Меню
Разработки

"Әдептілік әдемілік"

Разработка по теме "Вежливость" для воспитателей детского сада.

24.01.2018

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Әдептілік, әдемілік»

Мақсаты: Әдептілік туралы үйрету.Кішіпейілдікке, сыпайылыққа, биязылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.Сөздік қорын арттыру, танымдылық қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: сурет, слайд,автобус макеті.



Жылулық шеңбері: Шеңберге тұрып бір бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейік.

Қайырлы күн.

- Аспанымыз ашық болсын.

- Деніміз сау болсын.

- Ауырмайық.

- Отанымыз тыныш болсын.

- Дос болайық.

- Тату болайық.



    • Балалар,бүгін біз сендермен әдептілік, әдемілік туралы әңгімелесеміз.

    • Өздерің әдепті деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Суретпен жұмыс. Слайд көрсету.

- Ал,мына суретте не көріп тұрсыңдар?

    • Істеген істері туралы не айтасыңдар?

    • Өздерің не істер едіңдер?

    • Жағдаятты сұрақтар. Балалардың пікірлері.

Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен

Отын ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Жуамын ыдыс аяқты.

Жылай қалса бөпеміз,

Уатамыз ойнатып.

Автобуста, аялдамада болатын жағдайлар.Балалардың орындауында шағын көрініс.

    1. ші көрініс: Ауыр сөмкесі бар әже, автобусқа мінгелі жатыр.Балалардың әрекеті.

2-ші көрініс:Автобус толған адамдар,бос орын жоқ,үлкен адам ата немесе әже түрегеліп тұр. Балалардың әрекеті.

Балалардың мақал мәтел, тақпақтары.

    • Балалар мынау не? Не жетіспейді?

    • Күннің көзі. Оның сәулелері.

    • Ендеше балалар, әдептіліктің сиқырлы сөздері болады екен соны әр сәулесінде

жазулы тұр, мен оқып тұрамын сендер күннің сәулесін жапсырыңдар.

    • Қандай сиқырлы сөздер болады екен? Оларды не үшін айтамыз?

Балалардың жауаптары.

Қорытынды:- Балалар сонымен әдептілік сөзін қалай түсінесіңдер? Әдепті,әдемі болу үшін не істеу керек? Балалар сендер күнде таңертең қайда келіп жүрсіңдер?Яғни балабақшада да әдептілік ережесін сақтайық. Мен сендерге мына тапсырманы беремін ,сендер суреттерді геометриялық пішіндер ішіне жапсырасыңдар.

1 топ үшбұрышқа «Шуламайық!» белгісін безендіреді (сурет аузы ашылған бала және аузын қолмен басып тұрған қол)

2топ шаршыға «Сәлемдесейік!» , «Қоштасайық!» белгісін (қолдарын түйістіріп тұрған және күлімдеп тұрған бейне)

3топ дөңгелекке «Ақырын жүрейік» белгісін (аяқтың іздері)

4топ төртбұрышқа «Тату болайық!» белгісін (геометриялық пішіндерден құрастырылған қолдарын ұстаған адамдар бейнесі)

Ережені қайталау, балаларды мадақтау.





















-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Әдептілік әдемілік" (14.63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт