Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Разное  /  Прочее  /  Физика сабағынан баяндама

Физика сабағынан баяндама

"Физика саба?ында жа?а технологияларды ?олдану ар?ылы о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту." та?ырыбында баяндама

19.04.2017

Содержимое разработки

Физика сабағында жаңа технологияларды қолдану

арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын

дамыту.



Кіріспе.


«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес,

ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»

Жүсіпбек Аймауытов.


Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – нәтижелі білім беру, білім сапасын арттыру және рухани дүниесі бай жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, оқытудың жаңа технологиясын енгізу,білім беруді ақпараттандыру.Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс – шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген.[2.5б] Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2000 халықаралық зерттеуін тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты.

PISA халықаралық зерттеуі оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

PISA зерттеуінің негізгі бағыттары:

  • Математикалық сауаттылығы;

  • Жаратылыстану сауаттылығы:

  • Оқу сауаттылығы.

PISА мақсаты : әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, бүгінгі

жаhандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы.Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде

Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:






1. Тірек сызба





Функционалдық сауаттылық









Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың қилы әдістері мен технологияларын білуі қажет.

Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал технология –көптеген әдістердің жиынтығы.

2. Тірек сызба. Технология артықшылықтары:

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында – «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» деген болатын. Қазіргі кезде физика пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық ойлау қабілеті мен шығармашылық тұрғыдағы жұмысын дамытуда өз бетімен жұмыс жасаулары және логикалық тапсырмаларды орындаудың маңызы зор. Бұл тапсырмаларды қалай ұйымдастыру керек, тарау бойынша тақырыпқа сай етіп деңгейлеп, саралап таңдай білу ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бүгінгі таңдағы алда тұрған басты міндет – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

2. Негізгі бөлім.

2.1. Бүгінгі күнде физика пәнін сапалы оқыту ізденістері – пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Осы орайда кез - келген педагогикалық жаңа технология оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыруға тікелей әсер етуі керек. Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруді оқушының жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлға аралық қарым - қатынастарға бейімдеу болып табылады. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжрибесіне сүйену арқылы танымдық шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы арқылы алуға тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады. Теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық - ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сыни  тұрғыдан ойлау барысында,  бала  өз заманының озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.

Менің жұмыс тәжірибемнің мақсаты:

Физика сабағында бағдарлама материалын сапалы   меңгерту  үшін оқыту мен жазу арқылы сыни  тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және басқа да белсенді педагогикалық технологиялардың әдістерін кірістіре отырып, оқушыларды бір – бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе білуге , тұжырымдарын жасауға үйрету.

Тәжірибемнің негізгі  компоненттері:

1. Әрбір баланың мүмкіндік деңгейін ескеріп, сыни тұрғыдан  ойлауын тудыру үшін уақыт беру, қолайлы мүмкіндік жасау. Оның ойының, пікірінің мәнділігін түсінуге, сыни көзімен қарау қабілеттілігіне сенім білдіру.

2. Физика пәнінің мазмұнына сай  түрлі  идеялар мен пікірлерді  назарға алу, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылдыру.

3. Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ескере отырып, олармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу.

4. Әрбір жеке тұлғаны физиканың  білімімен қамтамасыз ету. Тиянақты,

 нақты  және жан – жақты болуына жағдай туғызу.

Менің педагогикалық жұмысымның негізгі принциптері:

  • физика пәнінің білімін  ізгілендіру;

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

  • сыни тұрғыдан ойлау іс - әрекеттерін жүзеге асыру;

Өз жұмысымда мен мынадай  педагогикалық теорияларға сүйенемін:

3. Педагогикалық технология түрлері:
















Жаңа технологияның басты мақсаты — өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушы тарихты «зерттеп үйрену» кезінде оқу материалын «жаттап, қайталай бермей» өткеннің оқиғалары мен адамдарына өзінің көзқарасын білдірсе, өткенмен сұхбат құра отырып оның тәжірибесін өз бойына дарытып іштей нәр алса, оқушы рухани жағынан биіктей түседі.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу, тәрбие үдерісіне

қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор:

1. Оқушыға берілетін білімнің сапасы артады;

2. Оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады;

3.АКТ-ны пайдаланғанда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді.

  1. АКТ - ны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру сәті.

Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Оқушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағлұмат, тың дүние беру – ақпараттық қатынастық технологиялардың жетістігі.

2.2. Қазіргі XXI ғасырдағы оқушылардың шығармашылық қабілетін , ойлауы мен шығармашылық тұрғыда жұмысын дамыту – уақыт талабы. Оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру сипатындағы тапсырмаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және оны болашақтағы кәсіби бағдарымен сабақтастыра қарастыру мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігіне байланысты.

Оқушының ойлау және қабылдау қабілетін дамытуға байланысты мынадай логикалық тапсырмаларды беруге болады.

1. Біраз ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, ауыл арасындағы жолмен жүріп келе жатыр. Жолға айдың жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса ол жерде ешқандай шам жоқ болатын. Ер адам қара киімде болатын. Кенеттен жолда фары жағылмаған машина пайда болады. Ең соңғы сәтте жүргізуші ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді? (күндіз)

2. Он метрлік сатыдан еш жерін жарақаттамай қалай секіруге болады.

3.Бір қыз отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда да сіз оның орынына отыра алмайсыз. Ол қай жерде отыр?

4. Сіз доп лақтырдыңыз делік. Қай жағдайда доп ештеңеге соғылмай, тимей өзіңізге қайтып келеді?

5. Мұғалім су құйылған тəрелкен і күннің көзі түсетін терезе алдына қойды.  Ғалия кешке таман тəрелкеге қараған кезде, ол судың жоғалып кеткенін көрді. Судың жоғалу себебін түсіндір. Төменде жаңа технологияларды қолдану арқылы өткізген сабақтарымның кейбір бөліктерін ұсынып отырмын. 7 - сыныпта физикадан «Күш. Деформация. Гук заңы» тақырыбын өткенде «Блум токсономиясын » қолдандым. «FILA» кестесін толтыру арқылы өткен тақырыптарды еске түсіріп, сұхбат пікірталасын құру.

1.Білу: «Ньютон алмасы» - «Бізге жеткен аңыз бойынша алма ағашының көлеңкесінде жел екпінінен алманың жерге үзіліп түскенін ойлана бақылап отырған Ньютонға әлемдегі барлық денелердің арасында өзара тартылыс күшінің бар болуы туралы ой келген дейді. Ньютонның әзілі бойынша оның басына түскен алма қажетті формуланы қорытып шығаруына себепші болған».





5. 1 - тапсырма: FILA – кестесі.

Фактілер

Идеялар

Сұрақтар

Іс-әрекет жоспары

1.Алма ағашы. 2.И.Ньютон

3. Алманың құлап түсуі.

4.Күш

-жел екпінінен алманың жерге түсуі.

-Әлемдегі барлық денелерге күш әсер етеді

1.И.Ньютон кім?

2. Ньютон нені анықтады?

3.Ньютон басына түскен алманың күшті анықтауда себебі қандай?

1.И.Ньютон туралы мәліметтер жинау.

2.Күш, күштің түрлері , олардың әрекет анықтау.

3.Күштің кез-келген денеге әрекет етуі туралы слайд дайындау.

FILA нәтижесі:

  1. Іс – әрекет жоспарын жасақтайды;

  2. Мәтінді түсініп оқиды;

  3. Ойлау қабілеті дамиды;

  4. АКТ – мен жұмыс жасайды;

  5. Ізденуге жетелейді, қызығушылығы артады;

  6. Мәтінді толық талдайды;

  7. Түйін жасай біледі.

Физика – эксперименттік ғылым болғандықтан, онда теорияны практикамен ұштастыру мақсатында кейбір тақырыптардан кейін зертханалық жұмыстар өткізу қажет.

  1. Қорытынды бөлім:

Бүгінгі шәкірт – ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің « Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» – деген қанатты сөздерді ұмытпауымыз керек.

Қазіргі таңда мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.

Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін ең алдымен білімді ұрпақ қажет. Елбасы Н.Назарбаев 2014 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Білім беруді дамыту бағдарламамыз жалғаса береді. «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз» - деп атап көрсеткен. Ол үшін әрбір мұғалім PISA зерттеуі бағдарламасы бойынша өз білімін жетілдіре отырып, шәкіртіне сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білімді терең меңгертетіндей ізденуі керек.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда - қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық , сұхбаттық, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар кешенді жүргізіліп отырса, онда білім - білік, дағдыларды игерту нәтижелі болатыны және әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көрінеріміз анық.














Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н. Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.

2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған іс - қимыл жоспары. ҚР 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы

3. С. Әлімқұлова «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы логикалық тапсырмалар» Физика мектепте № 5 2006 жыл.

4. «Физика» оқулығы. 9 сынып. Башарұлы Р, Қазақбаева Д, Бекбасар Н, Тоқбергенова У. «Мектеп» баспасы. 2005 ж.

5. «Физика және астрономия» оқулығы. 7 сынып. Башарұлы Р, Қазақбаева Д, Тоқбергенова У. «Атамұра» баспасы. 2013 ж.


8



-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения физике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Физика сабағынан баяндама (901 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт