
Үй жұмысы
Өткенге шолу.
Қазақ тілі

Шартты бағаныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз?
Жақсы да кек
жоқ
Ата көрген
Көз қорқақ,
-оқ жонар
қол батыр
Көп қорқытады,
Терең батырады
Қыс келсе,
қар жауады.
Қазақ тілі

Ақпанның он алтысы, бейсенбі
Сабақтың тақырыбы
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Ереже :
Басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас дейміз .
Сұрақтары: қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен?
Мысалы : Қыс келсе де , қар жаумады.
Қыс аяқталғанына қарамастан , қар жауып тұр.
Күн суытқанын біле тұра , адамдар жеңіл киініп тұр.

Оқулықпен жұмыс
131-жаттығу. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштарының астын сызыңдар.

ЖАРЫС САБАҒЫ
БӘЙГЕ

“ Қожансыр” ауылы
“ Жиренше шешен” ауылы
“ Алдар көсе” ауылы

.
І АЙНАЛЫМ

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасқа байланысты мақал-мәтелдердің сыңарларын табу

Мыңның түсін білгенше,
Бірдің атын біл.
- Көппен тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.
- Ауру қалса да,
әдет қалмайды.
- Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
сыны кетпейді.
- Аттан айырылсаң да,
Ер тоқымнан айырылма.

- Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
- Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
- Бір түлікке бай болғанша,
әр түлікке сай бол.
- Ырыс қашса да,
туыс қашпайды.
- Ағайынның азары болса да,
Безері болмас.

- Ағайын өкпеге қиса да,
Өлімге қимайды.
- Өле жегенше,
бөле же.
- Бас кеспек болса да,
тіл кеспек жоқ.
- Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,
адал сөйлеп жұртқа жақ.
- Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да,
Қарызын өтей алмайсың.

ІІ АЙНАЛЫМ

Берілген аяқталмаған сөйлем бойынша қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем құрау.

“ Алдар көсе” ауылы
Мен жыл мезгілдерінен жаз мезгілін ұнатсам да,...

“ Қожанасыр” ауылы
Мен жыл мезгілдерінен қыс мезгілін ұната тұра, бірақ...

“ Жиренше шешен” ауылы
Мен жыл мезгілдерінен күз мезгілін ұнатқаныма қарамастан, ...

www.ZHARAR.com
Рефлексия.
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Қандай әсер алдыңдар?
-Өз әсерлеріңді мына смайликтерге білдіріңдер.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Үй тапсырмасы
- 133- жаттығу. Төмендегі қарсылықты салаласты сабақтас құрмаласқа айналдырып жазыңдар