Информатика пәнінен тест сұрақтары
5 сынып
1.Мониторға дейінгі арақашықтық неше см-ден кем болмауы керек?
а)30-40 б)50-60 в)60-70 г)70-80
2.Көзге арналған жаттығуды компьютермен жұмыс істеген уақытта қанша минут сайын орындап отыру керек?
а)10-15 б)20-25 в)10-25 г)5-10
3.Компьютер ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
а)монитор б)информ в)қызмет г)есептегіш
4.Дербес Компьютер неше бөліктен тұрады?
а)3 б)4 в)2 г)5
5.Пиксель деген не?
а)үшінші жаңа технология б)әмбебап компьютер в)монитор экранының ең кішкентай элементі г)плазмалық дисплей
6.INTERNET деген не?
а)бүкіл әлемдік желі б)ақпарат беруші жүйе в)зерттеу агенттігі г)кітапхана
7.Өзгенің туындысын рұқсатсыз иемдену деген не?
а)интернет б)жауапкершілік в)плагиат г)қылмыс
8.Иерархия деген не?
а)бумалар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады б)құпия сөз орнатылған сөз в)интернетке орналастырылатын ақпарат г)әлеуметтік жүйені қолдану
9.Белгілі бір атауы бар дискідегі мәліметтер жиының қалай атайды?
а)бума б) сервер в) файл г) таңбаша
10.Ең алғашқы вирус қандай атпен пайда болды?
а)Brain б)Rich в)Than г)Window
11.Кеңінен таралған антивирустық программаларды ата
А) Windows, Avira б) Brain, Panda в) Dr.Web, Norton г)Afree, Nod
12. Құжаттың ақпараттық өлшемін кішірейту қалай аталады?
а)Талдау б)Мұрағаттау в)Жинақтау г)Білу
13.Сайттың Интернеттегі адресін қалай атайды?
А)Домен (уйшік) б)Плагиат в)Амега г)Опера
14.MP3-деген не?
А) мәтіндік ақпарат б)бейне ақпарат в)Дыбыстық ақпарат г)тыңдаулық ақпарат
15.Браузер қай тілден енген?
А)Ағылшын б)Грек в)Қазақ г)Иран
16. Бумаларды неше топқа жіктеуге болады?
А)2 б)3 в)5 г)3
17.Экран бетіндегі меңзерді басқарушы тетік?
А)перне тақта б) диск в)тінтуір г)дизайн
18.F1-F12: қай негізгі қызмет атқарушы топқа жатады?
А)алфавиттік сандық б)Қосымша сандық в)функционалдық пернелер г)басқару пернелері
19. Бүкіләлемдік өрмек қалай белгіленеді?
А)WWW б)ARPANET в)WORLD г) https
20.Проект сөзі қай тілден енген?
А)Ағылшын б)Грек в)латын г)Британ