| Пәні: дүниетану Мектеп: №3 Кеген орта мектебі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Үркінбай Айсұлу Қайратқызы Мен және қоғам Сынып: 1 Күні: 05.09.2018ж Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: 0 | |||
| Ортақ тақырып: | Өзім туралы | ||
| Сабақ тақырыбы: | Мен кіммін? | ||
| Оқу мақсаты: | 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау | ||
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Өзiн мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесi ретiнде сипаттайды; Көптеген оқушылар: Мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы біледі; Кейбір оқушылар:Мектептегi, сынып ұжымындағы iс-әрекеттерге, әдептер мен тәртiпке қатысты ережелердi шығарады. | ||
| Бағалау критерийлері: | Өзін мектеп оқушысы екенін біледі. Сынып ұжымының мүшесі ретінде сезінеді | ||
| Ойлау дағдыларының деңгейлері: | Білу, түсіну және қолдану | ||
| Құндылықтарды дарыту: | Оқушылардың бірін-бірі тыңдау,көмектесу, жұптасып тапсырма орындау мәдениетін қалыптастыру. | ||
| АКТ қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта. | ||
| Тілдік мақсат: | Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады; - тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады. мектеп – школа – school; мұғалім – учитель – teacher; аспаз – повар – cook; кітапханашы – библиотекарь – librarian; дәрігер – врач – doctor.
| ||
| Пәнаралық байланыстар: | Орыс тілі, ағылшын тілі, көркем еңбек. | ||
| Бастапқы білім | Менің мектебім тақырыбын қорытындылау
| ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы 10мин
| Психологиялық ахуал.Шаттық шеңбері арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. (Ұ) Балалар шеңбер құрып отырады. Әрбір бала кезектесіп өзі туралы хабарлайды: - аты-жөні; - жасы; - өзіне не ұнайды? -Сен мектепалды даярлық сыныбында оқыдың ба? - Сен онда не үйрендің ? Ширату жаттығуы: «Менің мектебім» өткен тақырып бойынша оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.Оқушыларға мектептің суреті көрсетіледі.Шаттық шеңбері: «Мектебім» әнін тыңдау. -Балалар сендерге өлең ұнады ма? -Өлең не туралы? -Сендер мектепке не үшін келесіңдер? -Сендер барлықтарың ұжым бола аласыңдар ма? Топқа бөлу:Жұмбақтардың шешуі арқылы топқа бөлу. Бiлiмнiң жол басшысы, (Мұғалiм) Білімнен мол сый-асы,
Бiр санға өсiрдi, Өзi қалып орнында, Бiздi алға көшiрдi. (Сынып)
|
Оқушылардың фотосуреттері | |
| Сабақтың ортасы 15мин
Сергіту сәті:
| -Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты- өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау. 1-тапсырма: «Жұптық әңгіме» әдісі. Ж: Оқушыларды жұптарға бөлу. Олар кім екенін және қайда тұратынын айта отыра өздерін таныстырады. Одан кейін оқушылар өз өмірінің кейбір сәттерін талқылайды: 1. ұнататын заты, аяқ киімі және киімі; 2. естеліктері; өзі туралы қызықты (ерекше) жайттар; Бағалау(ауызша): Бас бармақ арқылы бағалау. Ойын «Қол шапалақтау» Айтылған сөздердің ішінде оқу құралдарына байланысты сөздер болса , қол шапалақтаймыз. Жоқ болса шапалақтамаймыз.Мысалы: қалам, үй,дәптер, бас, қарындаш, гүл,кітап. Қ: Бағалау критерийі -Мектепке қажетті заттарды біледі -Заттардың кімге , не үшін керек екенін айта алады. 2-тапсырма -Мектепке бару үшін қандай заттар керек? -Бұл заттар кімге және не үшін керек? Дескриптор: -Мектепке қажетті құралдарды анықтай алады. -Мектеп құралдарының оқушыға қажеттілігін әңгімелейді. Бағалау(ауызша): оқушылар бір-бірін бағалайды. Кері байланыс: Шабадан, ет тартқыш, себет 3-тапсырма: «Фотосуреттер әдісі» Ө: (сыныбындағы оқушының портретін салу) -Мектеп оқушысы қандай болу керек?(мектеп ережесін шығару) -Балалар балалық шағымызды есімізге түсіріп фотосуреттер көрмесін құрайық. Бағалау(ауызша): «Түрлі түсті қарындаштар» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды. Жасыл – жақсы салынған Сары-кемшіліктері бар Қызыл- аздаған кемшіліктері бар. |
| |
| Сабақтың соңы 15мин | Белсенді оқыту әдісі «Пікір алмасу» 4-тапсырма: Т: Сурет бойынша сұрақтардың жауабын топтаса отырып нақты, түсінікті етіп дәлелдейді. -Мектепте кімдер жұмыс істейді? -Суретте кімдер бейнеленген? -Олардың қайсысы жұмыс істейді? -Олар қандай жұмыс істейді? Бағалау(ауызша): бутерброд әдісі |
| |
|
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
| Әр тапсырмадан кейін бағалау түрлерін жүргізіп отырамын. «Шабадан, ет тартқыш, себет» атты кері байланыс жүргіземін.
| Саралау тапсырмаларына «Пікір алмасу», «Фотосуреттер», әдісін пайдаландым.Себебі, сыныпта үлгермеуші оқушылар қатарының болмауы, жалпы оқыту деңгейін төмендету қажеттілігін жою.
| Жас ерекшеліктеріне сай тапсырма беремін.Уақытысында сергіту сәтін жүргізіп отырамын. | |
| Сабақ бойынша рефлекция Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. -Қысқа мерзімді жоспар жасау кезінде бастапқыда сабақ мақсаттары дұрыс қойылмады.Мен тренер мен әріптестерден кеңес ала отырып түзетулер енгіздім.Оқушылардың барлығы қол жеткізе алмады, сол себепті саралап оқыту тәсілдерімен жұмыс жүргіздім. Сабақ жоспары бойынша тақырыпқа сай әдістер қолданбағандықтан ауытқу болды.Соны ескере отырып белсенді әдістерді қолдана отырып түзетулер енгіздім.
|
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз 1:Белсенді оқу әдісі «Пікір алмасу», «Фотосуреттер әдісі», «Жұптық әңгіме» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын толық білдірді. 2: Оқушылар белсенділігі,топта жұмыс істеу жақсы болды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз 1:Оқушыларды қолдау, олармен жылы қарым-қатынас көрсету. 2: Жеке, жұптық , топтық жұмыс ұйымдастыру. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? -Саралау тапсырмаларын жүйелеу. | |








Дүниетану Өзім туралы (210.63 KB)

