Еңбектің наны тәтті
Хайрат Перизат
04.03.2017 ж
Шахтинск қаласы
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік туралы айта отырып дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы
түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын
дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
1. Шаттық шеңбері
Еңбек – бәрін жеңбек
Дәйексөз
Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап.
Абай
Әңгімелесу:
- Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
- Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
- Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
Тапсырма.
Суреттерге қарап, еңбектің түрін анықтау.
Сахналау:
«Қайдан келдің, бауырсақ?» Ө. Тұрманжанов
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ :
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ :
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ :
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ :
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген
Дәптермен жұмыс
«Еңбек – бақыт бастауы» әңгіме жазу
Жүректен жүрекке
Бір – біріне жүрекжа р ды тілектерін айту
- Жақсы болыңыздар!!!
- Жақсылық туралы ойлаңыздар!
- Жақсы нәрсе айтыңыздар!
- Жақсы нәрсе тыңдаңыздар!
- Жақсы нәрсе көріңіздер!
- Жақсы әрекет жасаңыздар!
Бақытқа жеткізер жол – осы!
Назарларыңызға рахмет !