Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Планирование  /  5 класс  /  Ильяс Жансугиров

Ильяс Жансугиров

А?ынны? "Домбыра" ж?не "К?й" шы?армаларына талдау жасал?ан.

12.02.2017

Содержимое разработки

Ілияс Жансүгіров - лирик ақын.

Ақынның «Домбыра» атты өлеңі


Өнер өлкесінен өріле өскен Ілияс Жансүгіровтің қаламынан жансызға үн бере отырып, әлемге әуезді сән келтіре суреттеген өлең иірімдері көп-ақ. Қазақтың ауыз әдебиетінен, Абай атамыздың поэзиясынан сусындап ішкен Ілияс аға қазақтың поэтикалық тіл мәдениетіне ерекше үлес қосты. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық құндылықтарымыз. Осындай ұлттық символымызды өз жырының қастерлі де ерекше құбылысына айналдырған ақынның «Домбыра» атты өлеңіне тоқталғанды жөн көрдім.

Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол қазақтың өмірінде маңызды орын алады. Домбыра шертілгенде қазақтың кең-байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н.Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі болса керек. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман-мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы алғанда, тарихы күй болып төгіледі.

І.Жансүгіров домбыра үнін бізге сөзбен жеткізу үшін көркем, сырлы сөздерді әдемі шеберлікпен қолданған. Әрбір сезім, қимыл, көрініс, құбылыс ақын өлеңінде жалаң берілмейді, үнемі тапқыр теңеумен, ұтымды эпитетпен, метафоралар, т.б. арқылы бейнеленіп отырады. Мәселен,


Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда?
Сылдыр-сылдыр

Сар қамыстан

Төгілді жыр,

Өрді алыстан.
Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай
Өлді арыстан
Ат шапқандай
Жер қайысқан.

Жоғарыдағы өлең жолдарын ақын дамыта суреттеген. Домбыраның көмейінде күй барда оның күшін үлкейте, асқақтата өрбітсе, бірде тұншықтыра бәсеңдетеді. Ақын домбыра құдіретін көркем сөзбен кестелеген. Ондағы теңеулер – тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дабыстай, барыстай, жарыстай, т.б. және эпитеттер – қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра, әсем күй сияқты айшықты сөздер өлең мазмұнын аша түседі. Жыр Құлагері домбыра бейнесін шеберлікпен суреттей отырып халықтың рухани байлығының бейнесін де айшықтаған. Сондай – ақ, домбыраның даралығын, асыл мұра екенін «Күй», «Күйші» поэмаларынан аңғарамыз.

Алатау күй тыңдады ауылдай боп,

Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп.

Аңқылдап алтын жүрек домбырадан

Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп.

Үшінші жолында ақынның «алтын жүрек» домбыра дегені аспаптың асылдығын күйшінің мәңгілік соғып тұрған жүрегі іспетті керемет жеткізеді. Домбыраны алтын жүрекке балап эпитетті, метафораны қолданған.

І.Жансүгіровтен өзге де қазақ өлеңінің тарихында домбыраны жырға қосқан ақын көп. Әрқайсысы әр түрлі стильде жырласа да, ортақ тақырып, ортақ ұқсас тұсы бар, ол – ұлтының ұлы аспабына деген иісі қазақтың ерекше құрметі, сезімі, ойы.

Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін Қадыр Мырза Әлі  «Домбыра» өлеңінде:

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.

Нағыз қазақ – қазақ емес,

Нағыз қазақ – Домбыра! - деп екі-ақ ауыз сөзбен түйіндейді. Расында да қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі – ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мәңгілік тақырып.

Қашаған жыраудың:

«Қолымдағы ағашым –

Алып жүрген домбыра.

«Домбыра – күнә» деген сөз –

Тек бір айтқан дабыра.

Пайғамбарым туғанда,

Бесік болған бұл ағаш.

Ыбырайым Кәғбә салғанда,

Мешіт болған бұл ағаш.

Ықырам үйдің алдында,

Есік болған бұл ағаш» деп төгілте жырлағаны – домбыра.

Одан берідегі Жұмекен:

«Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, өзіңсің, екіншісі – домбырам», – деп, ұлы мен ұлтының мұрасының қаншалықты ардақты, қаншалықты құнды екенін өлеңі арқылы көрсетеді.

«Әу, демейтін қазақ жоқ» дегенмен ескіліктің көзі болып қалған домбыраны қазіргі кездің жастарының бәрі толық біле бермейді. Шетелдік музыкаға еліктеу, домбыра үнін жақтырмау халық арасында баршылық. Осы аспаптық өнерімізді өркендетуді  үлкен мақсат деп алып, дамыту қажет. Себебі, оның құдіретті үні бүкіл қазақ тарихын, психологиясын, идеологиясын жеткізетін үлкен қызметі бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Ақынның тек қазаққа тән киелі домбырасын жырына дамыта асқақтатуы - бүгінгі жастарымыздың бойына ұлттық қасиетімізді қуаттандырмақ болуы деп түсінемін.

Музыканы поэзияға айналдырған, сазды үнді сырлы сөзге ұластырған поэзиясының қайнар бұлағынан мәңгі сусындап өссек, өлмес құндылықтың қазығын қағарымыз хақ.

Ілиястың поэзиясының ауқымы қаншама мол, шалқар болса, оған айтылар ой-пікір де құнды, кең болмақ және құнын ешқашан жоймайды.






















«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі






І.Жансүгіровтің

«Домбыра» өлеңі.

(1-айдар)








Орындаған: №10 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Чанбаева Мариям















2015-2016 оқу жылы




Ілияс Жансүгіровтың «Күң өлімі» атты әңгімесінен үзінді


Қысқаша мазмұны:

«Күң өлімі» әңгімесі - жазушының алғашқы туындыларының бірі.

Ол 1922 жылы  жазылған. 1933 жылы Семейде шыққан «Толық жинағының» 2-томында, «Жол аузында» (1935) деген әңгімелер жинағында жарияланды. Сонымен бірге  әңгіме қазақ  әйелдерінің тұңғыш  басылымы - «Жетісу әйелі» журналында  жарияланған. Онда  төңкеріске  дейін  күңдікте  жүрген Алқа  атты  әйелдің  ауыр  тұрмысы, қайғылы  халі  бейнеленген. Әңгімеде күң  мен құлдың  аянышты  тағдыры  көз  алдыңа  келіп,  оның балаларының болашағы алаңдата бастайды. Өмір  шындығының шынайы  суреттері әрі қарай  ынтықтыра,  шығарма  шырайын  әрлендіре түседі. Бұл  әңгіменің шынайы,  боямасыз  болатын  себебі,  Ілияс Алқаны  өз  көзімен  көріп, әңгімелескендігі туралы  дерек  бар /1965 жылғы «Жұлдыз» журналының

№5 саны/ Алқа жайында  былай  деп жазады: «Алқа егде  тартқан   кісі еді, өңі сіріңке  қара. Мінез  орнында  ерекше  қуаныш  минуты болмаса, қабағын ашып, ыржиып күлген  емес. 




Айлар өтті. Жылдар өтті. Дүние дөңгелегі тоқтаусыз өзінің зырлауында. Жас өсіп, жарлы байып, кедей бай болып, бай кедей болып, тұрмыс жаңадан жаңаға айналып кетті. Николайдың неше сайлауында би болып келген Сандыбай да енді «шен құмарлықты» тастап, үлкен, жұрт аузына қарайтын ақсақал болды, балалары ер жетті...

Ауыл арасының сөзінен қалмайтын Сандыбайдың Жоңқабайы да әкесінің жолына түсіп келе жатыр. Солай-солай заман жаңаланды. Күні біткен кісілерді жерге тығып та жатыр. Бұл уақытта Алқаның Қасені де қозы бағып, одан әрі ер жетіп қойшы болып, осы жылдан бері жылқышы болып, бие сауып, ат ерттеп «дөкей табан» жалшы болып еді. Алқаны айтсақ, өзінің тиісті жұмыстарында. Алқаның маржаны «қалың мал қалады» деген лақапқа күйіп, астыртын жеті түйе, бір аттың малына 13 жасында, Сандыбайдың кіші тоқалының төркінінің жақыны, Жапар тазға Жоңқабайдың ұйғарғанымен ұзатылып кеткен еді. Алқа алған қалың малдан маңдайы терлеп, ішіп-жемесе де, Сандыбайдың жалпы малының есебіне қоса салынып, қонақ-қопсы, құда, құдағиларға ұсталып, азайып, құрып кете барған еді.

Алқа өзінің Маржанын сағынып, барғысы келсе де, Маржанның кеткен жағын, барған елін айрықша білмейтін де. Анда-санда көзінің жасын сорғалатып, от басында ғана сағынып жылайтын. Содан бері Маржанын көрген жоқ...




«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі












Ілияс Жансүгіровтың

«Күң өлімі» атты әңгімесінен үзінді




Оқитын: №10 орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Чанбаева Мариям.




-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ильяс Жансугиров (21.85 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт