Lesson 1
Сабақтың тақырыбы: Hello!
Сабақтың мақсаты: «Шет тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда - тілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
пәндік: бастапқы есту және дыбыстау дағдылары мен білімдерін дамыту; Hi, Hello, a teacher лексикалық бірліктерін меңгеру; Good morning, Hello, goodbye, I'm... ҮФ (модельді фраза бұдан ары қарай); қолдану; we, say, and ЛБ есту арқылы қабылдау;
тұлғалық: оқушы үшін жаңа болып табылатын білім алушы әлеуметтік рөлін түсіну. Оқушының ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын, жады мен зейінін дамыту;
жүйелік-әрекеттік: оқулық пен дәптерді пайдаланудың бастапқы дағдылары.
Сабақты материалдық қамтамасыз ету:
мұғалім үшін: CD-ойнатқыш, дүниежүзінің географиялық картасы, атаулары ағылшын тілінде жазылған заттардың орамалары, Лондонның көрнекі жерлерінің суреттері фонында бейнелентен қарғаның суреті.
оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.
Пәнаралық байланыс: музыка ("We say hello" әнін орындау), география (ағылшын тілі ресми тіл болып табылатын елдердің атаулары).
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру сәті
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау
- Балалар, біз сендермен бірге жаңа «Ағылшын пәнін» оқитын боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір дыбыстарымен және ағылшын тілінде бір-бірімізбен сәлемдесуді үйренеміз.
ІІІ Тірек білімдерді белсендіру
Бүгін мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына заттарға, олардың сыртында жазылған жазуларға қараңдар. Бұл жазулар қай тілде жазылғанын білесіңдер ме? (С1: ағылшынтілінде). Жарайсыңдар! Бүгін сендер үшін есте қаларлық күн. Біздер ағылшын тілін үйрене бастаймыз. Әр сабақта ағылшын тілін үйрене отырып, ағылшын тілінің сөздері, әндері және тақпақтары әлеміне қызықтысаяхат жасайтын боламыз. Дүниежүзі картасына қарандаршы. Ағылшын тілі Англия, Америка, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия тұрғындары үшін анатілі болып табылады (мұғалім картадан ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді көрсетеді және атайды).
- Балалар, әртүрлі елдердің адамдары бірін-бірі түсіне алады ма? Ата-аналарыңмен бірге шетелде болғандарың бар ма? (Балалар болған елдерді атайды). Әртүрлі елдердің адамдары өзара қай тілде сөйлеседі? Дұрыс, ағылшын тілінде. Балалар, ағылшын тілінде қандай сөздерді білесіңдер? (CI: Yes, No etc.) Осы оқу жылынан бастап ағылшын тілін оқыпүйренеміз.
IV Жаңа материал мен жұмыс.
Оқулықпенжұмыс
l-жаттығу. Listen to your teacher and repeat.
- Суреткеқараңдар. 1 қыркүйектеқандаймерекеніатапөтеміз? Суреттекімдікөріптұрсыңдар?
Мұғалім: Hello! I am Miss Blue. - Сәлеметсіңдерме, менің атым мисс Блу!
Repeat after me : Hello !
Әдеттетаңертеңересекадамдарға«Good morning!» дейміз, бірақ бір-бірлеріңе «Ні!» немесе «Неllо!» деуге болады. Бір-біріңмен амандасыңдар.
Бала: Hello, I'm Bobby! - Сәлеметсізбе, меніңатымБобби!
Repeat after me: Hello, I'm Bobby!
Танысуүшін: Who are you? деген сұрақты қойыңдар. Менің сұрағыма жауап беріп көріңдер: Who are you? - І am Ademy.
Teacher: - : Hello! I am Miss Blue.
Bobby: Hello, I'm Bobby!.
«Танысу» дидактикалық ойыны. (Балалар шеңберге тұрып, сәлемдеседі: - Hello, I'm ... сөздерінің көмегімен өздерін таныстырады. Одан кейін: Who are you? сұрағын және оған берілетін жауапты пысықтайды.)
2-жаттығу. Act.
Teacher: What is your name?
Bobby: I'm Bobby!.
Bobby: What is your name?
Ademy: І am Ademy.


"Hello!" ашық сабақ жоспары (15.71 KB)

