Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  2 класс  /  Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18; 100–82

Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18; 100–82

Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18; 100–82

12.01.2018

Содержимое разработки



Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Менің мектебім»

Күні: 16.11.2017 ж

Сынып: 2 «Г»

Мектеп: Талдықорған қаласы №25 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Зарипов Нурбек Асылович

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18; 100–82

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.

Сабақмақсаттары

Барлық оқушылар:

Жазбаша тəсілмен есептеулер жүргізеді, тексеру орындайды.

Көптеген оқушылар: Жазбаша тəсілмен қосу алгоритмін қолданады.

Кейбір оқушылар: Барлық есептеулерді қатесіз орындайды, осы түрде есептеу мысалдарын табады жəне құрастырады.

Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды қосу және азайтуда жазбаша түрдегі орындау алгоритмін қолданады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар алгоритм сөзімен танысады, тақырып бойынша сөздік қорлары молаяды

Құндылықтарды дарыту


Бірін –бірі тыңдайды, жұптасып тапсырма орындайды, диалогтіксөйлесу мәдениеті қалыптасады

Пән аралық байланыстар

Қазақ тілі, дене шынықтыру

АКТ қолданудағдылары

Интербелсенді тақтадан көру,есту,түсіндіру дағдылары қалыптасады

Бастапқы білім


Разрядтан аттамай екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың

басы


1.Ұйымдстыру кезеңі

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға,

Алға қадам аттаймыз!

Рахмет балалар, бәріміз жұмыс жасауға бет аламыз.

«Таза тақта» әдісі

«Футбол »ойыны арқылы өткенді қайталау.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып, ілінеді, содан кейін әр сұраққа жауап беріп,ілінген сұрақ немесе ережені алып отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

  1. Есептеуді баған түрінде жазғанда ондықтың астына ондықты жазамыз

  2. Есептеуді баған түрінде жазғанда сол жақтан бастап есептейміз

  3. Қосу амалын орындағанда бірліктерден бастап қосамыз.

  4. Азайтқанда ондықтардан бастап азайтамыз.

  5. Жауабы ең соңынан оқылады.



.Дұрыс жауап берген оқушыларды бағдаршам арқылы бағалау.



Интербелсенді тақта























тақта












Сабақтың ортасы


1.Сұрақ-жауап:

Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлап, сұрақ қояды:

  • Мектепте қандай спорт үйірмелері бар?

  • Үйірмеге, секцияға қатысу қандай қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді? (Жауапкершілік, дербестік).

  • Сүйікті үйірмесіне барғысы келетін оқушы нені үйренуі тиіс?

Сұхбат барысында оқушылар ол үшін не керек екенін еске түсіреді:

  • үйірме сабақтарының кестесін еске сақтап, уақтылы қатысу;

  • үйірме сабақтары үшін қажетті заттардың барлығын еске сақтап, жинап, алып келу;

  • өз уақытын барлығына үлгеретіндей етіп ұйымдастыру.

Оқушылар санау білігі осы қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі деген қорытындыға келеді. Олай болса біз бірнеше спорт түрлерінен сайысқа түсеміз



  1. Тақтамен жұмыс .«Тоғызқұмалақ» ойыны

Балалар өздерің білетіндей шахмат ойыны ойлануды талап ететін күрделі ойындардың бірі. Сол себепті бүгінгі сабағымызда берілген есептерді өзіміз ойланып шығарып көрейік. Тақтаға оқкшылар шығып есептерді түсіндіре шығарады.

М.Т

.46+14; 60–14; 82+18; 100–82 түріндегі қосу және азайту амалдарын тақтадан түсіндіру.

46+14; 60–14;

Ондықтарды ондықтардың астына, бірліктерді бірліктердің астына жазамын

Бірліктерін қосамын:

6+4=10=1онд.0 бірл. 0-ді бірліктердің астына жазамын. Ондықтарға қосу үшін 1 ондықты есіме сақтаймын.

Ондықтарды қосамын:

4онд.+1 онд.+1онд=6 онд

Жауабы: қосындының мәні 60-қа тең....

82+18 100–82

Ондықтарды ондықтардың астына, бірліктерді бірліктердің астына жазамын

Бірліктерді қосамын:2+8=10 немесе 1 онд.0 бірл. 0-ді бірліктердің астына жазамын, ал 1 ондықты есіме сақтаймын

Ондықтарды қосамын 8 онд.+1онд+1онд =10 онд = 1 жүзд. 0-ді ондықтардың астына және 1-ді ондықтардың сол жағына жазамын.

Жауабы қосындының мәні 100-ге тең

2 Т.Ж «Волейбол» ойыны

Әр топқа есептер беріледі. Оқушылар сол есептерді шығарып, әр топ бір-бірінің жұмысын тексереді.



Топтар бір-бірінің жұмысын тексері, Бас бармақ арқылы бағалалайды.



3. Ж.Ж «Шахмат» ойыны

Дәптермен жұмыс. №1 есеп (16-бет)

Баған түрінде жазып емерте. Дұрыстығын тексер.



«Күлегештер» арқылы бағалау.



Сергіту сәті:

«Мозайка құрастыру» Берілген есептерді шығару арқылы мектептегі спорт үйірмелерінің суреттерін құрастырады.





3. (Қ.Б) Саралау тапсырмасы

-Баған түрінде жаз және шығар.

18+ 22 59+31 40-18 90-31



































Дескриптор:

-Екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу/ азайтудың жазбаша орындау алгоритмін түсіндіреді және өрнектің мәнін табады.


























Интербелсенді тақта































Интербелсенді тақта

















































Жұмыс дәптері















Қима қағаздар



Сабақтың соңы

«Баскетбол» ойыны арқылы түсінгендерін тексеру мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы тақырып бойынша сұрақ (немесе есептер) қояды.





Баскетбол добы











Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





-Дұрыс жауап берген оқушыларға жапырақтар тарату арқылы бағалау.

-Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» арқылы бағалау.

-«Күлегештер» арқылы бағалау.

-«Бағдаршам» әдісі арқалы топтар бірін-бірі бағалайды



Уақытты тиімді пайдаланамын.

Сынып бөлмесінің ауасының тазалығын сабақ алдында

тексеріп алам.





Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?































«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 «Г» сынып жетекшісі Н.А.Зариповтың

2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие жоспарына сәйкес

13.11-23.11.2017 ж аралығында

1-2 сыныптар арасында өтілген онкүндіктегі сабағының есебі:


2 «Г» сыныбында 16.11.2017 ж математика пәнінен «Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18; 100–82» тақырыбында сабақ өткіздім. 2-сынып жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқытылғандықтан сабақ жоспарын қысқа мерзімді жоспармен жасадым.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес ортақ тақырып Менің мектебім, бөлімшесі Мектептегі спорт үйірмелері. Сабағымнаң мақсаты 2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану. Сабағымның мақсатына сәйкес оқу мақсаттарын және бағалау критерийларын қойдым. Яғни оқушылар екі таңбалы сандарды қосу және азайтуда жазбаша түрдегі орындау алгоритмін қолданады.

Сабағымды ұйымдастару кезеңінен бастап, балаларға сәттілік тіледім.

Сабағымның кезеңдерін ортақ тақырып және бөлімшеге сәйкестендіріп спорттық ойын атауларымен өткіздім. Үй тапсырмасын сұрамас бұрын оқушылардан үйірме туралы не білетіндері туралы сұралды.

Үй тапсырмасын «Футбол» ойыны арқылы тексердім. Тақтаға футбол добының суретін іліп астына өткен тақырып бойынша сұрақтар мен ережелер жазылды. Бірнеше оқушылар сұрақтарға жауап берді.

Қалған оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы, яғни дұрыс жауап берсе жасыл, қате жіберсе сары, ал жауап бере алмаса бағдаршамның қызыл түсін көтеріп бағалады.

Жаңа тақырыпты «Тоғызқұмалақ» ойыны арқылы оқушылар тақтаға шығып, тақырыпқа берілген есептерді өздері шығарды. Жаңа тақырып болғандықтан есепті шығаруда қыйналған оқушыларға сыныптастары көмектесті. Соңында есептің шығарылу ретін өзім түсіндірдім.

Бұл ойын ойлануды қажет ететін болғандықтан осылай түсіндірдік. Оқушылар есеп жауаптарын дұрыс таба білді. Есептепрді дұрыс шығарған оқушыларды «Күлегештер» арқылы бағаладым.

Топтық жұмыс «Волейбол» ойыны

Әр топқа есептер берілді. Оқушылар сол есептерді шығарып, әр топ бір-бірінің жұмысын тексерді. Әр топ есептерді шығарып болған соң дұрыс жауабы бар парақтар таратылды.



Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалады.



Дәптермен жұмыс «Шахмат» ойыны дәптердегі 16 беттегі №1 есеп

Баған түрінде жазып есепте. Дұрыстығын тексер. Оқушылар берілген есептерді баған түрінде орындап, тексерді. Сабаққа белсенді қатыспай отырған оқушыларды тексеріп, «Күлегештер» арқылы бағаладым.

Сергіту сәтін ортақ тақырыпқа сәйкестендіріп алдым. «Мозайка құрастыру» ойыны. Берілген есептерді шығару арқылы мектептегі спорт үйірмелерінің суреттерін құрастырды.

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға Саралау тапсырмалары таратылып берілді. Тапсырмаға нақты дескрипторлар құрылды. Берілген тапсырмаларды жинап алдым.

Сабақтың соңында түсінгендерін тексеру мақсатында «Баскетбол» ойыны ойнатылды.

Оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы тақырып бойынша сұрақ (немесе есептер) қойды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап берді.

Сол арқылы сабақты қаншалықты түсінгендерін білдім.

Сабақ бойы қалыптастырушы бағалауды үнемі жүргізіп отырдым. Сыныптың басым бөлігі сабаққа белсене қатысып отырды. Сабаққа кейбір оқушылар белсене қатыспады ол оқушыларға алдыңғы тақырыптарда қосымша жұмыс жүргізіп, өз деғгейлерінде тапсырмалар орындатамын. Жалпы мен сабаққа қойылған оқу мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие пространственных представлений школьников в обучении математике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмі.46+14; 60–14; 82+18; 100–82 (1.62 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт