Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  Прочее  /  Ілиясм Жансүгіров сыныптан тыс іс-шара

Ілиясм Жансүгіров сыныптан тыс іс-шара

сценарии вне классного мероприятие посвещенному Ілиясу Жансугурову

13.03.2019

Содержимое разработки

Тақырыбы : «Ілияс оқулары» байқауы

Мақсаты:

Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерінт аныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.

Кіріспе сөз:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, өнер сүйер қауым! Ілия Жансүгіров оқулары байқауына және бүгінгі кешіміз қазақ әдебиетінің қос жұлдызы Мұқағали Мақатаев пен Ілияс Жансүгіров ақындарымызға арналады.

Енді осы байқауға сайыскерлеріміздің оқу мәнерін, ақынға арнаған арнау өлеңдерін,әнді орындау сазы мен сахналық шеберлігін, інкәр сезімдерінен өлең өрнектеген жас ақындарымыздардың дарындылығын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1. Мектеп директоры Котова Людмила Индюновна

2. Қараша Қараман

3. Тәрбие ісі жөнінің орынбасары Акишева Жұлдыз Мейрамовна

4. Бастауыш сынып мұғалімі Тенсоветова Ақжарқын Бауыржанқызы

5. АӘД пәнінің мұғалімі Қылханов Сағдат Нұржанович

1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.   

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын  тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

Бүгін менің туған күнім,

Ой пәлі – ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен  жансыз суреттері.

2-жүргізуші:

 «Қазақ сөз өнерінің дүлдүлі – Ілияс Жансүгіров» жас ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттау, ұрпақ жалғастығын жаңғырту. 1-жүргізуші: «Мен өзім тауда туып тасында өстім» деген ақынымыз Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.

1-жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

ІІ кезең «Прозадан үзінді» 

ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңде оқушылар

Ілияс ақынға арнаған өз арнауларын оқиды.

2-жүргізуші:

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. (Слайд көрсетіліт жатады)

1-жүргізуші:

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,- деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді.

Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.

(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)

2-жүргізуші:

І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз » ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

Мамутова Алсу 8 сынып оқушысы

Эсмерова Амина 5 «Б» сынып оқушысы



1-жүргізуші:

Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын.

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,

Есенин мін демедім ешкімге мен,

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...

Деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген.

Серік Асқарұлының орындауында «Елім менің»әні

2-жүргізуші: Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада  қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

ІІ кезең «Прозадан үзінді»  оқитын қатысушыларды ортаға шақырамыз

Нурлыбекқызы Назерке 5 «А» сынып оқушысы

Павлова Дана 6 сынып оқушысы

1-жүргізуші:

Жақындық сеземін-

Жерден де, аспаннан,

Жылылық сезінем-

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін шығарман,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-

Деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали ортамызда әлі де тіріекеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйгеніне куә.
2-жүргізуші:

ІІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңдеоқушылар Ілияс ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды. Қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Еренгайпова Альмира 5 а сынып оқушысы

Бауыржанұлы Ислам 5 Б сынып оқушысы

Бүгінгі таңда біздің мектеп оқушыларымыз қазақ тілінің дамуына

Үлестерін қосып, аудан бойынша иеленген жүлделерімен танысыңыздар.

Эсмерова Амина 5 «Б» сынып оқушысы «Қазақстан - бақытымның ордасы» байқауының «Сөз шеберінің» бас жүлдегері .

Иванова Лиза 8 сынып оқушысы Ілияс оқуларының жүлдегері

Эсмерова Фатима 11 сынып оқушысы және Мамутова Аймелика аудандық олимпиаданың 3 орын иегерлері.

Абдугаитова Камилла 6 сынып оқушысы Ғылыми жоба жұмысының иегері.

Руфина

Курдова Мадина Ілияс оқуларына байқауына қатысып үздік сөз шебері номинациясына ие болды.

1-жүргізуші: 

Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге. 
Ал енді әділқазылар алқасы шешімдерін шығарып болғанша, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарын оқушылар мәнерлеп оқиды.

2-жүргізуші:
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
1.Бандаренка Катарина 11 сынып оқушысы «Ақынды ақын оятпаса болмайды»

2.Эсмерова Фатима11 сынып оқушысы «Елім барда»

3.Бешли-оглы Марина 11 сынып оқушысы «Анашым»

4.Мамуч-оглы Кристина 11 сынып оқушысы «Сәби болғым келеді»

5.Мамутова Малика 9 сынып оқушысы «Отан»

6.Дуз-оглы Зинаида 8 сынып оқушысы «Үш бақытым»

7.Еренгайыпқызы Аяла 3 «А»сынып оқушысы «Ана сен бақыттысың жыламағын»

8.Әлібек Айзере 3»А» сынып оқушысы «Дос болам десең»

1-жүргізуші:
Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!
2-жүргізуші:
Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
Ән: Туған жер орындайтын Еренгайпова Альмира.



-80%
Курсы дополнительного образования

Стрижка волос. Мужские стрижки

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ілиясм Жансүгіров сыныптан тыс іс-шара (25.42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт