Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Домбыра дастан

Домбыра дастан

Национальный инструмент Домбра домбра отзывы родителей о о том, что в внеклассное мероприятие для школьников

16.12.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Домбыра дастан»

Мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы- домбыраның  түрлері,  домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат бере отырып,  домбыраны жазықтықта салып үйрену.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп,  үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Домбыраны дұрыс жазықтықта бейнелеуді қалыптастыру.
Тәрбиелік  мақсаты:  домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, оқулықтар, СD дискісіндегі “Балалық шақ” күйі.  Слайд.

Бұл тәрбие сағаты халқымыздың көнермей, өшпей, жоғалмай келе жатқан мұрасы-домбыра жайлы.

Бірінші оқушы:

«Тақтым саған шегін аққу-қарғаның,

Ал, домбыра, безілдегін, сарнағын!

Дауылпаздың екі беті өртенсін,

Естігенде сексеуілдің арманын.»

Домбыра...

Өгей көзге қораштау көрінетін екі ішекті аспапта қаншама құдірет жатқанын дәл айтып, жеткізу үшін «Қазақ» дейтін халықтың талай ғасырға тарихын баяндау керек. Домбыраны муузыка аспабы деу аз. Ол ықылым замандардан күні бүгінге табиғаты мен үнін бұзбай жеткен халықтың қастерлісі, ата-бабадан ұрпағына аман жеткен аманат, тарихын сүйіп, қастерлейтін ұл-қыздың маңдайға басар қасиетті меншігі.

Күй «Балбырауын»

Екінші оқушы

Домбыраның шығу тарихы (Аңыз)

Үшінші оқушы Дүниежүзілік ақыл-ой мектебінде екінші ұстаз саналатын ұлы баба-Әбу Насыр Әл Фараби домбыраның тұңғыш жасаған адам деген болжам бар.

Төртінші оқушы

Домбыраның бірнеше түрі бар шанағы сопақша, мойны қысқа шағыны да, шанағы кең алмұрт пішіндесі де, қормасы қалақша тәріздісі де, екі-үш шектісі де кездеседі

Бесінші оқушы

Қалай болған күнде де осы қарапайым, әрі құдіретті аспап халықпен бірге жасап, тарихына куә боп келе жатқаны анық.

«Құрманғазының Динаға аманаты» (көрініс)

Құрманғазы:

« Халқым, мен не көрмедім, тар қапас түрмені де көрдім, табиғаттың кең пейілін де көрдім.

-Дина, балам! Мына бір ата-бабамыздан қалған киелі де құдіретті мұраны саған табыс етемін. Өзіңнің болашақ ұрпағыңа «Атадан жеткен аманат» ретінде табыс ет.»

Алтыншы оқушы

Уа, домбыра, қалған мұра бабамнан,

Бабамыздың қаныменен жаралған .

Тебіренем өзіңменен сырласып,

Кейде өзіңмен жабырқап та мұңдасып.

Жетінші оқушы

Домбыра-күллі қазақ ән-күй өнерінің негізгі бастауы , әрі халық тарихының куә жыршысы. Хан туралы көрініс

Жалғыз ұлымның өлімін іштей сезе тұра, сол ақиқатты мойындағысы келмеген қатігез хан алдында күй ойнаған домбыраның жазығы үшін шанағына қорғасын құйған.

Сегізінші оқушы

Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі францияда өнер көрсетіп Құрманғазының « Сарыарқасын» орындағанды бүкіл театр көрермені орындарынан тұрып домбыра үнінің құдіретіне бас иген еді.

Домбыра құдіретімен таныстыру

Тоғызыншы оқушы

Домбыра құдіретін әйгілеген Құрманғазы мен Сүгір, Қазанғап пен Дәулеткерей, Дина мен Түркеш cияқты ондаған халық композитордың есімі халықтың құрметіне бөленіп отыр

(6 оқушы шығып, бір,бір күй шертіледі)

Оныншы оқушы

Домбыра үні... Осы құдіретті үн талай заманнан, халықтың өткенінен елес береді. Осы жүрекке туыс үн қазір әр қазақтың шаңырағында естіледі.

Он бірінші оқушы

Домбырам,өзіңменен үндес едім,

Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін де білмес едім.

Он екінші оқушы Ән М.Мақатаев «Дариға домбырамды берші маған»

Домбыра қайда барсам тастамаймын

Әнменен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек,он бір перне,бір тиекпен,

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Жан жолдас жас күнімнен қайда барсам,

Жаныма жүре алмаймын байламасам.

Дауысыма дауыс қосылып әсер береді

Жаңғыртып тау мен тасты айқайласам.

Он бесінші оқушы: «Әгугай домбыра»

Он алтыншы оқушы: Халқымыздың ұлттық рухани мұрасын насихаттауға жігер-күшін аямай еңбек етіп келе жатқан Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі тыңдау

Тарт күйіңді,домбыра,

Төгіл,төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін,желпін жел соқтыр.

Тауда тұман тұрмасын

Көкте бұлт ыдыра!

Тыңдамаған қалмасын,

Ойды, қырды қыдыра

Құлшына тарт домбыра!

Он жетінші оқушы

«Атадан жеткен аманат»

Домбыра...

Қазақтың ән -күйі,дастаны

Толғанып тыңдайды жастары.

Пернелер күй төксе тебіреніп,

Жазылар тау,тастыңи қатпары.

Безілде домбыра сөйлеп серпіп

Тыңдайды халқың да күйге елітіп.

Он саусақ перне бойлап бір тынбайды,

Толғанып тоқсан тарау күйін шертіп.

Тыңдамас, толқымас жан бар ма

Пернеден сырлы күй төгілсе

Әлсіз діріл қағады нұр шамдар да

Сарна сен домбырам,безілде

Ата бабам күй шерткен кезінде

Безілде,безілде күй төкші

Күмбірлеп тиіп бір сезімге

Атадан қалған бір аманат ,

Домбырам сызылтып, күй сарнат.

Әсерлі қоңыр,сүйкімді

Домбыра баяулап шарықта.

Сынып жетекшісі: Ахметова Ә.

«Халқын, тарихын, халқының інжу-маржанын сүйер ұл мен қыз шаңырақ пен бесікке, от жанған ошаққа және домбыраға бас иеді.

Домбыра тым әріден, құмда ізі, қағазда сөзі қалмаған алыс ата бабалардың бүгінгі келешектерге қалдырған ақжолды аманаты. Олай болса атадан жеткен аманат домбыраны құрметтеп қадір тұту әр қазақ азаматының парызы міндеті.









4


-80%
Курсы повышения квалификации

Эффективные формы и методы организации образовательно-воспитательного процесса в детском доме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Домбыра дастан (22 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели