Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Мероприятия  /  2 класс  /  Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы

В данной работе учитель приводит разработку классного часа проведенного в честь 25 летия Независимости Республики Казахстан и приурочена к Дню Первого Президента Республики Казахстан

12.12.2016

Содержимое разработки

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Жүнісбай Қайыпов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Тохтахунова Жаңылхан Желанбаевна


Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы.

Мақсаты:

  1. Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру

  2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.

  3. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: суреттер,шарлар, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап


Барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде


Ән:Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

ІІ. Негізгі бөлім

Зәуре:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Динара:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Зәуре:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Динара:

Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Зәуре: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Динара:

Н.Ә.Назарбаев кім?

Күнжан: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Әсем: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Әлия:Жасынан зерек, алғыр азамат ол металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 25 жыл өтті.

Айдос: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

Аршын: Нұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

Зәуре: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Динара:

Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Ислам:

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.

Мәулетәли:

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың

Қазақтың асқақтатар өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.

Ролан:

Ұл едің қатарынан артық туған,

Еңбекке жастайынан белін буған.

Танытып әрбір елге белін буған,

Жастарға жалын бердің білім қуған.


Ақниет:

Отан деген-әр адамның жүрегі,

Оған ел де, жер де, су да кіреді.

Отанымды бар әлемге паш еткен,

Президентім-мақтанышым, тірегім.
Ән: «Елбасы»

Аяулым:

Сәулесі күн шатырлы аспан,

Кең дала төсі толқыған егін.

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан –Республикам менің.

Ақерке:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

Аружан:

Барша қауым бейнеттен арылғанда,

Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.

Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,

Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

Жасұлан:

Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.

Зәуре:

Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.

Бұрлен:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

Іңкәр:

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі.

Камила:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

Жанат:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

Алуа:

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

Сабина:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Динара:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Зәуре: 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тұңғыш Президент  күні құтты болсын!


-80%
Курсы дополнительного образования

Авторская песня: жанровые особенности

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Елін сүйген Елбасы (173.19 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт