Сабақ №5
Сынып 11 ә Күні:30.09.2014ж
Тексерген _________ Пән мұғалімі: Дукенбаева А.О
Сабақтың тақырыбы: Деректер қоймасы. Реляциялық қойма. MS ACCESS компоненттері.
Сабақтың мақсаты: .
Тәрбиелігі:. Оқушыларды ұқыптылыққа, тәрбиелікке, тиянақтылыққа жауапкершілікке баулу
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту .
Сабақтың түрі. Теориялық сабақ.
Пайдаланылатын көрнекі-құрал жабдықтар: оқулық, жұмыс дәптері, карточкалар.
Сабақтың өту барысы
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты қортындылау.
6.Үйге тапсырма беру.
7.Оқушылар білімін бағалау.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Жасанды интелект (ЖИ) жүйесінің ұғымы?
• 60-шы жылдардың аяғында ЖИ-дің міндетттері?
• ЖИ-ді қолдану саласында жасалған үлгілері?
• ЖИ-дің алғашқы үлгілері?
• ББ-ның негізгі элементі?
• Білім семантикалық көзқарас тұрғысынан нешеге бөлінеді?
• Объектілер класы дегеніміз не?
• Білім сипаттау нысаны бойынша нешеге бөлінеді?
• Мета білім дегеніміз не?
Жаңа түсініктер.
MS ACCESS ең кең тараған деректер қоймасын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.
Қазіргі кезде деректер қоймасы (ДҚ) және деректер қоймасын басқару жүйесі (ДҚБЖ) терминдері тек компьютерлерге қатысты қолданылады. Жалпы мағынасында деректер қоймасы терминін белгі бір нышандарына байланысты біріккен ақпараттардың кез келген жиынына қолдануға болады. Мысалы, деректер қоймасы ретінде поезд қозғалысының кестесін немесе сатып алушылардың тапсырысы және тапсырыстың орындалуы туралы мәліметтер тіркелген кітапты қарастыруға болады. Мұнда деректер қоймасы ретінде анық біріккен мәліметтердің жиыны қарастырылған.
Көптеген ДҚ-да алғашқы деректерді жинақтау кестенің көмегімен іске асырылады, оның жолы-қойманың бір объектісі жайлы толық ақпаратты, ал бағаны- объектінің бір сипаттамасын білдіреді. Кестенің жолы жазу деп, кестенің объектілері сақталған белгілі бір сипаттамалардан тұратын баған өріс деп аталады.
Өріс



Қызметі Аты, тегі Телефоны

Президент Қасым Кәрбозов 65-89-26
Жазу Вице-президент Абай Ғайнулин 36-48-78
Бас есепші Анар Сәбитова 63-45-12
Маркетолог Бақыт Дүйсенов 02-56-87
Офис-менеджер Елена Климова 25-32-43
ДҚ құруда тиімді жұмыс үшін оның құрылымын әрбір өрісте мазмұны тек бір типтегі деректер болатындай детіп ойлау табу керек, мысалы:
• өрістің аты:Тегі
мазмұны: Молдыбаев
• өрістің аты: Телефон
мазмұны: 25-32-43
• өрістің аты:Айы
мазмұны: сәуір
Деректердің реляциялық қоймалары
Соңғы уақытта деректер қоймасының ішіндегі ең көп тарағаны-реляциялық деректер қоймасы. Реляциялық деректер қоймасында ақпарат бір немесе бірнеше кестелерде сақталады. Кестелер арасындағы байланыс бір немесе бірнеше сәйкес өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері:
• Барлық деректер кесте түрінде сақталады.
• Әртүрлі сипаттағы деректер түрлі кестелерде сақталады.
• Қойма құратын кесте деректері арасында қарым-қатнас беріледі.
• Әртүрлі кестелердегі ақпарат деректері жаңа сұратулар құру кезінде қолданылатын жаңа кесте түрінде бірігуі және ұсынылуы мүмкін.
Реляциялық ДҚБЖ-нің жайпақ кестелерден айырмашылығы:
| Сипаттама | Жайпақ кестелер | Реляциялық ДҚБЖ |
| Бірнеше кестелердің негізінде талдау жасау | Мүмкін емес | Стандартты операция көп құралдар |
| Алынып отырған орын | Қосарланушы ақпараттың қажеттілігі есебінен үлкен орынды үнемдеу | Жекелеп байланысқан кестелердің қоймасы салалары есебінен |
| Қарапайым амалдарды орындау | Қолмен немесе жартылай автоматтандырылған (аз өнімділік) | Жартылай автоматтандырылған немесе автоматтандырылған (жоғары өнім |
1.3. MS ACCESS компоненттері.
MS ACCESS ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады.
Олар: кестелер, пішіндер, есеп берулер, сұратулар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Пішіндер мен есеп берулерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады.
Кесте деректер қоймасының негізі болып табылады. MS ACCESS-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Пішіндер пішін терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді.
Есеп берулер деректер қоймасында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер еонструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.
Сұрату деректер қоймасынан ақпаратты алады, әлі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болу мүмкін. MS ACCESS-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдага отырып, бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1,2,-ші практикалық жұмыстарды орындау.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• MS ACCESS 2000 дегеніміз не?
• Деректердің реляциялық қоймалары?
• Реляциялық ДҚБЖ-нің негізгі ерекшеліктері?
• MS ACCESS компоненттері?
• Өріс деп, жазу деп нені айтамыз?
Үйге тапсырма: оқулықтағы 29-33 беттегі тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау Бағалау.
| 1-практикалық жұмыс Деректер төмендегі түрде кестеде сақталған: Тегі, аты, Үй телефоны- Жұмыс теле- Ескертпе
Сержанов 22-45-63 61-56-98 Үйленген, ұлы Азамат мен қызы бар, Қанатұлы жұмыс істеге- не 12 жыл
Осы кестенің деректеріне талдау жасаңыз және бар ақпараттың жақсы ұйымдастырылуы үшіе деректер қоймасында өрістердің орнына қойылуы нұсқасын ұсыныңыз: Өріс аты Мазмұны
Деректер қоймасының негізгі белгісі-ондағы ақпараттың жылдам ізделуі. Егер абоненттің тегі, аты және әкесінің аты белгілі болып, телефон номерін табу қажет болса, бұл ақпаратты Телефондық-адрес кітапшасынан аласыз. Алайда егер фирмаңызда, мысалы, компьютерлермен сауда жасайтын кісінің жай жоспары тапсырыстар кітабында хронологиялық тәртіппен реттелген болса, онда белгілі бір қалада тұратын клиенттердің тізімін алуға немесе соңғы үш айда сатып алушылардың көп сұранысына ие болған компьютерлердің моделін анықтауға біраз уақыт жұмсалады.
|



әкесінің аты ның нөмірі фонының нөмірі

Деректер қоймасы. Реляциялық қойма. MS ACCESS (56 KB)

