Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  Прочее  /  HTML5-ке кіріспе

HTML5-ке кіріспе

Пән: “WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары” модуль/пән бойынша КМ 06. Web технологияны қолдана отырып, web парақшаны құру 2 бөлім. Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады Сабақ тақырыбы: HTML5-ке кіріспе 1. HTML дегеніміз не 2. Браузерді қолдау 3. Қажетті құралдар 4. HTML5 элементтері мен атрибуттары
11.03.2020

Содержимое разработки

САБАҚ ЖОСПАРЫ №4


  1. Атаулы категориясы

1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»

130404 3 – «Техник-бағдарламашы»

1.2. Курсы, тобы

ІІІ курс, 17 VT – IX – 5

1.3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудың атауы

КМ 06. Web технологияны қолдана отырып, web парақшаны құру

Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады

1.4. Сабақтың тақырыбы

HTML5-ке кіріспе


1.5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы

топтық

1.6. Білім алушылырдың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен иемділігі

1. HTML дегеніміз не

2. Браузерді қолдау

3. Қажетті құралдар

4. HTML5 элементтері мен атрибуттары

1.7. Кәсіби және еңбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі

- HTML тіліне ақпарат беру;

- HTML тілін қолданып веб сайт құру.

2. Сабақтың мақсаты

2.1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді

- тыңдай алу;

- топпен қарым-қатынас;

- өзгенің пікірімен алмасу.

2.2. Студентерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету

- жұмыс орнын дұрыс тағайындау;

- әдебиетпен жұмыс істей алу;

- топта жұмыс істей алу;

- логикалық ойлау.

3. Сабақ қорытындысын сипаттау

3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білуі және істеуі қажет

- HTML тіліне ақпарат беру;

- HTML тілін қолданып веб сайт құру.

3.2. Сапа белгілері

- HTML ұғымымен танысу, браузерді қолдау

- HTML5 элементтері мен атрибуттары жұмыс жасау

4. Жоспарлау фазасы

4.1. Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі

Гончаров А. Самоучитель НТМL

22-26 бет

4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар

- ДК, NotePad++

4.3. Студенттер іс әрекетінің ретін сипаттау

- бағдарлама құру кезінде ақпараттық жаңа технологияны қолдануды.

4.4. Оқытушының рөлі

- тақырып бойынша негізгі түсініктерді хабарлау;

- терминдерді және олардың ретін сипаттау.

5. Жоспарды жүзеге асыру

5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте)

-


6. Бағалау

6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау

Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау.


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау.

  1. FTP-клиенттері

  2. FTP негізгі тағайындалуы

  3. FTP файлдарын жіберу протоколы

  4. LDAP сервері


3.

Жаңа сабақ

Пән: “WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары” модуль/пән бойынша

КМ 06. Web технологияны қолдана отырып, web парақшаны құру

2 бөлім. Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады

Сабақ тақырыбы: HTML5-ке кіріспе

1. HTML дегеніміз не

2. Браузерді қолдау

3. Қажетті құралдар

4. HTML5 элементтері мен атрибуттары


4.

Жаңа сабақты бекіту

  1. «Гипермəтін» және «гипермедиа» терминдеріне анықтама

  2. «marking up» сөзінің мағынасы

  3. HTML нұсқалары, даму тарихы.

  4. HTML құрылымы, негізгі тегтер.


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау


6

Үйге тапсырма

Э. Таненбаум, Д. Уэзеролл "Компьютерные сети", 25-28 бет



Оқытушы ______________ Ахметкалиев Д.С.

қолы











Пән: “WEB-бағдарламалау және Интернет технологиялары” модуль/пән бойынша

КМ 06. Web технологияны қолдана отырып, web парақшаны құру

2 бөлім. Сайтқа стильдік кестелерді енгізу тәсілдерін, CSS қасиеттерімен жұмыс ісстеуде CSS-дің негізгі блоктары мен қосалқы сервистерді қолданады

Сабақ тақырыбы: HTML5-ке кіріспе

1. HTML дегеніміз не

2. Браузерді қолдау

3. Қажетті құралдар

4. HTML5 элементтері мен атрибуттары

HTML тіліне кіріспе.

Гипермəтін сөзіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі “super” cөзінің мағынасына сәйкес келеді.

«Гипермəтін» және «гипермедиа» терминдерін америкалық əлеуметтанушы, философ, АТ (ақпараттық технология) саласын алғашқы зерттеушілердің бірі Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді және 1965 жылы кең қолданысқа ие болды. Автор 1992 жылы шыққан “Literary Machines” кітабында бұл екі терминге мынадай түсініктеме береді: «Қазіргі таңда «гипермәтін» сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы болып есептеледі. Бірақ оның орнына ақылға қонбайтын «интерактивті мультимедиа» сөзін қолданады, бұл жерде төрт буын артық және ол гипермәтін сөзінің кеңейтілген мағынасын бере алмайды».

Гипермәтіннің даму тарихына қысқаша тоқтала кетейік. 1963 жылы Тед Нельсон алғаш рет сілтемелері бар контентті енгізу мен қолдану үшін «гипермәтін», «гипермедиа» терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика ғылымының профессорымен бірігіп, мәтін редакциялаушы Hypertext Editing System (аудармасы «Гипермəтін Редакциялаушы Жүйе») жобасын жасайды.

Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы – Aspen Movie Map қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды және оның көмегімен қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды.

Белгілеу тілі туралы түсінік. Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.

«Белгілеу» (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі «marking up» сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді. «Белгілеу» сөзі сонау дәстүрлі баспахана тәжірибесінде қолданылып, баспаға жібермес бұрын арнайы шартты белгілер мен таңбалар арқылы қолжазбаға түзетулер енгізуді білдірген. Осылай «белгілеушілер» (markup men) мəтіннің әрбір бөлігіне шрифтердің гарнитурасын, стилін, өлшемін көрсетіп отырған.

HTML тілі жайлы. Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup Language - HTML) – веб браузерде веб-беттерді жəне басқа да ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып есептеледі.

Бұрышты жақшалар арқылы ашылып жабылатын тег (мысалы ) деп аталушы HTML элементтерінен құралған HTML тілі веб-бет контентін тудырады. Тегтер сыңарлы жəне сыңарсыз болып бөлінеді.

Сыңарлы тегтерге мыналар жатады: , ,

және т.б. Ал сыңарсыз тегтерге
, , сияқты тегтер жатады. Сыңарлы тегтерде алғашқы тұрған тегі бастаушы, ал екінші тұрған тегі аяқтаушы деп аталады. Сондай-ақ оларды ашылушы және жабылушы деп те атайды. Осы тегтердің көмегімен веб-дизайнерлер мәтін, пікір және контентте кездесетін басқа да мәтінге ұқсас нәрселер жаза алады.

Веб браузердің мақсаты – осы HTML тілінде жазылған құжаттарды оқып, веб-беттерде оқуға ыңғайлы, оқырманға көрінетіндей етіп шығарып беру. Браузерлер HTML тегтерін шығармайды, алайда сол тегтерді беттің контентін интерпретациялауда қолданады.

Нұсқалар, даму тарихы. HTML тілінің пайда болуы сонау 1986 жылғы Халықаралық Стандарттау ұйымының (ISO) «Standard Generalized Markup Language» (SGML) деп аталатын ISO-8879 стандартын қабылдауынан басталады.

Алғаш рет 1991 жылы интернет арқылы гипермәтінді ақпарат алмасатын механизмге сұраныс пайда болды. Сол кезде Тим Бернерс-Ли қаңқа ретінде SGML-ді таңдап, оның негізінде HTML (Hyper Text Markup Language, «гипермәтінді белгілеу тілі») тілін ойлап тапты.

HTML тілінің 1.2 нұсқасы шамамен 40 тегтен тұрды. Ол құжаттың физикалық көрінісін сипаттамайды. Барлық қасиеті мәтінді логикалық және құрылымдық белгілеуге келіп саяды.

В 1994 жылы Интернетті басқарушы W3 концорциумы (W3С) құрылып, бұл ұйым HTML 2.0 нұсқасының сипаттамасын жасауға кірісті, бірақ соңғы HTML 2.0 стандарты 1995 жылы қабылданды. Ал бұл кезде HTML 3.0 нұс-қасы қызу талқыға түсіп, оны жасақтауға дайындық жүріп жатқан. HTML 2.0 нұсқасының таң қалдырған жаңалығы – қолданушыдан серверге ақпарат жеткізу формасының пайда болуы еді. Дегенмен HTML- технологияда HTML 3.0 нұсқасы қарқынды серпіліс жасады. Стандарттың бастапқы нұсқасы көптеген қызықты жаңалықтар енгізді: олар кесте құратын тегтер, математикалық формулаларды белгілеу, суреттерге жазу қою және т.б. Бірақ 1995 жылы гипермәтінді беттерді визуалды дайындауға қажеттілік туды.

HTML 3.2 нұсқасы ВЕБ-құрылыс дамушы тілінің осы күнге дейінгі бірден-бір стандарты болып келді. HTML-дің осы нұсқасы барлық браузерлерге сай келетін белгілеу элементтерімен жүйеленді.

Соңғы жылдары, дәлірек айтқанда, 2004 жылы HTML-дің соңғы нұсқасы HTML 4.01. қабылданып, бүгінгі дейін қолданылуда. Ол жоғары кросс-браузерлі және кросс-платформалы талаптарға жауап береді.

Қазіргі таңда HTML-5 жасақталып жатыр, оның ресми шығуы 2014 жылға жоспарланған.

Сурет 4. HTML5


HTML құрылымы, негізгі тегтер. HTML құжатының құрылысы бірінің ішіне бірі салынған контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Шынында да, құжаттың өзі бұл «HTML» атымен аталатын бір үлкен контейнер.

Сурет 5. «HTML» контейнері

-75%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
HTML5-ке кіріспе (73.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели