Сабақ жоспары
САБАҚ: Физика Электромагниттік тербелістер. Еркін электромагниттік тербелістер(Тербелмелі контур), Томсон формуласы | Мектеп: №19 орта мектеп | ||||
Күні: 13.12.2016ж. | Оқытушының аты-жөні: Жусупова А.Б | ||||
СЫНЫП: 9 А,Ә,Б,В | Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар: | |||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары | Оқушыларға өмірде кездесетін физикалық құбылыстарды мысал ретінде айта отырып, электромагниттік тербелістер туралы түсінік беру. | ||||
Сабақтың мақсаттары |
3. Тербелмелі контур, Томсон теңдеуілерін біледі, есептер шығарады. | ||||
Тілдік мақсат | Тербелмелі контур, электромагнит т.б. | ||||
Алдыңғы білім | Математикалық және сеіппелі маятниктердің тербелісі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербеліс периоды | ||||
Жоспар | |||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||
Басы 3 мин 10 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұраймын. Оқушылардың сабаққа дайындығын, зейіндерін сабаққа аудару Үй тапырмасы
Инклюзивті оқыту Физикалық диктант
Жаңа материалды меңгерту: Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы. Тербелмелі контур-электромагниттік тербелістер алуға болатын, тізбектей жалғанған конденсатор конденсатор мен индуктивтік катушкадан тұратын тізбек. Тербелмелі контурда еркін тербелістердің пайда болуы шарты. Томсон формуласы. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Тербелмелі контур деп бір-біріне тізбектей жалғанған конденсатор мен индуктивті катушкадан тұратын тізбекті атайды. 15 мин Ортасы А) Егер тебелмелі контурдың R кедергісі ескерілмесе, онда ол идеал деп аталады. Б) Егер тебелмелі контурдың R кедергісі ескерілсе, онда ол шынайы деп аталады Электромагниттік тербелістер –конденсатордың разрядталуы кезінде заряд, ток, кернеу, электр және магнит өрістері периодты түрде өзгеріп отыруы
| Суреттер, слайд. тест сұрақтары | |||
Соңы 2мин 5мин
10 мин Қосымша ақпарат
|
Бекіту.
Сегіту сәті. Караоке (гитарамен ән шырқау тербелістерге байланысты)
Есептер шығару 1.Тербелмелі контурға сыйымдылығы 0,2 мкФ конденсатор қосылған. Контурда жиілігі 400 Гц электр тербелістерін алу үшін оған қандай индуктивтілік қосу керек? 2. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 20 мкГн. Бұл кон- турды 5000 кГц жиілікке шақтап құру үшін сыйымдылығы қандай конденсаторды таңдап алу керек 3.Сыйымдылығы 50 пФ тербелмелі контурда жиілігі 10 МГц еркін тербеліс алу үшін оған қандай индуктивтілік қосу керек? Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей. 1. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 4 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің периоды қалай өзгереді? 2. Кедергісі аз тербелмелі контурда катушканың индуктивтігін 2 есе арттырса, ал конденсатордың сыйымдылығын 2 есе кемітсе, контурдағы еркін электр тербелістерінің жиілігі қалай өзгереді? ІІ деңгей. 1.Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатордан және индуктивтігі 10 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периодын есептеңдер. 2.Тербелмелі контур сыйымдылығы 500 пФ конденсатордан және индуктивтігі 1 мГн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер жиілігін есептеңдер. ІІІ деңгей. 1.Сыйымдылығы 2 мкФ конденсатормен жиілігі 1кГц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда индуктивтігі қандай катушка қосу керек? 2.Индуктивтігі 0,76 Гн катушкасы бар тербелмелі контурға дыбыс жиілігі 400 Гц электромагниттік тербелістер алу үшін, тербелмелі контурда сыйымдылығы қандай конденсатор қосу керек? VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §29 24-жаттығу (2,3). Томсон сымсыз телеграфтың негізін қалаушы. 1854ж бастап трансатлантика телеграфтық кабельдерді жүргізу жұмыстарына көп көңіл бөлді.1851 жылы термодинамиканың 2 бастамаларын тұжырымдап, энергия теориясын жасап шығарды. |
|