Сабақ тақырыбы. Ерлер шалбарын дайындау тәсілі
Сабақтың білімділік мақсаты: Ерлер шалбарын дайындау технологиясын ,бірізділік арқылы өңдеудің тәсілдерін үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жауапкершілігін арттыру , ой-өрісін дамыту, дұрыс шешім қабылдау нәтижесіне баулай отырып,өз мамандығына керкеті білімді еске сақтап,іздену қабілеттерін арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу. Мамандығана деген сүйіспеншілігін арттыру, жабдықтарды ұқыпты қарауды,тігіншілік өнерді дамыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі мен құрал - жабдығы: нұсқау карта, жаңа сабаққа керекті видеолар мен суреттер жинағы,таблицалармен ,сұрақтар жинағы.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық.
Сабақтың барысы.
Сабақ жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау:- дүкенге саяхат.
3. Жаңа сабақ. Ерлер шалбарын дайындау тәсілі
Ерлер шалбарларының түрлері ,сипаттама беру.
-Пішімді бөлік атаулары.
- Өңделу бірізділігі.
-ЫЖӨ тәсіл.
4. Сабақты бекіту.
5. Сабақты қорытындылау.
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу.
ә) жоқ оқушыларды белгілеу.
б) жұмыс орнын сабаққа даярлау және студеннтердің көңілін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақтар:1.Тігін машинасындареттік номермен сабақтау тәсілін көрсету?
2.Шөлмекті қалай саламыз,астыңғы тігістің нашарлығын қалай реттейміз?
3.Тігін машинасында отырғанда қандай құралдар қажет?
3.Жаңа сабақ түсіндіру: Ерлер шалбарын дайындау тәсілі
Бұйымға сипаттама: Ерлер классикалық шалбары.Артқы бойында екі әдіпті рамкалық қалтасы орналасқан.Түймелігі гульфикпен сыдырма арқылы өңделген.Белдігінде белдік ұстатақыш орнатылған.Бүірінде тіске түскен бүйір қалтасы бар,Біріңғай сұр түсті ,алдыңғы бой астарланған.
Пішінді бөлшек атаулары:
1-2 Бүйір қиығы,
2-3 жоғарғы қиық
3-4ортаңғы қиық
4-5 адым қиығы
5-1 шалбардың төменгі қиығы Шалбардың өңделу технологиясының схемасы:
1-Бүкпелерін өңдеу
2-Бүйір қалтасын өңдеу,ыжө жасау
3-Артқы бойдағы екі әдіпті рамкалы қалтаны өңдеу, ыжө жасау
4-Бүйір ,адым қиығын өңдеу, ыжө жасау
5-Түймелікті сыдырмен гульфик арқылы өңдеу. ыжө жасау
6-Шалбардың жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу, ыжө жасау
7-Шалбардың балағын өңдеу, ыжө жасау
8-Түймелік жасаау
9-Соңғы өңдеу ,соңғы ыжө жасау.
Ылғалды жылу өңдеу тәсілі:
4.Сабақты бекіту :
Суретте қандай өңделу операциясы жоқ соны тап
5.Үйге тапсырма : схемаға қарап өңделу бірізділігін жасау.
6. Бағалау.