Меню
Разработки

Эстафета с родителями

эстафета с родителями
02.02.2023

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Әкем, анам және мен – шынығамыз спортпен!»

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу. 

Іс -шараға қажетті құралдар: доп, жалау, кегли, шығыршық, қапшық, кішкентай доптар, шар, ракетка.

Іс-шараның өту барысы:

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз Астана қаласының 20-жылдық мерекесіне арналады. Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер. 

А.Мухаметжанова – балабақша меңгерушісі; 

Е.А.Чумак – балабақша медбикесі.

Жүргізуші: Бүгін үш топ жарысқа түседі.

Мерген, мерген, мергенбіз, 

Бәрін көздеп жеңгенбіз. 

«Жүйріктер» 

Топты бастап жүретін, 

Жүйріктерміз біз алды. 

Жеңісті қолдан бермейтін 

Жүйріктерміз біз мықты. 

Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз 

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. 

1. «Жалауды тез жеткіз» Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады. 

2. «Қапшықпен секіру» 

3.«Туннель»Әр топқа матадан жасалған туннель беріледі. Әр ойыншы туннель арасынан өтіп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, орнына келеді.

4. «Фитбол» - секіріп мәреге жету.

5. «Кім шапшаң» - ата-аналар скакалкамен белгіленген жерге жетіп, қайтар жолда мәреге допты теуіп қайтады.

6. «Паравозик»  - ата-ана баласымен жүгіріп мәреге жету.

7. «Кенгуру» - допты аяқтың ортасына қысып мәреге жету.

Жүргізуші: Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз. 

Ата-аналарды құттықтап «Алғыс хатпен» марапаттау. 

Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз 

Барлығымыз көңілді қайтамыз 

Балаларды шынықтырған, жаттықтырған 

Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар,-деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.

Жүргізуші:

Спорт –көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың!



Тақырыбы: Жарасымды отбасы

Сайысқа бірнеше отбасы әке-шешесі,балалары қатысады.

Өткізілу түрі: сайыс

Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақтың салт-дәстүрлері және ырым-тыйым сөздері жайында мағлұмат беру. Ата-аналар мен балалардың бір-біріне деген түсінушілік көз қарастарын кеңейту.

Көрнекті құралдар: Сиқырлы қоржын, асықтар, конверттер, қағаз, қайшы, желңм, түрлі-түсті қағаздар, әр түрлі табиғи материалдар, қыл-қалам, картон, салфетка, сыйлықтар т.б.

Әдіс-тәсіл : Сұрақ-жауап, ойын.

Ұйымдастыру барысы : Ата-аналармен таныстыру:

Жүргізуші:

Кең даланы ежелден,

Мекен еткен халықпыз,

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Жарасымды отбасы» атты сайысымызды бастайық.

Құрметті қатысушылар сіздерді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.

  1. Отбасылардың таныстыруы

  2. Мұны сіз білесіз бе...? Сұрақ жауап сайысы

  3. Өнерлі отбасы

  4. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні... Мақал-мәтел

  5. Өнерлі екен он саусақ

  6. Балаларға сұрақтар

  7. Жұмбақ шешіп жарысайық

  8. Ойын

Бірінші сайыс: Таныстыру. Әр отбасы өлеңмен, әнмен, слайд арқылы, әңгіме арқылы өздерін таныстырады.

Екінші сайыс: Мұны сіз білесіз бе...? Ата-аналарға сұрақ жауап сайысы.

  • Жеті қазынаны атаңыз.

  • Жеті атаны атаңыз.

  • Ұлттық музыкалық аспаптрады атаңыз.

  • Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз.

  • Наурыз көже калай жасалады?

  • Мұсылманның бес парызын атаңыз.

  • Ұлттық ойындарды атаңыз.

  • Халық шеберлері кімдер?

  • Қазақтың тұңғыш ханы кім?

  • Ұлттық көліктерді атаңыз.

Балаларға сұрақтар:

  • Жыл мезгілдерін ата.

  • Үй жануарларының аттарын айтып бер.

  • Бір жылда неше ай бар, атап бер?

  • Қандай ұлттық ойындарды білесіндер?

  • Қандай ертегі білесіңдер?

  • Ұлттық ойындарды ата.

Үшінші сайыс: Мақал-мәтелдер сайысы.

Жүргізуші: Қазір бір жолын айтамын, Сіздер әрі қарай жалғастырасыздар.

  1. Өнер он іспен тең ...

(Өнерпаз он кісімен тең)

  1. Ақылдан асқан байлық жоқ ...

(Кітаптан асқан қазын жоқ)

  1. Еңбек етсен ерінбей ...

(Тояды қарнын тіленбей)

  1. Сәбидін тілегі қабыл...

(Атаның батасы қабыл)

  1. Ұлт қасиеті – тілінде...

(Құс қасиеті – қанатында)

  1. Атадан ұл туса игі...

(Ата жолын қуса игі)

Бесінші сайыс:

Жүргізуші:

  • Қазақ жұрты киелі, өнерліні сүйеді,

Сіздерді күтіп отыр, сонша қауым.

Би билеп, ән салып бер енді. – демекші, ендігі кезекті өнерге береміз. (Әр бір отбасы өз өнерлерін көрсетеді).

Алтыншы сайыс: Шеберхана

Жүргізуші: Әркімге керек қол өнер,

Он саусағынан он өнер.

Түгел болар дүниең,

Біліп алсаң оны егер.

Келесі кезекті қол өнерге береміз (7 минутта әр түрлі заттар жасау).

Жетінші сайыс: Жұмбақ сайысы.

Жүргізуші: Ойнайықта, ойлайық қандай жұмбақ болсада шешпей оны қоймайық.

  1. Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды. (Мысық)

  1. Қаймықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Піл)

  1. Бір көрсе өзі білік, іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш-үйқыш

Көзі бар жарқыраған төбесінде,

Жайса үлкен, жинағанда бәрақ уыс. (Киіз үй)

  1. Әжем уыстап сығып кептірген,

Қатты, әрі тәтті делік,

Кім бар жеп көрген? (Құрт)

  1. Ұшады қанастыз, зырлайды аяқсыз. (Зымыран)

  2. Бір нәрсе өзі жансыз, іші талпақ,

Бір қолы шекесінде шыпамактап,

Бір мұрны, бір ауызы бар, бәр қалпағы,

Өзінің аяғы жоқ табаны жалпақ. (Шәйнек)

Жүргізуші: Енді әділ-қазылар сіздердің ұпайларыңызды, есептеп, санағанша біз сіздермен ойын ойнайық.

Ойын: «Ине мен жіп»

Ойын барысы: Ойын жүргізуші бір ата-ана ине болады. Қалған ойынылар жіп болып ине қайда жүрсе сонымен еріп отырады. Қалып қойса жіп сол жерден үзілген болып есептеледі.

Жүргізуші: «Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар»- демекші, сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Өнерлі отбасы, өнегелі отбасы. Шебер отбасы, білімді отбасы деңгейі бойынша сыйлықтармен тапсырылады.



Ата-аналармен өткізілген семинар-тренинг


Тақырыбы: Жылы сөз жанға дауа

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптастыруына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Өту барысы:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған «Жылы сөз жанға дауа...» семинар-тренингке қош келдіңіздер!

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-отбасы. Отбасылық тәрбие ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан-жақты менгеру қажет. Ұлы данамыз Әл-Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата-ана. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата-атаның парызы.

Жаттығу – «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

  1. Шеңбер айналымда: Мен ажырлы – Айгүлмін. Мен көрікті – Жазирамын. Мен дарынды – Дидармын.

  2. Кері шеңбер айналымында балам Айгерім - ақылды. Бақытжан -батыл, Айдана әдемі т.б.

Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

"Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті"деген сөзді ежелгі грек философы Платонның өзі де бекер айтпаған болар.

Жаттығу «Отбасы» (доп беру арқылы ата-ана жауап береді).

Қызықты сұрақтар

  1. Балаңыздың туған күні?

  2. Тәрбиешінің толық аты-жөні?

  3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

  4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?

  5. Балаңыз қандай тағамды ұнатады?

  6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

  7. Балаңыз балабақшаға қай жылы барды?

  8. Балаңыздың сүйікті ойыншығы қандай?

  9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

  10. Сіз балаңыздың қандай азамат болғанан қалайсыз?

  11. Отбасыңыздың ұлттық салт-дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?

  12. Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?

  13. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па?

  14. Бала тәрбиесіне отбасында кім көңіл бөледі? (әкесі немесе шешесі)

  15. Балаңыздың бойында ерекше қасиеттері бар ма? Байқаған жағдайда қандай мүмкіндік жасадыңыз? (Биге бейім, ән айтқанды ұнатады т.б.).

  16. Баланың алдында ата-ана қандай болу керек? (Тәрбиелі, мәдениетті, Жан-жақты, күнделікті өмір жаңалықтарынан хабардар. Бала алдында жат қылықтар көрсетпеу , яғни дөрекі сөйлемеу , ұрыспау себебі , күнделікті мұндай кикілжіңнен бала жасық болып өседі. Ішімдік ішпеу, арты қ сөйлемеу яғни, біреуді жамандамау, өсек айтпау).

Ой толғау. «Бала деген кім?» Әр ата-ана түрлі түсті жүрекшенің біреуін таңдап, пікірін бір сөзбен жазып ортаға қояды (ізбасарымыз, болашағымыз, көмекшіміз, сүйенішіміз, өмірімнің жалғасы, т.б.)

Ертеде бір ғұламаға келіп:

  • Баланы неше жастан бастап тәрбиелеген дұрыс?-деп сұрапты.

Ғұлама: Балаңыз қаншада?-деп сұрақ қояды

  • Бес-ақ ай толды, -дейді анау. Сонда ғұлама басын шайқап: Бес айға кешіккен екенсіз деген екен. Халық арасынан кең таралған бұл аңызды айтпағы баршаға түсінікті. Яғни,баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек.

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. Ата-аналар екі топқа бөлініп, сөйлемдерді аяқтайды.

  1. Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

  2. Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

  3. Егер бала адалдықта өссе...

  4. Егер балаға үнемі күлсе, ...

Дұрыс жауаптары:

  1. Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

  2. Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

  3. Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

  4. Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).


Дұрыс жауаптары:

  1. Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

  2. Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

  3. Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

  4. Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

Психолог ата-аналарға дұрыс жасаупты түсіндіреді.

Қорытынды: Ата-аналар бүгінгі семинар-тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.







-80%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Эстафета с родителями (24.98 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт