Меню
Разработки
Разработки  /  ИЗО  /  Уроки  /  6 класс  /  Графика түрлері. "Натюрморт" сабақ жоспары

Графика түрлері. "Натюрморт" сабақ жоспары

6 клас?а арнал?ан бейнелеу ?нерінен Графика т?рлері. Натюрморт та?ырыбында?ы саба? жоспары.

10.02.2017

Содержимое разработки

Бекітемін:

Мерзімі: 22.09.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Тақырыбы:     Графика түрлері. Натюрморт

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру.

Дамытушылық: оқушының ой-өрісін , есте сақтауын , қиялдау көре білу қабілетін дамыту ,

Тәрбиелігі: графика өнерінің түрлері арқылы эстетикалық тәлім – тәрбие беру.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап,ой-қозғау,жұмбақ шешу.

Түрі: Аралас

Құрал-жабдықтар: қарындаш, альбом, А3, қаламұш,тушь, гуашь.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әзірлеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

3. Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-топ – Қылқаламдар

2-топ – Бояулар

4. Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеріп, өткен сабақты қайталау.

Сұрақтар:

1.Бейнелеу түрлерін ата? (графика, живопись,мүсін, сәндік қолданбалы өнер,сәулет өнері, дизайн өнері)

2. Графика дегеніміз не?

3.Бейнелеу өнері жанрларының қандай түрлерін білесіндер? (Портрет, натюрморт,пейзаж, маринистік, анамалистік).

4.Гуашь дегеніміз не?((Французша су бояуы) акварельмен салыстырғанда мөлдір емес қою бояу).

5.Үйлестірудің мағынасын айтып беру.(«композийия»деп атайды.ол латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағынаны білдіреді).

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты,түрімен таныстыру.

Графика дегеніміз – қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қылқаламмен, тушьпен салынған суреттер.

Сонымен қатар қағаз бетіне салынған литография,түсті гравюралар және түсті карындаш, бормен салынған суреттер де жатады. «Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.

Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

Гравюра (қырма) тақта, ағаш бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелінетін сурет салу өнері.

Ксилография – ағашта орындалатын сурет.

Линогравюра – линолум бетіне орындалған сурет.

 Литография – тегіс орындалатын гравюра, яғни майлы тушьпен немесе қарындашпен салынады.

Иллюстрация – кітап мазмұнына , ертегілерге арналып салынған сурет.

Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындылармен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.

IV.Тапсырма: Графика тәсілін меңгеріп, сурет салу.

-Балалар, сендер барлықтарың бүгін графика – суретшісіндер. График – суретші болу үшін график қарындашымен сурет салып үйренуіміз керек.

Алдымыздағы бірнеше суреттерге қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша суреттің бірін саламыз.

Салынған затты құбылысын, денелердің құбылысын табу, қағаз бетіне орналастыру.

2-кезең. Заттың, дененің құбылысын анықтап, салыстырмалы түрде бейнелеу, бояуға көшу.

3-кезең. Заттардың форма көлеміне қарай қара, ақ түстермен бояу, жарық, көлеңкені анықтап ажырату, аяқтау.

 

V.Сергіту сәті

Ой –қозғау.

Ал енді осы сабаққа байланысты бір – бірімізге жұмбақ жасырайық.

1.Сырын ашты пышаққа

Жұмыссыз мен қалдым деп.

Мені жонып үшкірле,

Пайдам тисін адамға (Қарындаш)

2.      Жұмыс берсен оған,

Қарындаш бекер шаршаған.(Өшіргіш)

 

3.Өнерге тән жаратқан,

Көкірегі кең аспан,

Барша жұртты қаратқан.

Бейнегер тым асқан.(Суретші)

4.      Қимылдаса қос шебер

Қыруар – қыруар іс өнер (Екі қол)

VI. Сабақты бекіту.

Екі топқа тест беру арқылы білімдерін тексеру.

Тест №1

1. Қосымша сызықтар не үшін қажет?

а). Суретті құрастыру үшін.

ә). Суреттің сұлулығы үшін

б). Заттың формасын шығару үшін.

2. Затқа түсіп тұрған ең жарық дақты атаңыз.

а). Рефлекс .

ә). Жылыт.

б). Жарық.

 

 

Тест №2

1. Қазақстанда бейнелеу өнерінде алғашқы жол салған кәсіби суретші кім?

а). Ә.Қастеев

ә). Ә.Ысмайылов

б). М.Кенбаев.

2. Анамалистік суретші нені бейнелейді?.

а). Табиғат .

ә). Жануарларды.

б). Адам тұрмысын.

VII. Сабақты қорытындылау.

Графикалық түрлерін танысып білдік.

- Қандай түрлерімен таныстық ? атап өтейік

VІII. Бағалау.

Оқушылардың жұмысын қарап салыстырмалы түрде бағалау.
















Бекітемін:

Уақыты: 13.10.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Кітап графикасы. Абай шығармаларына иллюстрация. «Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың мақсаты: 1. Иллюстрация туралы жете түсіндіру.
2. Иллюстрациялық суреттер орындаудың мән – мағынасын орындауын үйрету. Бояу мен қылқаламмен жұмыс істеулерін жетілдіре түсу.
3. Иллюстрациялық суреттерден әсемдікті тани білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Іскерлікке баулу сабағы.
Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, сарамандық жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: Иллюстрациялық суреттер, плакат, интерактивті тақта, қалташалар, оқулық.
Сабаққа қажетті құралдар: Түрлі – түсті бор, қарындаш, өшіргіш, бояу, қылқалам, сызғыш, тушь, альбом.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих, математика, музыка, өмірмен байланыс.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін, әуелі осы сабаққа қажетті құралдарды түгендеу үшін «жасырынған түстер» ойынын ойнаймыз.
Үстел үстінде сұрақтар жазылған дөңгелектер тұр.
1. Білім бұлағы не? (кітап)
2. Жаза – жаза батыр.
Бойы қысқарып жатыр. (қарындаш)
3. Оқушы қате жазса кешіреді,
Сосын өзі сүртіп – сүртіп өшіреді. (өшіргіш)
4. Түрлі – түсті бөкендер,
Суреттерге сән берген.
Олар егер болмаса,
Суреттер қара күйге енген. (түрлі – түсті бояулар)
(осыларды бірлесе отырып шешеді)

Мұғалім: Сонымен бәріміздің бейнелеу өнері кітабымыз, өшіргішіміз, альбомымыз, қарындашымыз, бояуларымыз түгел ғой, яғни бүгін сабаққа дайын екенсіңдер. «Солдат майданға мылтықсыз бармайды» дегендей бейнелеу өнерінің өзінің құрал – жабдықтарсыз келуге болмайды екен.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Мұғалім: Үйге не берілді?
Оқушы: Композиция және бейнелеу өнерінің түрлерін қайталап, еске түсіріп келу.
(Оқушыларға бір – бір сурет таратып беремін: Олар суретті тақтада тұрған қалташаларға дәл тауып, апарып салады, әр оқушы суреттің сыртына қарындашпен аты – жөнін жазады).
Қалташалардың сыртына натюрморт, пейзаж, портрет, мүсін өнері, графика деп жазылған. (Суреттерді қалташаларға салып болған соң, сабақ соңында бағалайтынын ескертемін).

Мұғалім: Енді сендерге мынандай сұрақтар қоямын.
1. Кескіндеме өнері яғни живопись дегеніміз не?
2. Кескіндеме өнерінің қандай түрлері бар?
(портрет, пейзаж, натюрморт, анималист, композиция) т. б.
3. Портрет дегеніміз не?
(адам кескінің бейнелеу).
4. Автопортрет дегеніміз не?
(суретші өз суретін салуы)
5. Пейзаж дегеніміз не?
(табиғатты бейнелеу).
6. Анималист деген не?
(жануарлар мен аңдардың суретін салушы).
7. Композиция дегеніміз не?
(композиция латынның composio, яғни ойлап шығару, «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым).
8. Композицияны салғанда суретші нені ескеру керек?
(симметрия, ритм, тепе – теңдік, контраст және нюанс)
9. Симметриялы дегенді қалай түсінесің? Бұл сөзді көбірек қай сабақтан естідіңдер? (грек сөзі заттың екі жағы бірдей, тең болып тұрады. Біз математика сабағында көп естиміз).
10. Композицияны салғанда қалай бастайды?
(композицияны нобай жасаудан бастайды. Түзету оңай болу үшін сурет сызықтарын ақырын жүргізу керек).

Иллюстрация жоспары:
1. Иллюстрация.
2. Иллюстрация туралы түсінік.
3. Кітап графикасы және салыну мәні.
4. Абайдың «Желсіз түнде, жарық ай» өлеңіне салынған иллюстрация туралы.
5. «Қазақ эпосындағы иллюстрациялық» суреттер туралы түсінік.

ІІІ. Жаңа тапсырманы түсіндіру:
Мұғалім: Жаңа біз композицияның түрлі – түсті бояуымен өте жарасымды, тепе – теңдігі сақталған кескіндеме өнерінің түрі екенін айттық.
(живопись суреттің түрлерін көрсетіп, сұрақ қою).
Мұғалім: Бұл өнерінің қай түріне жатады:
- живопись (кескіндеме)
- неге?
- себебі түрлі – түсті бояумен салынған.
Ал, түсіндірейін деп отырған иллюстрация да түрлі – түсті бояумен салынады. Иллюстрация латынның «иллюстро» жарықтандыру сөзінен алған. Мысалы, кітап сыртына иллюстрациялық суреттер салынады, ол кітаптың мазмұның аша түсу үшін керек. Кітапты иллюстрациялау графика өнерінің бір түрі.
Графика туралы естеріңде ме? Графиканы салу үшін алғашқы кезде қарындаш көмір, тушь пайдаланған дегенмін. Кітапты иллюстрациялағанда оның мазмұнына сәкестендіру. (Мысалы, ретінде бірнеше кітаптардың суретін көрсету керек).
Кітап графикасына атақты суретшілеріміз Ә. Қастеев, Қ. Қожықов, Н. Смағұловтар көп еңбек сіңірген. Бұдан иллюстрациялық суреттерге тоқталайық
Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармаларына кезінде суретшілер бірнеше иллюстрация жасаған. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін айтып көрейікші.

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны – терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп,
Қалың ағаш жапырағы.
Сыбырласып өзді - өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
(интерактивті тақтадан көрсет).

Ақынның бұл өлеңінен ғажайып сырлы үн ғана емес, түрлі – түсті бояулардан жасалған күйлі де келісті бір дүниені жанымызбен сезіп, көзімізбен көргендей боламыз.
Желсіз, тымық түн. Айнала жым – жырт. Аспан толықсыған ай сәулесі өзен бойын алтын түске бөлеп, діріл қағады. Ағаштың қалың жапырағы, маужыраған түн, жасыл шөп, қырмызы гүл – бәрі ерекше сұлулық танытқандай.
1. Табиғаттың көрінісін суреттеуді не деуші еді?
(пейзаж).
2. Абайдың тағы қандай өлеңдері бар?
(қыс, күз, жазғытұрғы) т. б.
Сондай – ақ, халқымыз ел қорғаны батырлары қадір тұтқан, ардақтаған. Қылқалам шеберлері оларға да сан алуан иллюстрациялық суреттер салған. Мысалы, «Қазақ эпосы» кітабы батырларға арналған иллюстрациялық суреттер көп. Онда зор тұлғалы, тұлпар мінген Қобыланды батыр бейнесін салынған. Кең жазық дала, аспан. Қобыланды батырдың басқыншылар мен күреске шығуға аттанып бара жатыр. Халық оның жеңіске жететініне сенеді, өйткені ол батыл, ер жүрек, қайратты туған елін шексіз сүю.
Сендер де Қобыландыдан өз еліңді, жеріңді. Отаныңды яғни Қазақстаныңды сүюлерін керек. «Қазақстанның болашағы мектептен басталады» деп ел басымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай еліміздің сендерсіндер, осы естеріңде болсын. (Қобыланды батырдың иллюстрациясын көрсету) Сол сияқты иллюстрациялық суреттер қазақ ертегілер мен аңыздарыңда да көп. Иллюстрацияны әр уақыт мазмұнға қарап салу керек.

V. Бекіту кезеңі: Сарамандық жұмыс. (тақтамен жұмыс сурет салу). Оқушыларға көрсету, салдыру.
VІ. Қорытынды:
1. Иллюстрация деген не деген?
2. Кітаптың мұқабасына иллюстрациялық суретпен безендіргенде нені ескеру керек?
3. Ертегілерге салынған қандай иллюстрациялық суреттер білесіңдер?
VІІ. Бағалау: Баға қою.
VІІІ. Үйге тапсырма: Өз ойларынан бір – бір иллюстрация салып келу.
























Бекітемін:

Уақыты: 20.10.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Графиканың бейнелі құралдары. «Алғашқы қар»

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды түрлі түсті қарындаштармен және пастел бояулармен жұмыс жасау тәсілдеріне үйрету.Айырмашылығын ұғындыру. Әр түрлі техникаларына, ойлау, қиялдау, өз ойын жеткізуге баулу. Түрлі түсті қарындаштарды пайдаланып сурет салуға үйрету.Көркем эстетикалық тәрбие беру

Көрнекіліктер: Түрлі түсті қарындаштармен орындалған жұмыстар

Қажетті құрал - жабдықтар: Сурет альбомы, түрлі түсті қарындаштар,пастель

Пән аралық байланыс: Геометрия, сызу
Әдіс - тәсілдері: Ауызша баяндау, тақтада жұмыс, сұрақ – жауап
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә ) Оқушыларды түгендеп, кезекшіні тағайындау
б ) Бүгінгі сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өткен тақырыпты қайталау 
Сұрақ жауап
1.Кітап графикасының дамуына үлес қосқан Қазақстандық график-суретшілерді ата?
2.Абай Құнанбаевтің қай өлеңіне иллюстрация жасалды?
3.Кім деген суретші иллюстрация жасады?
4.Қазақтың эпостық жырларына қай суретшілер иллюстрациялар жасаған?

3. Жаңа сабақ
Түрлі түсті қарындаштар.
Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған.Түрлі түсті қарындаштың акварель,гуаш бояуларынан айырмашылығы-оның жұмыс жасау тәсілі қарапайым ,ол езілмейді,артық жағылып,қағаз бетін былғамайды.Мұның бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтарыда болмайды.Түрлі түсті қарындаштар суретшіге ұзақ жолда,жұмыста да қажетті құрал.Жұмыс орнын дайындап,әуреленудің де қажеті жоқ.Басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзіндік техникалық қиындықтары болады.Мысалы,олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды,бірақ та қағаз бетінде бір-біріне қосылып,басқа түс бере алады.
Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн.Жұмыс жасауды меңгеру үшін түсті қағазды пайдаланудан бастайды.Дайын түсті қағаз болмаса,оны өздерің дайындауға болады.Акварель бояуымен,қызыл шаймен немесе кофемен бояп шығуға болады.Бояу түсі солғын әрі ашық болуы тиіс.Өшіргішті аз қолдануға тура келеді.Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп,сурет әдемі көрінбейді.Қарындаштармен салынған суреттер пастельмен жасалған жұмысты еске түсіреді.Бірақ пастельге қарағанда қарындаш қағаз бетіне жақсы жұғады.
Пастель «пастель»сөзінің ұғымы латынның «pasta»сөзінен алынып «қамыр» деген мағынаны білдіреді.Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарын,бор мен шайырдың қосындысын араластырып,илеп,арнайы қамыр жасайды.Қамырдан жұмыр таяқшалар жасап,оны кептіреді.Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңктер алуға болады.
Пастель жұмыстарында әр түрлі түстер мен реңктердің жарасымдылығы маңызды.Пастель жұмыстары ерекше жұмсақтығымен нәзіктігімен,барқыт сияқты фактурасымен ерекшкленеді.Сұйық бояулардан айырмашылығы,ол өз түсін мүлдем өзгертпейді:суретші оны қалай жақса,солай болып қалады.Бояу ұнтағын ұстап қалуға қабілетті бұдыр немесе түкті негізді талап етеді.
Пастельдің ерекшклігі мынада:бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік,әрі суреттік болады.Форманы сызықтармен және штрихтармен,контурмен бередід.
Көптеген құнды жақтары бола тұра,пастельдің жалғыз кемшілігі бар, ол негізге нашар жұғып,нашар жабысады.Оны папкада сақтауға болмайды.Оны шыны астында орналастырады. 

Бейнефильм көрсету.
4.Сарамандық бөлім.
Екі топқа түрлі түсті карындаштармен және пастель бояулармен сурет салу тапсырылады.

Түрлі түсті бояулармен сурет салу кезеңдері

Пастель бояуларымен сурет салу кезеңдері

5.Бекіту:
Венн диаграммасы

Айырмашылығы ұ Айырмашылығы 
қ
с
а
с
т
ы
ғ
ы


«Галереяға саяхат» Көрме ұйымдастыру оқушылардың бірін бірі бағалауы.

6.Үйге тапсырма. 
1. Графиканың бейнелі құралдары тақырыбын оқу.
2. Суретті аяқтау.















Бекітемін:

Мерзімі: 27.10.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Адамды бейнелеу. «Досымның портреті»
Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:
Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; қоршаған ортаға эстетикалық қарым - қатынасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынастың және шығармашылық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;
Сабақ түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақ әдісі: қарап салу, мағлұмат беру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, аралас тәсіл
Пәнаралық байланыс: математика, өзін өзі тану, сызу

Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: көрнекіліктер - адамдардың фотосуреттері, слайд, портрет көшірмелері; «портрет салу» кестесі, дидактикалық материалдар
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь немесе акварель, қылқаламдар және су құюға арналған кішкене банка.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою.
1) Зергер өнері – бейнелеу өнерінің қай түріне жатады.?
2) Зергерлік бұйымдар қай жерде қолданылады?
3) Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды не деп атайды?

ІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар білімін еске түсіру, «портрет» ұғымын жүйелеу.
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалық портреттерінен бастау алады.
Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.
Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.
Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.
Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр.
Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымынан тұратын қондырғы портрет, Қазақстан бейнелеу өнері қорынан айырықша орын алған көркем туынды.
Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.
Сергіту. Дидактикалық ойын.
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету.
2. Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.
Сабақты бекіту. 1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндер суреттерін салу.

























Бекітемін:

Мерзімі: 08.09.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Өнердің пайда болуы «Жазғы демалыс»

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Бейнелеу өнерінің түрлері жайлы қысқаша

                                             мағлұмат беру.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,

                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                   Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,

                                             ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:  Дидактикалық материал, альбом кітаптар, плакаттар.

 

Сабақтың өту барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

2.      Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау.

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма.    

 

Сабақтың барысы:

    Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.

Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармаларды көруге құмар. Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.

Живопись.

    Кескіндемедегі басты құрал  - бояу түстері болып табылады.

    Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

    Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

-         Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

-         Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

-         Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

    Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

    - Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған.

    Бала жастан жыр-аңыз, дастан, қиссаларға құмар Әбілхан атамызға қазақ халық ауыз әдебиеті өте жақын таныс болады. Ол суретшінің тақырыптық шығармалар жазуына әсер етті.

    Ол кісі ертегідей ғажап табиғаттың таңғажайып құбылысын көріп, дыбысын тыңдап, одан көл-көсір әсер алып, тамаша табиғаттың сан түрлі бояуын санап, жан-жануарлар, өсімдіктің, тіпті топырақтың да түр-түсін саралап өсті.

    Суретшінің тума таланты одан әрі туындап, осыншама биік дәрежеге жетуіне, әрине, туған табиғаттың әсері мол болды.

    «Әуелі табиғат – суретші, біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз», - дейтін Әбілхан атамыз.

    Ә. Қастеев табиғат көріністеріне салған суреттері – бір-бірінің қайталамас көркімен көзге түсетін шығарма. Жыр болып төгіліп, ән болып шалқып, күй болып күмбірлеп, әркімге айрықша әсер етеді.

    Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

    Суретші есімімен көше ғана емес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы, көркемөнер, сурет мектептері мен колледждері аталады.

   Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Атап айтқанда, А. Ғалымбаева,

 Г. Ысмайылова, Т. Тоғысбаев. С. Айтбаев, Ш. Сариев, Н. Нұрлыбаев, т. б. еңбектерінен айқын байқай аламыз.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

    Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.   

 Графика.    Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немес гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі график суретшілерінің туындылары.

 Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің жанрларымен тереңірек танысу.







Бекітемін:

Мерзімі: 29.09.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сурет түрлері «Ертегі кейіпкері»
Сабақтың мақсаты:
1. Ертегілерді еске түсіру, елестету арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыу.
2. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікті түсіне білуге, талғампаздыққа баулу.
3. Оқушылардың дүниетанымдарын, ақыл - ойын, шығармашылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: «Ертегілер елінде» ертегі кітаптар бұрышы, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Алғашқы ұйымдастыру
(оқушылардың оқу құралдарын реттеп, зейіндерін сабаққа аудару)
- Сәлеметсіңдер ме! 2 «Ә» классына қош келдіңіздер! Қазір бізде бейнелеу сабағы.
Балалар, бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымыздан сәл ерекше. Өйткені, сабаққа көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабақ барысында оқып - білген, үйренгендерімізді, жақсы жағынан көрсете білейік. Алдымен өздеріңді
«Мен қандаймын?» сұрағына жауап бере отырып, таныстырып өтіңдер.
«Мен қандаймын?» сұрағына әр оқушы өз есімдерін қоса жақсы қасиеттерін айту.(өздік мен концепциясы, өзін - өзі тану) Мысалы, Альбина – әдемі, Мирболат – тәртіпті, Арман – суретші т. с. с.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Екі жақты күнделіктің сұрақтары:
1. Табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма «портрет» деп аталады.(жоқ)
2. Адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма «пейзаж» деп аталады.(жоқ)
3. Саз балшықпен, ермексазбен, ағашпен, таспен жұмыс істеп, бейне тұрғызатын суретшілерді «мүсінші» дейді.(иә)
4. Ә. Қастеев 1904 жылы Алматы облысының Шежін ауылында дүниеге келді.(иә)
5. 2004 жылы Ә. Қастеев атамыздың 100 жылдық мерей тойы тойланды.(иә)
6. Акварель бояуы суда ерімейді.(жоқ)

3. Жаңа материалды меңгерту.
а) Ой қозғау
- Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөрте де
Қырғауылы қызыл екен
Құйрық жүні ұзын екен – жолдары ненің бастамасы?
- Ертегі
ә) Топтау
- «Ертегі» сөзін естігенде қандай ой келеді, не естеріңе түседі, көз алдарыңа не елестейді?
Ертегі: - Ұшқыш кілем, жезтырнақ, хан, ханшайым, жағыз көзді дәу, сөйлейтін жануарлар, Айдаһар

- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ертегі туралы болмақ. Сабақтың тақырыбы: «Ертегі кейіпкерлерін бейнелейік» деп аталады. Бұл сабақта ертегілерді еске түсіріп, ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге, яғни бейнелей білуге үйренеміз.
«Ертегілер елінде» бұрышына шолу.
Бұл қазақ ертегілерінің жинақтары. Бұл кітаптарда хайуанаттар жайлы, тұрмыс - салт ертегілері, шыншыл ертегілері, қиял - ғажайып ертегілердің түрлері бар. Өздерің айтып кеткен айдаһар да, жезтырнақ та, ұшқыш кілем де, хан мен ханшайымдарды да осы ертегілерден таба аласыздар.

Оқулықпен жұмыс
- Ертегіні оқу
- Бұлар қандай ертегілерден алынған үзінді?
- «Қаңбақ шал» мен «Алтын сақа» ертегілерін еске түсіру
- Қаңбақ шал мен Мыстан кемпірге мінездеме беру.(ауызша)
Қаңбақ шал ------Мыстан кемпір
Ақылды -----------Ұсқынсыз
Айлакер -----------Кәрі
Жеңіл --------------Тістері үлкен, өткір т. с. с
Практикалық жұмыс
РАФТ стратегиясымен жұмыс
Рөл – ертегі кейіпкерлері
Аудитория – оқушылар, тыңдармандар
Форма – сурет, арыз - шағым, тілек.
Тақырып – «Ертегі кейіпкерлері»
- Ертегілердегі ұнатқан кейіпкерлеріңді, ұнаған үзіндіні бейнелей отырып, сол кейіпкерлердің рөліне еніп арыз - шағым айту немесе тілек айтуларыңыз керек. Олай болса, Іске сәт! Жұмыстарыңызға кірісіңіздер.
Практикалық әрекет
Сергіту сәті
Қылқаламды қояйық
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Белімізді жазайық
Айналаға қарайық
Отырайық, тұрайық
Біз тынығып алайық
Тынығып біз алған соң
Әсем сурет салайық
(Суреттерін жалғастырып салу)
- Суреттерін аяқтаған оқушылар бейнелеген кейіпкерлерінің рөліне еніп, арыз - шағымдарын, тілектерін айтады.(оқушыларды тыңдау)

Қорытынды
- Ертегінің қай бөлімін салдың?
- Қай кейіпкер ұнады? Неліктен?
Бағалау
Ауызша бағаланады.
Үйге тапсырма беру.
Өздерің білетін ертегілердегі кейіпкерлерді бейнелеу.














































Бекітемін:

Мерзімі: 27.10.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Адамы бейнелеу. «Досымның портреті»
Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:
Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; қоршаған ортаға эстетикалық қарым - қатынасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынастың және шығармашылық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;
Сабақ түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақ әдісі: қарап салу, мағлұмат беру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, аралас тәсіл
Пәнаралық байланыс: математика, өзін өзі тану, сызу

Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: көрнекіліктер - адамдардың фотосуреттері, слайд, портрет көшірмелері; «портрет салу» кестесі, дидактикалық материалдар
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь немесе акварель, қылқаламдар және су құюға арналған кішкене банка.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою.
1) Зергер өнері – бейнелеу өнерінің қай түріне жатады.?
2) Зергерлік бұйымдар қай жерде қолданылады?
3) Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды не деп атайды?

ІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар білімін еске түсіру, «портрет» ұғымын жүйелеу.
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалық портреттерінен бастау алады.

Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.

Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.

Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.

Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр.
Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымынан тұратын қондырғы портрет, Қазақстан бейнелеу өнері қорынан айырықша орын алған көркем туынды.

Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.

Сергіту. Дидактикалық ойын.
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету.
2. Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.

Сабақты бекіту. 1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндер суреттерін салу.

















Бекітемін:

Мерзімі: 02.12.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тарихи жанр. «Батырлар образы»
Оқу – тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:
Білімділік: Портрет түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту, қоршаған ортаға эстетикалық қарым – қатынас қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым – қатынастың қалыптасуына ықпал ету.
Сабаққа қажет материалдар:
Мұғалім үшін: көрнекілік материал – адамдардың фотосуреттері және портрет түрлерінің көшірмелері; «Портрет салу» кестесі, слайдтар.
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь және акварель бояулары, желім, қылқаламдар, су құюға арналған банка, әр түрлі жіптер.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс тәсілі: әңгімелесу, ойын, презентация, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс.
I. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, құрал жабдықтарын тексеру, оқушыларды екі топқа бөлу.
1 - топ: палитро тобы
2 - топ: қылқалам тобы

Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның жүзінен
Ешкінің мүйізінен - үйрендім деп Ә. Қастеев атамыз айтқандай, бүгінгі бейнелеу өнері сабағымызды бастаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексерейік.

II Үй тапсырмасы
а/ Сұрақ жауап ( палитра ойыны)
ә/ Оқушылар жұмыстарын тексеру
б/ Үздік жұмыстарды атап көрсетіп, көрмеге алу

"Палитро" ойыны
Әрбір бояу астында бір - бір сұрақ жасырынып тұр. Әрбір топ оқушылары сұрақты бір - бірлеп келіп таңдап алады. Әрбір жауап үшін жұлдызша аламыз.
1/ Ауылдық пейзаж дегеніміз не?
2/ Қалалық пейзаж туралы түсінік беріңіз.
3/ Саябақ пейзажы дегеніміз не?
4/ Теңіз пейзажы не ( марина) дегеніміз не?
5/ Сәулет пейзажы дегеніміз не?

Сұрақ:
Сонымен балалар, біз өткен сабақта қандай тақырыпта сурет салып едік?
Пейзаж тақырыбында сурет салу сіздерге ұнады ма?
Жауап: Пейзаж

III. Жаңа сабақ
Сабақтың басында сыныпта түрлі суретші фотосуреттері мен портреттерінің көшірмелерінен көрме ұйымдастыру. Балалар сурет көшірмелерін мұқият
қарап шығайық. Бұл портреттерде бейнеленген адамдардың мінез - құлықтарына анықтап қарасақ, әр түрлі екенін көреміз.
Портрет – адамның бейнесі
Автопортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі
Портреттер кескін көлеміне қарай бас( иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді. Мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні.
Тарихи - шынайы тарихи тұлғалардың бейнесі.
Жанрлық портрет - портретте бейнеленушіні белгілі бір образда (мысалы актрисаның портреті, шахтердің портреті, дәрігердің портреті т. б.) беру.
Оқушыларға кестенің көмегімен портретті салу ретін түсіндіру.
1/ Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен(симметрия осімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілуі үшін қарындашпен жай басып, жіңішке сызық етіп сызу арқылы салынады.
2/ Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңнен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ төменгі жағына ауыз бен иек түседі.
3/ Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілуі керек.
4/ Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5/ Портрет бояуын түсіреміз.

IV. Сабақты пысықтау
- Балалар, енді біз сурет салмас бұрын сабағымызды пысықтап алайық.



























Бекітемін:

Мерзімі: 15.12.2016 ж.

Класы: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Кескіндеме жасау техникалары «Адам табиғат аясында»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерінің бірі кескіндемедегі түс, бояуларды қолдану техникалары жайлы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу, айыра білу, бейнелеу жолын түсіну қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Сабақтың көрнекілігі: Иллюстрация, дидактикалық материал, альбом кітаптар, т. б
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сарамандық жұмыс.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларға кескіндеме жайлы түсіндіремін. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.
Кескіндемені қылқаламмен және бояқтармен орындайды. Түс сурет салғанда, гравюра жасағанда кеңінен қолданылады. Суреттегі түс сурет салатын материалдармен орындалады: бистро, сия, тушь, сангина, бор, сонымен қатар олардың бір - бірімен үйлесуі және қара фонның қатысуымен шешіледі.
Акварель бояуымен жұмыс жасағанда ақ түсті бояу мүлде пайдаланылмайды. Ақ бояуды өзіне жағылған бояудың арасында ағарып көрінетін ақ қағаз түсі ауыстырады. Ал қажетті түстік өңді бояуларды алдын ала палитра бетінде араластыру арқылы да, алуға болады. Мейлінше ақшыл көрінетін әсер туғызу үшін, мысалы, ең жарық нүктелерде қағаздың тиісті жері мүлде боялмайды немесе аздап қана боялады. Мұндайда шығарманың колориттік шешімін табуға көмектесетін бояу ретінде ақ қағаздың өзі пайдаланылады.
Майлы бояумен суреттерге түс берудің ерекшелігі – жартылай дымқыл, жартылай кепкен бояу үстіне жаңа бояу жағу арқылы жұмысты одан ары жалғастыра беруге болады, яғни кенеп бетіне жағылған бояуларды жаңа түскен күйінде дымқыл кезінде өзгертуге немесе суретті бірнеше күнге қалдырып, оны кептіріп алып, қатайған бояу қабатының үстімен жалғастыруға болады.
Алғашқы боямалау бір түсті бояумен, мысалы, охрамен жасалынады.
Суретті бояламағанда сұйылту үшін майдың, лак пен скипидардың қоспасы алынады. Олардың арақатынасы тәжірибеге қарай белгіленеді. Жалпы ақ түсті бояуды есептемегенде, үш бояудан артық араластырмаған жөн. Барлық кезде жарықтануы бойынша көлеңкені көлеңкелермен, жартылай өңді жартылай өңдермен, ашық өңді ашық өңдермен салыстырып отырған абзал. Боямалар кепкен кезде, оны тағы да маймен сүртеді де, суретті бірден жазуға болады.
Сарамандық жұмыс: Елестету арқылы бейнелеу жұмысын орындау, мысалы, жайлау, жайлаудағы бақташы, т. б.
Сабақты бекіту:
Кескіндеме – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы.
Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын.
- Кескіндеме жасау техникаларының қандай түрлерін білесің?
- Майлы бояу арқылы жұмыс жасауда қандай ерекшеліктер бар?
- Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?
- Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?
Оқушылардың жұмыстарына талдау жасатып, сабақтағы белсенділігіне байланысты бағалаймыз.
Үйге тапсырма беру: Кескіндеме өнерінің жанрларының біріне шығарма орында.


























Бекітемін:

Мерзімі: 22.12.2016 ж.

Класы. 56 «А»

Сабақтың тақырыбы: Суретшілер шығармаларын талдау. Қазақтың көрнекті суретшілері

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерін танып білуге үйрету.

Міндеті: Қазақстанның суретшіcі Әбілхан Қастеевтің шығармашылығы жайында білімдерін кеңейте түсі;

Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету;
Сурет салу жұмысы барысында оқушыны таза жұмыс орындау қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, суреттер көрсету арқылы сипаттап түсіндіру.

Көрнекілігі: Мультимедиялық проектор, карточкалар, слайд

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Сабаққа қатынастарын анықтау;

- Назарларын сабаққа аудару;

ІІ. Өткен сабақты қайталау

  • Балалар, біз өткен сабақтарда қандай суреттер салдық, қандай жұмыстар жасадық?

  • Оларды қандай құрал – жабдықтармен орындағанымызды білеміз бе?

  • Иә, балалар, біз түрлі жанрларда жұмыстар орындадық, ал енді солардың қаншалықты естеріңде қалғандығын тексеріп жіберейік.

  • Сұрақтар:

  • Кескіндеме дегеніміз не? (Түрлі – түсті бояумен салынған сурет);

  • Графика дегенді қалай түсінеміз? (Сурет сызық, штрих, дақ арқылы салынса графика деп аталады);

  • Сәулет өнеріне не жатады? (Сәулет – архитектура – құрылысшы деген мағына береді. Оған түрлі кешендер, кітапханалар, үйлер , т.б. жатады);

  • Дизайнер – суретшінің міндет қандай? (беріктік, қолайлылық, әдемілік. Жаңа нәрселерді ойлап табады)

  • Натюрморт деп қандай суретті атаймыз? (Жансыз заттар бейнеленеді. Мысалы, ыдыстар, гүл, жемістер, т.б.). (Оқушылар жауаптары тыңдалады).

  • Жақсы, енді жылдам ғана өткен тақырыптар бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындап жіберейік. Тапсырма: таратпа карточкалардың бір бағанында суреттер, бір бағанында бейнелеу өнерінің жанрлары берілген, сол бағандарды бір – бірімен сызықтар арқылы байланыстыруларың керек (түсіндіріп өту).

Жұмыс аяқталған соң бір – бірімізді тексеріп өтейік. Үздік орындағандарға қызыл дөңгелекше, жақсы деңгейде орындағандарға жасыл дөңгелекше, орташа орындағандар болса, сары дөңгелекшелер таратылады (Оқушылар бір – бірін бағалап өтеді)

ІІІ. Жаңа сабақ

Ал, енді балалар, бүгінгі күн мен тақырыпты дәптерімізге жазып қояйық.

Қазақ  бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы олардың  шығармаларынан  құралады. Қазақ суретшілері  график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.

Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.

Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.

Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтары берілген.

Оқулығымыздың 156 – бетіне зер салсақ, өзіміздің қаншама атақты суретшілеріміздің шығармаларын көре аламыз. Мысалы мұнда өзіміздің Ағамсалы Дүзелханұлының, Айша Ғалымбаеваның, Әбілхан Қастеевтің, Гүлфайрус Ысмайылованың, Нелли Бубенің, Евгений Сидоркиннің, Молдахмет Кенбаевтің, Орал Таңсықбаевтің, Серік Тайыновтың түрлі тақырыптардағы шығармалары бейнеленген. Олар өте әдемі және байқасаңдар әр түрлі тақырыптарда салынған.

  • Балалар тақтаға зер салсақ біздің суретшілеріміздің суреті берілген, қане бұл суретшілер жайында не білесіңдер?

  • Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.

  • Әбілхан атамыз екі мыңнан астам әр түрлі жанрдағы шығармалар жазды. Олар қазақ халқының тарихын паш ететін пейзаждар, портреттер, картиналар еді. 1937 жылы Қазақ ССР - інің Халық суретшісі атағын алды. (Туындылары экраннан көрсетіледі).

  • Балалар, біз білеміз ұлы тұлғалардың аты ешқашан ұмытылмайды. Мысалы, Әбілхан атамыздың атыман мұражайлар, еліміздің сан қалаларындағы көшелер, оқу орындарының атаулары аталады.

ІІІ. Сергіту сәті

Біз суретші баламыз,

Орнымыздан тұрамыз,

Суретті де саламыз.

Тоқындарды оң жақ пен

Сол жаққа да сызамыз.

Бейнелерді салып ап,

Әдемі етіп бояймыз,

Тыныққан соң аз ғана,

Орнымыздан қонамыз.

IV. Сарамандық жұмыс

- Ал, балалар, біз суретшілеріміздің туындыларын қарап таныстық. Біз де келешекте сол кісілер секілді суретші болуға тырысайық. Олар түрлі тақырыптар мен түрлі жанрларды шығармалар орындаған екен.

- Біз сурет салмас бұрын менің сұрақтарыма жауап беріп көріңдер:

- Қазір жылдың қай мезгілі?(Н);

- Көктем айларын атап көріңдерші (А);

- Наурыз айында қандай басты мерекеміз бар? (У);

- Неліктен ол біздің басты мейрамымыз? (Р);

- Наурыз мерекесі қалай тойланады? (Ы);

- Наурыз тойындағы басты тағам қандай? (З).

- Жақсы, балалар, сонымен біз «Наурыз» тақырыбына сурет орындайды екенбіз.

- Біз бұл суретті топпен орындаймыз, тақтаға назар аударсаңдар сурет бөліктерге бөлінген. Сол бөліктерді әрқайсысымыз орындап, аяқтаған соң бізде үлкен сурет шығады.

- Ал, бастайық (Оқушыларға бөліктер отырған орындарына қарай бөлініп көрсетіледі)

- Наурызды суреттеу;

- Оқушыларға салу реттілігін көрсету;

- Бағдарлау;

- Қадағалау.

V. Қорытынды

- Оқушылардың жұмыстарынан көрме жасау;

- Оқушылар бір – бірлерін түрлі – түсті дөңгелекшелер арқылы бағалау;

- Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілері жайында мағлұмат жазу. Оқулықтағын мазмұндау




Бекітемін:

Мерзімі: 29.12.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның үздік көркем сурет мұражайлары. «Галереяға саяхат»

Сабақтың мақсаты:

-75%
Курсы повышения квалификации

Архитектурные стили и направления: от древности до наших дней

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Графика түрлері. "Натюрморт" сабақ жоспары (173 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт