Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Химия, биология, география пәндер
Бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілген
сыныптан тыс шараның жоспары
тақырыбы: «Intel-mix » интеллектуалдық сайысы
сыныбы:5-8
өткізген: Керешова Б.А
27-сәуір.2016ж
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «Intel-mix» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:1.Оқушылардың биология,химия,физика сабақтарында алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
2.PISA әдістемесі бойынша балалардың шығармашылығын,логикалық ойлауын дамыту.
3.Оқушылардың танымдық белсенділігін көтеру,пәнге қызығушылығын арттыру.
Әдісі:Сыныпаралық сайыс:топтық жұмыс,жеке жұмыс,практикалық жұмыс.
Барысы:
Табиғаттың басты үш ғылымы,
Кездесті жолда бір жолы.
Таласты бастап кетті олар,
Ойланып көр қайсы маңызды.
Физика жәй сөз емес,
Бәрінен орны ерекше.
Физика сенім мен дәлел,
Себебі тұрар биікте!
Биология ғылымы емес қызықсыз,
Міндетті түрде білерміз.
Әр жерде, ылғи әрқашан,
Бар әлем ортақ үйіміз!
Оңай істі қиынға,
Мүмкін еместі мүмкінге.
Түсіңдірер ылғи әрқашан
Қызықты біздің химия.
Түсіңдірер құбылысты да,
Фотосинтез, жану бәрінде.
Табиғаттың үш ғылымы,
Тоғысты ғылым жолында.
Бір сендерді күтеді,
Ғылым мен білім қиылысында.
Дауды шешуге көмектесіп,
Маңыздысын анықта.
Бәрінде ал үйреніп,
Керек боп егер қалса.
Жүргізуші : Сіздерге кейбір ғылымның таңғажайып құпияларға толы құбылыстарын дәлелдеп, қай ғылымның маңызды екенін анықтауға мүмкіндік беріліп отыр. Сендер қандай сынаққа болса да дайын отыр деп ойлаймыз. Сіздерге сәттілік тілейміз.
Жүргізуші: Интел-микс сайысы әрқайсысыңыздың біліміңізді, интелектіңізді, қабілеттеріңізді көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Жүргізуші : 1 конкурс - командаларөздерінің «Есімхаттарын» ұсынады
Жүргізуші: 2 конкурс - ширату. «Шапшаңдықты үдетеміз» (карточканы кім бірінші көтереді)
Әр сұраққа ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Жауап дайын болған кезде командалар карточкаларын көтереді. Карточкаларын көтермеген команданың жауабы есептелмейді.
Піскен жұмыртқа мен шикі жұмыртқаны қалай ажыратуға болады?
Жауабы: Екі жұмыртқаны айналдыру арқылы білуге болады. Шикі жұмыртқа ұзақ айналады.
Жылу құбырларының жұмысы қандай құбылысқа негізделген?
Жауабы: конвекция
Өлі теңізге адамдар не себептен батпайды?
Жауабы: Өлі теңіз өте тұзды. Ал, тұзды судың тығыздығы жоғары.
Тоңазытқыштағы иісті химиялық жолмен қалай кетіресің?
Жауабы: Ағаш көмірі адсорбция қызметін атқарып, иісті сіңіріп алады.
Бұл өсімдікті шикілей тамаққа пайдаланбайды, ал пісіргеннен кейін лақтырып тастайды. Ол қандай өсімдік?
Жауабы: лавр жапырағы
Мысық қай бағытта құласа да неге аяғымен түседі?
Жауабы:ол өз құйрығын ауада айналдыра отырып жерге тігінен бағытталады.
Адамның ішкі органдарына зақым келтіретіндей электр тогын құрғақ тері ме әлде терлеген тері өткізе ме?
Жауабы: Терлегенде, себебі терлегенде бөлінетін тұз электр тогын өткізеді
Табиғаттың электрлік құбылысы
Найзағай
Үсіген кезде мұрын және құлақ не себептен ағарып кетеді?
Жауабы: Салқындаған кезде қантамырлар тарылып кетеді
Жүргізуші: 3 конкурс «Үй тапсырмасы».
Әртопқа(әр топ үйлерінен дайындап келген тәжірибелерін көрсетеді, бір топ 2 тәжірибе)
Жүргізуші: 4 конкурс –капитандардар конкурсы «Бейнеге ену»
Жүргізуші: Мен өзімді … деп елестетемін. Берілген тапсырманы химиялық, физикалық және биологиялық тұрғыдан баяндау. Әр топтан капитандар шығып тапсырманы таңдайды. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.
«Бейнеге ену» турының тапсырмалары:
І топ
Мен өзімді көбелекке айналатын дернәсілмін деп елестетемін. (Өз сезімдеріңді баяндап бер)
ІІ топ
Мен өзімді бақамын деп елестетемін. (өзіңді құрлық және суда қалай елестетесің?)
ІІІ топ
Мен өзімді жұмыртқаны жарып шығатын балапанмын деп елестетемін.
Жүргізуші : Әділ – қазылар алқасы топтардың креативтілігін, шығармашылығын, білімін бағалайды.
Жүргізуші : 5 конкурс «Робинзонада»
Конкурстың девизі:
«Қолдағы бар нәрсені пайдалан, артық ештеңені іздеме»Вилиас Фог.
Үстел үстінде: пияз, шеге, су, тұз, қиыршық тас, резеңке жіп, полиэтиленді пакет, стакан, табақша
Командаға тапсырмалар: Сіздер адам аяғы баспаған аралға тап болдыңыз, ол аралдан тек үстел үстінде тұрған заттарды тауып алдыңыз. Адам аяғы баспаған аралда ішетін ауыз су жоқ, сол себептен табылған заттарды пайдаланып теңіз суынан ауыз су алудың жолдарын ұсынып, жасап көрсет.
Дайын болған команда колдарындағы карточкаларын көтереді. Егер келесі топ басқа амалын ұсынса, ол бөлек бағаланады.
Жүргізуші : 5 конкурс «Сенің әрекетің» (жағдаяттарды шешу)
Жүргізуші :
Патша бұйрығы.
Бір күні патша өз иелігіндегі жерді аралауға барады. Орманның арасымен өтіп бара жатып бірінен-бірі асқан жиырма емен ағашын көріп,сұлулығына тәнті боп тұрып қалады.Содан қызметшілеріне : «Осы емендердің менің сарайымның алдында өсіп тұрғанын қалаймын» дейді.Патша қалауы –бұйрық,алайда жүзжылдық емендерді көшіріп отырғыза алмайсың?Ал қызметшілер әбден састы.Сіздер патша бұйрығын қалай орындар едіңдер?
Жауабы:бір шебер емендерді емес керісінше хан сарайын орман алаңқайына көшіріп әкелуге кеңес береді ,сөйтіп емендердің жанына патша сарайын соғыпты.Патша ағзам риза бопты.
2-топ:Құбырдағы ағын.
Жердің астында металдан жасалған су құбыры жатырЖөндеу жұмыстарын жасау үшін құбырдың шағын бөлігін қазып,ашқан.Ендігі кезекте құбырдағы судың қай бағытқа ағып жатқанын білу керек болды,құбырды тоқылдатып соғып,құлақпен тыңдап көру еш нәтиже бермеді.Құбырды кесуге не тесуге болмайды.Сіздер судың ағыс бағытын қалай анықтар едіңдер?
Жауабы:Құбыр металдан жасалғандықтан оны бір жерден тұрып қыздырамыз,жылы судың қай жаққа қарай қозғалғанынан ағыстың бағытын білуге болады.
3 топ:Алма арқалаған кірпі
Алма арқалаған кірпінің бейнесі бәрімізге де бала кезден таныс.Не үшін және қайда алып бара жатыр екен?Десекте кірпілерге қысқа азық қордың қажеті жоқ,қыс бойы олар аюлар секілді ұйқыға кетеді.Оның үстіне зоологтардың айтуынша кірпілер алманы тіптен де жемейді екен, олар бунақденеқоректілер дейді.кірпілер көп алманың ішінен ең шикісін,қышқылын таңдап алады екен.Қалай ойлайсыңдар кірпілер сонда алманы қайда алып бара жатыр?
Жауабы:кірпілер үстеріндегі паразит жәндіктерден құтылу үшін құрамында қышқылы бар жемістерді әдейі түйреп алады екен.Сол арқылы олар инелерін тазартып отырады.
Әділ-қазылар сараптап,бағалайды.
Қорытындылау
Биология:Білім биігінен көрінетін
География:гуманистик көзқарасы қалыптасқан
Химия:халықаралық додаларда топ жаратын
Физика:физикалық күші мен ақыл –ой қуаты тасыған
Еліміздің ертеңі-жас ұлан!
Өмірдің бәрі заңдылық,
Бәрі дәл, бәрі есеппен.
Өмірдің басты сырларын,
Ұғып ал,ұлан,кезекпен.
Талмайық,білім алайық,
Міне нағыз сол байлық!