріспе бөлім  Қазақ халқы ерте заманнан б аласының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Баласына дұрыс тәлім – тәрбие беру мақсатында оған ерте жастан – ақ, ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып, жаман әдеттерден тыйып отырған. Осы мақсатта тыйым сөздер арқылы жаман іске бармауын қадағалап, түрлі ырымдар арқылы жақсылыққа баулып отырған. Тәрбие берудің бұл әдісі бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Оған дәлел – менің “Қазақ халқының ырымдары” атты зерттеу жұмысым.

Кіріспе бөлім

Қазақ халқы ерте заманнан б аласының тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Баласына дұрыс тәлім – тәрбие беру мақсатында оған ерте жастан – ақ, ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып, жаман әдеттерден тыйып отырған. Осы мақсатта тыйым сөздер арқылы жаман іске бармауын қадағалап, түрлі ырымдар арқылы жақсылыққа баулып отырған. Тәрбие берудің бұл әдісі бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Оған дәлел – менің “Қазақ халқының ырымдары” атты зерттеу жұмысым.

 Зерттеу бөлімі  Ырым - халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырымның түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату сияқты ырымдар бар.   Халықтың ұғымында ырымдар екі түрлі болады.   Жақсы ырым. Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді. Үйдің төбесіне қарлығаш ұя салса, жақсылық болады 2. Жаман ырым. Табалдырықты басқан баланың бойы өспейді. Қазақ түнде мал санамайды, ол жаман ырым.  Ырымдар қүнделікті өмірде кеңінен қолданылады.  Соларға тоқталатын болсақ:

Зерттеу бөлімі

Ырым - халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырымның түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату сияқты ырымдар бар.

Халықтың ұғымында ырымдар екі түрлі болады.

  • Жақсы ырым.

Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.

Үйдің төбесіне қарлығаш ұя салса, жақсылық болады

2. Жаман ырым.

Табалдырықты басқан баланың бойы өспейді.

Қазақ түнде мал санамайды, ол жаман ырым.

Ырымдар қүнделікті өмірде кеңінен қолданылады.

Соларға тоқталатын болсақ:

 Ыдыс-аяқтарға байланысты  Киім-кешекке байланысты  Бесікке байланысты  Күн,ай, жүлдыздарға байланысты Мектепте 8 оқушыдан ырым туралы сауалнама алдым. Мынадай нәтижелерді байқадым. Нанға қатысты ырымдарды балалар біледі. Ырымдар жайында: Білетіндер: 2 оқушы Білмейтіндер: 6 оқушы Оқушылардың көбі “Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді”деген ырымды білмейді екен.  Достарымның білмеген сұрақтарын осы зерттеу жұмысы арқылы түсіндіріп, үйреткім келді. Әр бала қазақ халқының ырымдарын білу керек деп ойлаймын.  Ырымдардың  қолдану аясы

Ыдыс-аяқтарға байланысты

Киім-кешекке байланысты

Бесікке байланысты

Күн,ай,

жүлдыздарға байланысты

Мектепте 8 оқушыдан ырым туралы сауалнама алдым. Мынадай нәтижелерді байқадым.

  • Нанға қатысты ырымдарды балалар біледі.
  • Ырымдар жайында:

Білетіндер: 2 оқушы Білмейтіндер: 6 оқушы

Оқушылардың көбі “Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді”деген ырымды білмейді екен.

Достарымның білмеген сұрақтарын осы зерттеу жұмысы арқылы түсіндіріп, үйреткім келді. Әр бала қазақ халқының ырымдарын білу керек деп ойлаймын.

Ырымдардың

қолдану аясы

Мектепте 9 оқушыдан ырым туралы сауалнама алдым. Мынадай нәтижелерді байқадым. Нанға қатысты ырымдарды балалар біледі. Ырымдар жайында:  Білетіндер: 5 оқушы Білмейтіндер:4оқушы Оқушылардың көбі “Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді” деген ырымды білмейді екен.  Достарымның білмеген сұрақтарын осы зерттеу жұмысы арқылы түсіндіріп, үйреткім келді. Әр бала қазақ халқының ырымдарын білу керек деп ойлаймын.

Мектепте 9 оқушыдан ырым туралы сауалнама алдым. Мынадай нәтижелерді байқадым.

  • Нанға қатысты ырымдарды балалар біледі.
  • Ырымдар жайында:

Білетіндер: 5 оқушы Білмейтіндер:4оқушы

Оқушылардың көбі “Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді” деген ырымды білмейді екен.

Достарымның білмеген сұрақтарын осы зерттеу жұмысы арқылы түсіндіріп, үйреткім келді. Әр бала қазақ халқының ырымдарын білу керек деп ойлаймын.

Бесікке қатысты ырымдар: Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.  Бесікті сатуға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.  Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды.

Бесікке қатысты ырымдар:

  • Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады.
  • Бесікті сатуға болмайды. Қазақ халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым саналады.
  • Бесікті ашық қалдырмайды, орап қояды.
 Киімге қатысты ырымдар:  Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым.

Киімге қатысты ырымдар:

  • Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.
  • Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше.
  • Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым.
Ыдыстарға қатысты ырымдар:  Су құйылған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды. Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады. Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады

Ыдыстарға қатысты ырымдар:

  • Су құйылған ыдыстың бетін ашық қалдыруға болмайды.
  • Егер көршілер тамақ әкелсе, ыдысын бос қайтармайды. Бос қайтару көргенсіздік болып саналады.
  • Қонаққа кетік кесеге шай құюға болмайды. Бұл қонақты құрметтемеу болып саналады
Ай және жұлдыздарға қатысты ырымдар:  Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады. Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар “менің жұлдызым жоғары” дейді. Жаңа айды көргендер “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды.

Ай және жұлдыздарға қатысты ырымдар:

  • Айды қолмен көрсетсе, отбасында жаманшылық болады.
  • Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген қазақтар “менің жұлдызым жоғары” дейді.
  • Жаңа айды көргендер “жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке” деп бата жасап, ырымдайды.
 Қорытынды  Ырымдар әлі күнге дейін қазақ халқының өмірінде ерекше орын алып келеді. Соның ішінде зерттеу жұмысы кезінде ырымға сенбейтін бірде бір отбасын көрмедім.  Менің осы ғылыми жобамда мынандай ұсынысым бар: Ырымдарға қатысты қосымша мағлұматтар жинау. Қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарын жаттату.

Қорытынды

Ырымдар әлі күнге дейін қазақ халқының өмірінде ерекше орын алып келеді. Соның ішінде зерттеу жұмысы кезінде ырымға сенбейтін бірде бір отбасын көрмедім.

Менің осы ғылыми жобамда мынандай ұсынысым бар:

  • Ырымдарға қатысты қосымша мағлұматтар жинау.
  • Қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарын жаттату.

 Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!”

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!”

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ халқының ырымдары (1.56 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт