Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Презентации  /  6 класс  /  Ежелгі Грекия

Ежелгі Грекия

Жоспар

  • Географиялық орналасуы
  • Ежелгі қалалары
  • Наным-сенімі мен сәулет өнері
19.05.2018

Содержимое разработки

Ежелгі грекия

Ежелгі грекия

Жоспар Географиялық орналасуы Ежелгі қалалары Наным-сенімі мен сәулет өнері

Жоспар

  • Географиялық орналасуы
  • Ежелгі қалалары
  • Наным-сенімі мен сәулет өнері
Ежелгі Грекия  немес  Эллада  гр.  Ελλάδα ) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.

Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиада ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.

Солтүстік-батыс жағында Ежелгі Грекия Иллириямен, солтүстік-шығысында Ежелгі Македониямен, батысында Ион (Сицилия) теңізімен, шығысында - Эгей және Фракий теңіздерінің суларымен жуылған. Негізгі үш аймаққа бөлінген: Солтүстік Грекия Орта Грекия Пелопоннес.

Солтүстік-батыс жағында Ежелгі Грекия Иллириямен, солтүстік-шығысында Ежелгі Македониямен, батысында Ион (Сицилия) теңізімен, шығысында - Эгей және Фракий теңіздерінің суларымен жуылған.

Негізгі үш аймаққа бөлінген:

  • Солтүстік Грекия
  • Орта Грекия
  • Пелопоннес.
Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. 

  Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты

Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.

Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.

Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің “Афина политиясы”.

Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды Сократ Геродот Аристофан

Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды

Сократ

Геродот

Аристофан

Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 — 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ.

Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Оларда көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты

Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Оларда көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды.

Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.

Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. 

Олимпиялық ойындар Палепоннестің әдемі жеріне орналасқан олимпия қаласында өткізілген. Гректер үшін Олимп қасиетті жер. Оның ортасында Зевс құдайына арналған храм бар. Ойын Зевс құдайының құрметіне төрт жылда бір рет өткізіліп отырған.Бұл ойындарда атлеттер: жүгіруден, секіруден, диск пен найза лақтырудан өздерінің ептіліктерін, мықтылықтарын сынға салды.Тұңғыш Олимпия ойындары б.з.б 776 жылы өтті. Ойын үнемі жаз айларында болды.

Гректерде діни нанымдар б.з.б XI-IX ғасырларда пайда болған.Халық ауа райының тосын және ауыр жағдайларын құдайлардың ісі деп есептеген. Құдайлар бірдей мейірімсіз, мейірімді бола алады деп сенген-мыс. Олар 46 - ға жуық құдайларға сенген. Халық оларды Олимп тауының шыңында, өз сарайларында тұрады деп сенген. Гректер құдайларға құрбандық шалған, храмдар тұрғызған, олар жайлы аңыздар шығарған

Грекияда б.з.б V ғасырда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды. Әсіресе, Афины ерекше гүлденіп, әсем қалаға айналды. Афинаның ең көрікті жері акрополь мен агора болып саналған. Бұл жерлерде храмдар, театрлар, әкімшілік ғимараттар, шонжарлардың әсем үйлері орналасты. Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған: коринфтік, дориилік, иониилік.Дориилік стиль қарапайым плиталармен көмкерілеген сәнді бағаналар. Ал, иониилік және кориинфтік стиль - сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар

-80%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ежелгі Грекия (3.56 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели