Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Қарты бар үйдің қазынасы бар

Қарты бар үйдің қазынасы бар

Қарттар күні мерекесіне ареалған тәрбие сағаты.

30.07.2018

Содержимое разработки

«Қарттары бар үйдің қазынасы бар»

Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.Қайырлы күн, қымбатты да аяулы әкелер, ақ жаулықты аналар!

Жүгізуші:  Дүниеге келер бір рет Дария кеуде тау мүсін Құрыштан құйған құдірет Қарттарым аман саумысың? Шынымен де, жылдан жылға бұл күн «Қарттар күні» дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Жыл сайын сіздерді көрген кезде, жүректеріңіздің қуанғанын, кәріліктің сыр алғанын жылы жүздеріңізден байқаймыз. Ортамызда қадірменді қарттар бар, Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар. Арқасында нардың жүгін артқандар. Омырауға қос-қос орден таққандар. Дей келе Құрметті әкелер, әжелер, қасиетті қариялар, сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде ән-шашуымызды, қабыл алыңыздар.

 Ән:   «Асыл әжем» Назгүл

Жүргізуші:  Сөз кезегін мектебіміздің директоры Агысбаева Жания апай мен құрметті қонақтарға береміз.

Тілекбаева Ағлен: Төлеген Айбергенов “Ана”

Видеоролик: немере өтініші

Ән: « Менің қос Байтерегім »

Айбаршын: Абырой амандығың арта берсін Бақ дәулет қызығымен қатар берсін. Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп, Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін. Тыныштық елімізге бере берсін. Молшылық жерімізге ене берсін. Соғыстан ел жұртымыз аман болып Қызығын бейбіт өмір көре берсін Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін Тап-таза абыройлы болғаныңды Қазіргі ел билеген жастар көрсін

Мадина: Қарттарым жүректерің неткен дархан, Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң. Жолыңды жүріп өткен қарасам мен Оқитын келешекте бір-бір дастан Таң атып күн де шыққан өздеріңнен Жалындап жұлдыз жанған көзлеріңнен Тербедің көктем бағын самал болып Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

Слайд: «Қариялар азайып бара жатыр»

Жүргізуші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған, Зейнет емес бейнеттен арылмаған. Тәңірімдей табынып өтем мәңгі, Қариялар өзіңді ел сыйлаған, дей келе келесі кезекте сіздерге арналған сұрақтарымызды койсақ.

Сұрақ:

1.Ағиба аже Сіздің жастық шағыңызда бір әттегенай деген кезіңіз барма?

2.Сырым ата егер сіздің жастық шағыңыз қазіргі заманда болса не істер едіңіз?

3.Қазіргі заманда барлық жағыдай жасалған, бірақ адамдарға неге уақыт жетпейді

4.

Би: «Тфай-тфай» осылай тәтті қылықтарымен қуантып жүретін немере шөберелеріңіз көп болсын!!!!

Жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш - қуаттарыңыз ұзағынан болғай! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілейміз сонымен қатар бала- шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортамызда асқар тауымыз болып отыра беріңіздер.Бүгінгі мерекелік кешімізге келгендеріңізге көп алғыс білдіреміз.Келесі жақсылық кештерде жолыққанша аман-сау болыңыздар

Ән: Аке-ана

-75%
Курсы повышения квалификации

Современные методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қарты бар үйдің қазынасы бар (24.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт