№ 12 сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
| Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық |
Курс, топ
| 1 курс |
Модульдің атауы/пән
| Физика |
Оқытушы
| Кабзолданова А.С. |
Мерзімі
|
|
Сабақтың типі
| Аралас
|
Сабақтың оқу мақсаттары
| Бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану |
Сабақ мақсаттары | Идеал газдың ішкі энергиясы туралы мағлұмат алу. Идеал газдың ішкі энергия формуласын бір атомды және екі атомды газ үшін қолданып есептер шығару. Жылу мөлшері және жылу алмасудың молекулалық көрінісін тұжырымдау. Термодинамикадағы жұмыстың қандай физикалық шамаларға тәуелділігін график арқылы түсіндіру |
Бағалау критерийлері
| ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілі бар екенін біледі; ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін сипаттап, қорытынды жасай алады. жылу мөлшері ұғымын біледі; металдардың молярлық жылу сыйымдылықтарының формуласын анықтай алады; жылу баланс теңдеуің есеп шығаруда қолдана алады. идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолданады |
Оқу-әдістемелік, техникалық жабдықтау, анықтамалық әдебиет | Интернет желісі, Microsoft PowerPoint презентация
|
Пәнаралық байланыстар
| Математика. Идеал газдың ішкі энергиясын есептеуде математикалық талдай жасай алуға дағдыландыру. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады. Химия, биология пәндерінің терминдермен тығыз байланысты. |
Сабақтың барысы
Жоспарланған мерзімдер
| Жоспарланған әрекеттер
| Ресурстар
|
0-1 мин. | І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасып, сабаққа дайындықтарын тексеру |
|
Сабақтың басталуы 2-10 мин. | Өткен тақырып бойынша кестені толтырыңдар. (1 тапсырма) Өткен тақырыпты тексеру. Жоспар: Физикалық шамалардың белгіленуін U, A, Q көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу және оқыту мақсатын жариялау. Жаңа сабақты өз бетімен игеру мақсатында «Түртіп алу » әдісін өткізу. Берілген тақырыпты студенттер жеке – жеке танысып, оқып шығады және маған таныс, мен үшін жаңа, мен білетін түсінікке сәйкес келмейді, тереңірек білгім келеді? деген сұрақтармен жұмыс жасай отырып әр студент өздерінің білімін толықтырады. «Бағдаршам» әдісін өткізу. Студенттердің жаңа білімді түсінгенін түстерді көрсету арқылы сұрау. Жасыл түс барлығы түсінікті, қызыл түс мүлдем түсініксіз, сары түс маған әліде уақыт керек. «Бағдаршам» әдісі арқылы студенттердің қаншалықты түсінгенін бағалау Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық |
|
Сабақтың ортасы
| Сабақ тақырыбын айту, мақсаттарын жариялау ІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің толықтауы: Дененің ішкі энергиясы: ретсіз қозғалған молекулалардың кинетикалық энергиясы мен молекулалардың бір-бірімен потенциалдық әсерлесу энергиясымен анықталады. ( жүйені құрайтын бөлшектердің қозғалыс және әсерлесу энергиясы)Идеал газдың ішкі энергиясы- ретсіз қозғалған молекулалар мен атомдардың кинетикалық энергиясының қосындысына тең. Идеал газ молекуласының әсерлесуі болмағандықтан потенциалдық энергия нольге тең. Сондықтан газдың ішкі энергиясы, молекула мен атомдардың орташа кинетикалық энергиясының қосындысына тең. Жоғарыдағы теңдеу бір атомды, идеал газдың, ішкі энергиясын анықтайтын өрнек. Көп атомды газдың ішкі энергиясы теңдеуімен анықталады. U- газдың немесе жүйенің ішкі энергиясы, i-еркіндік дәрежесі.
Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау) Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару. Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді. Мұғалімнің толықтауы: Студенттерге 8-сыныптан жылу мөлшері туралы, оның қандай шамаларға тәуелділігі туралы білімдерін еске түсіру Жылу алмасу кезіндегі дененің ішкі энергиясының өзгеруінің сандық мөлшері – жылу мөлшері. [Дж], Мұндағы с - меншікті жылу сыйымдылық - [1Дж/кг*0С].
Заттың бір молінің жылусыйымдылығының мольдік жылусыйымдылық деп атайды, яғни С=c*m Жылу берілу тек екі дене температурасы әртүрлі болған жағдайда ғана, ыстығырақ денеден суығырақ денеге беріледі. Егер дене жылу алса: Q 0 Жылу жоғалтса: Q (Е) студенттерге заттың жылу сыйымдылығын анықтауға арналған зертханалық жұмысты жұппен орындау ұсынылады. Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған Kahoot! онлайн-ойыны өз жұмысын тексереді.4. Термодинамикадағы жұмыс. a) A=F*S*cos. формуласымен анықталатын физикалық шама ретінде жұмыс ұғымын енгізу. b) Тұрақты қысымдағы газдың ұлғаюы. A=FΔl=pSΔl=pΔV формуласы жалпылама және элементар жұмысты кез-келген процесте есептеу үшін қолданылады. c) Тұрақты қысымда поршень астындағы газдың ұлғаюы кезінде сығылған ауа массасының артуы (мысалы компрессор көмегімен). d) Изотермиялық ұлғаюдағы жұмысты графикалық тәсілмен есептеу. е) Изохоралық процестегі жұмыс. f) Дөңгелек процестегі жұмыс. 3. Идеал біратомды газдың ішкі энергиясы үшін формуласын шығару. Талқылау сұрақтары. Термодинамикадағы жұмыс: Газ изобаралық ұлғайғанда, атқарылған жұмыс, газ қысымы мен көлем өзгерісінің көбейтіндісіне тең. Г аздың жұмысын, механикалық жұмыс арқылы анықтауға болады. Ойша цилиндр ішіндегі поршенмен шектелген кеңістікте, газ орналасатырылсын. Газ ұлғайып, поршень Һ1 биіктіктен, Һ2 биіктікке көтерілсе, атқарылған жұмыс тең. р-газдың қысымы, S-цилиндр ішіндегі поршеннің ауданы. . аудан мен биіктіктің көбейтіндісі көлемді береді.
А1’–газдың жұмысы, A2-сыртқы күштің жұмысы. Сыртқы күшпен , ішкі күш , модулі бойынша тең,. А1’=-A2. Газ ұлғайғанда газдың жұмысы ал сығылғанда сыртқы күштің жұмысы болады. Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау) Физикалық калькулятор. (3 тапсырма) №1 127 0С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясы неге тең? (М(Не)=4*10-3 кг/моль) №2 Тұрақты 304 кПа қысымда көлемі 3 л ден 10 лге дейін ұлғайған газдың жұмысы №3 Р-105 Па қысымда болатын газ А-25Дж жұмыс жасап изобаралық ұлғаяды. Газдың көлемі қанша ұлғайды? |
Презентация – 1 Ресурс - 1 |
- Ішкі энергия дегеніміз не? | Тапсырма - 1 | |
Сабақтың аяқталуы
| 270С температурада бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы 15кДж. Осы газ молінің мөлшерін анықтаңдар. Егер ішкі энергиясы 300Дж болса, онда 2л көлемді алып тұрған идеал бір атомды газдың қысымы қандай? | Қосымша -2 |
7. Сабақты қорытындылау және рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - нені білуім керек |
|