Қысқа мерзімді жоспар.
Пәні:Сауат ашу Күні:3.05.2019 Сынып: 1 | Мектеп: №9 жалпы орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Шонова Алина Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | 5.9 Һ дыбысы мен әрпі. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім?(не) туралы айтылғанын анықтау. 1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу. | ||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: Әріпті таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқудың түрлерін (буындап оқиды,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды,түсініп оқиды. Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтінде кім?не? туралы айтылғанын біліп әңгімелей алады. | ||||
Бағалау критерийлері | Әріпті таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, оқудың түрлерін буындап тұтас,түсініп оқиды, мәтінде кім?не? туралы айтылғанын біліп әңгімелей алады. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Өзгелердің мәдинетіне және көзқарасына құрметпен қарау.Жауапкершілік. | ||||
Пәнаралық байланыс | Орыс тілі,ағылшын тілі,дүниетану. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта,аудиожазба,видеоролик | ||||
Тілдік құзыреттілік | Шаһар-қала-город-city Қаһарман –батыр-герой-hero Жиһаз-мебель-furniture Айдаһар-дракон-dragon | ||||
Бастапқы білім | «Энергия күші» әдісі арқылы сұрақ қойып, бастапқы білімнен жаңа тақырыпқа түсемін. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | |||
Сабақтың басы Ретке келтіру 3 мин
| Психологиялық ахуал Үлкенгеде сіз, Кішігеде сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз деп. «Энергия күші» әдісі арқылы сұрақ қойып, бастапқы білімнен жаңа тақырыпқа түсемін. -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз? -Дауыссыз дыбыстарды ше? -Мынау ненің дыбысы? (Айдаһар дыбысын тыңдату) -Ал, осы айдаһар сөзіндегі таныс емес дыбыс қайсысы? Һһ-дыбысы -Һ дыбысы дауыссыз дыбыс. -Һ дыбысын айтқанда даусымызды қарлытып шығарамыз. -Һ дыбысы сөздің ортасында кездеседі. 1-3 ке дейін санап топқа бөлінеміз: 1-топ «Қаһарман» 2-топ «Батыр» 3-топ «Батыл» Жаңа сабақ: Һ дыбысы мен әрпі. Мақсаты: Әріпті таниды,ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, оқудың түрлерін буындап тұтас,түсініп оқиды, мәтінде кім?не? туралы айтылғанын біліп әңгімелей алады. |
| |||
Сабақтың ортасы Джером Брунердің 1960 танымдық теориясы 1.Белсенді 2.Бейнелік 3.Таңбалық
Тыңдалым Айтылым 2.Бейнелік 10мин
Оқылым. Белсенділік 10мин
Тілдік құзіреттілік 1 мин
1 мин
Сергіту сәті
Жазылым таңбалық 5мин
| Видеоролик «Болжау» әдісі арқылы Сұрақтар: білім алушылардың алдына әңгімеден үзінді беру.Ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді. -Видеороликтен не көрдік? -Айдаһарды сипатта.Ол қандай? -Қандай сөздерді естідік? -Сөздің қай жерінде кездеседі? Дескриптор: -мазмұнын айтады,сипаттайды -һ дыбысы бар сөздерді ажырата алады; Ынталандыру:от шашу
Оқулықпен жұмыс: «Паровоз» ойыны арқылы 1-топ «Қаһарман» Қаһар гауһар жиһан сөздердің мағынасын түсіндіру.
2-топ «Батыр» Аты мәшһүр жаһанға, Бауыржан ата-қаһарман. 2.Бауыржан Момышұлын қаһарман деп неге айтамыз? 3.Қаһарман.қаһарлы, батыр,батыл, 1910ж 24 желтоқсан Жамбыл обл Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы әскери қолбасшы, командир.
3-топ «Батыл» Әңгімені толықтыр. Жиһанкез тау мен тасты,даланы аралады.Ол көптеген шаһарларда болды.........
Дескриптор: -сөздерді оқиды;ажыратады -сөздерді буындай алады,түсініп оқиды -не білетінін айтады Ынталандыру:бас бармақ әдісі арқылы
Шаһар-қала-город-city Қаһарман –батыр-герой-hero Жиһаз-мебель-furniture Айдаһар-дракон-dragon
«Жұмыр қылыш» биі
Дәптермен жұмыс:«Араға бал жинау» ойыны
Берілген сөзді әріп элементеріне сақтай отырып жазамыз. -Һ-дыбыстың жазылуын көрсет; -ауада жазып көрсеміз.
Дескриптор: -һ дыбысын коллеграфикалық талапқа сай жазумен жазады; - Әріпті таниды,сөздерді тұтас оқиды
Ынталандыру:смайликтер арқылы |
www.youtube.com/channel/UCCRnhCThnujlNQgXav_bjzA◄
| |||
Сабақтың соңы Рефлексия 5мин | «Айдаһар» әдісі арқылы Қай ертегі деп ойлайсың? Сурет бойынша әңгіме құра Ертегі не туралы?
Қалыптастырушы бағалау:«Табыс ағашы» әдісі Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады. |
| |||
Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? 1-топ Қай ертегі деп ойлайсың?
2-топ «Һар» сөзіне әр түрлі буын қосу арқылы сөздер тауып айт.
3-топ һ әріпінен түратын үш сөз жаз. | Бағалауды – қалай жоспарлайсыз?
Дескриптор: -мазмұнын айтады -һ дыбысы бар сөздерді біледі;
Ынталандыру:қол шапалақ арқылы
.
Дескриптор: - Әріпті біледі. -Оны буынға бөледі.
Ынталандыру:бас бармақ әдісі арқылы
Дескриптор: - Әріпті таниды. -Ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді
Ынталандыру:керемет,өте жақсы орындадын
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қалам, қарындаш қолданғанда денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
|