№ 24 | биология 9 сынып күні: 30.11.16 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме | «Биология» оқулығы, жұмыс дәптері (Құрманғалиева Ж.), желі, Power Point, үлестірме материалдар, мұғалімге арналған нұсқаулық, А.Сартаев: «Генетика есептер жаттығуларының жинағы», И.П.Дубинин: «Генетика и человек», Жалпы биология есептері мен тапсырмалары нұсқаулығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі мақсаты | Оқушылардың белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары мен гибридологиялық зерттеу әдісімен таныстыру | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Міндеттері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түйінді идея | Жалпы генетика және селекция негіздері мен оның заңдылықтарын білу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар | «Мендель заңдары» магниттік үлгісі, кестелер мен суреттер, есептер жинағының перфокарталары, «Адам генетикасы және медицина» видеофильмдері, электрондық оқулық деректемелері, бүктеме, постер, түрлі-түсті маркерлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Нәтиже: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру | Амандасу рәсімі, ынтымақтастық атмосфераны құру, сынып оқушыларын түгендеу, оларға бағалау ерекшеліктерін түсіндіру (өзін өзі, жұптық, топтық) Психологиялық сәт (бір-біріне тілектер айту) 1 мин
Адам меңгермейтін білім бар ма ? Жойқын істі тындырар күшің бар да. Оқы, үйрен, жас ұрпақ бәрін меңгер , Алға қойған мақсатың, ісің бар да ! Ұраны: “Сөйлей білмеген, ойлай да білмейді” | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолданылған модульдер | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Уақыт | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Білу “Сұрақты ұстап ал” әдісі
СТО, ОЖЕСОО
| Үй тапсырмасын қайталау № 1-тапсырма:
Әр тапсырмадан соң ынталандырады, бағалайды |
Ұстап алған сұрақтарына жауап береді
Бірін-бірі қолдайды | 5 мин
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
«Білесің бе?» әдісі СТО, ТжДБО | 2-тапсырма: Мендельдің І-ші, ІІ-ші және ІІІ-ші Заңдары, тәжірибелеріне сипаттама беруді тапсырады |
Мендельдің І-ші – «Біркелкілік» Заңы; ІІ-ші – «Ажырау» Заңы; ІІІ-ші – «Тәуелсіз тұқым қуалау» Заңы, тәжірибесіне сипаттама береді, есептеп жазады | 3 мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Топқа бөлу ООЖТ | Лото нөмірлері бойынша 5 топқа бөледі, топ аттарын тақырып терминдеріне қарай қояды | І топ: «Генотип» ІІ топ: «Фенотип» ІІІ топ: «Аллельдер» ІV топ: «Доминантты» V топ: «Рецессивті» | 2 мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Түсіну СТО, АКТ Қолдану «Кемпірқосақ» әдісі СТО, АКТ | І. Қызығушылықты ояту Моногибридті, дигибридті будандастыру сызбанұсқалары мен есептер үлгілерін көрсетеді
ІІ. Мағынаны ажырату № 3-тапсырма:
| Сызбанұсқалардағы белгілерді атап, тақырыптың мәнін ашады Әр топ сұрақтарға жауап береді: Көк түс – Генотип – бұл генетикалық есептерде АА, Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендердің жиынтығы; Қызыл түс – Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің көзге көрінетін кескіні деуге де болады; Сары түс – Т.Морган еңбектерін, өмірін түсіндіреді; Жасыл түс – Аллельді гендер – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы; Ақ түс – Талдаушы будандастыру сызбасын түсіндіреді
Сұрақтарға жауап бере отырып, кемпірқосақты құрастырады | 15 мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау Жинақтау СТО (дәптермен жұмыс) |
ІІІ. Ой тоғаныс
№ 4-тапсырма: Есеп шығаруды тапсырады | Тапсырманы орындайды, бір-бірінің жұмысын тексереді, тарауды қорытындылайды | 10 мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Есеп №1 Ақ тышқан мен қара тышқанды будандастырғанда , бірінші ұрпақтағы қояндардың барлығы сұр түсті болған. Берілген суретті пайдаланып, ата-ана және Ғ1 генотипін және; Ғ2 – генотипі мен фенотипіндегі айырмашылықтарды анықта; Есеп №2 Адамда қаракөзділік доминантты генмен (А), ал көк көзділік рецессивті генмен (а) анықталады. Көк көзді ер адам қара көзді әйелмен қосылғанда қара көзді қыз бала туған. Осы қара көзді қыз көк көзді жігітпен қосылғанда, көк көзді ұл дүниеге келген . Осылардың генотиптерін жазып көрсет; Есеп №3 Ангор жүнді қоянды қысқа жүнді аналықпен шағылыстырған. Бұдан 35 қысқа жүнді ұрпақ алынған. Алынған Ғ1-ді өзара шағылыстырған кезде оларда пайда болатын ұрпақтың 25-і қысқа жүнді, 9-ы ұзын жүнді болған. Ангор типті жүн қояндарда қалай тұқым қуалайды. Әрбір шағылыстыруда алынған ата-аналары мен олардың ұрпақтарының генотипін анықта?
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ | Сергіту сәті жаттығу жасайды
| қайталайды | 2мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау ОүБ «Қара жәшік» | Топ мүшелері мен жетекшілерінің бағаларын негізге ала отырып, жиынтық бағалайды | Сыныптасын және өзін өзі бағалайды, бірін-бірі қолдайды | 3 мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
«Бағалау парағы» Оқушының аты-жөні---------- Топтың аты---------------
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | § 25 оқу, тақырыпқа байланысты желідегі қосымша материалдар бойынша хабарламалар дайындауды, есептерді шығаруды тапсырады | Бағаларын қойғызады | 2 мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Кері байланыс «ББҮ кестесі» |
Оқушылар өз пікірлерін жазады | 2 мин |