Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  "Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің"

"Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің"

Балаба?ша т?рбиешілеріне арнал?ан ашы? о?у іс-?рекеті. Жарыс т?рінде ?йымдастырылып, ?ткізілді.

21.01.2017

Содержимое разработки



Отбасылық сайыс «Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің»

Мақсаты: Сауықтыру шарасына байланысты өткізілетін отбасылық спорттық сайыстың мақсаты. Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: доп, скакалка, кедергілер.

Жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Командамен таныстыру

  3. Әділ-қазылар алқасын тағайындау

  4. Сайыстың шарттары

  5. Сайысты қорытындылау.

Жүргізуші:

Армысың ағайын жұрт, алқалы топ,

Біз келдік болашақтың жалауы боп.

Өздерің бізді демеп отырсаңдар

Отбасы сайыскерлерінің онда енді арманы жоқ!

Қашаннан аялап перзентін бауырға басқан,

Жақсылық ұялатар көңілге ұдай.

Бұрынғы ата-баба жолыменен

Қазақпыз қарамайтын перзентіне жай.

Құрметті қонақтар, ата-аналар, шағын орталық ұжымы! Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің шағын орталық балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің» атты отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысып отырған отбасыларымызды ортаға шақырамыз.

Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл сана.

Көркіне ақылы да сай келетін

Бегалиевтер отбасы ортамызда!



Қуантады білімімен бәрімізді,

Қол соғып қарсы алайық енді оны.

Камаловтар отбасы келіп қалды

Татулықты ту еткен бұл отбасы.

Жігітке ақыл-білім жарасады,

Нағыз ер халқыменен санасады.

Сайысқа бар күшімді саламын деп

Алдабергеновтер отбасы таласады.

Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден де озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз деп

Абдуллаевтар отбасы ортамызда!

Жүргізуші:

Келді міне бүгін сайысты сынауға

Сын алып сайыскерлерді бағалауға.

Салты бар өнерлі осы ортада

Берер деп әділқазы әділ баға – дей отырып әділ - қазылар алқасымен танысайық

  1. Мектеп директоры - Е.Жанұзақов

  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Г.Зейнелова

  3. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Т.Султанова

- Әділ қазылар алқасынан ойынымыздың әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке-жеке көтеруін сұраймыз!

Ал енді «Балбөбек» І сәбилер тобының орындауында биді қабыл алыңыздар.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

Бүгінгі спорттық сайыс 5 бөлімнен тұрады:

Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасын.

Спортты серік ете біл

Жақсы азамат боласын.

  1. «Секірмек» - мұнда екі үлкені (әкесі мен шешесі) скакалкамен кедергілердің арасымен, құлатпай бр жылдамдықпен мәреге жетуі тиіс. Баласы аталған пішіндерді таңдауы тиіс.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман боп талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ

Жарысқа түсіп қалайда.

  1. «Есептер шығару» - екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткен соң тақтайшадағы плакатқа есептер шығаруы тиіс. Ал баласы болса бойлинг доптарын құлатуы тиіс.

Денің сауда күштісін бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында

Жетерсің әлі талай белестерге.

  1. «Кенгуру» - бұл ойынымыздың шарты доптың үстіне отырып, кедергінің арасымен, құлатпай айналып, жеңіс мәресіне жетуі керек.

  2. Арқан тартыс.

Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділ қазы елсенген

Әділ баға беріңіз.

  1. «Шармен домалау» - бұл ойынның шарты әкесі анасын домалақ шардың ішіне салып мәреге тез жетуі тиіс. Баласы кедергілерден өтіп туды тігу керек.

Жатып ішер жалқау боп,

Бойкүйіз болма еріншек.

Айналысып спортпен

Талаптан жаттық еңбектен.

  1. Кедергілерден өту.

Сайыскерлеріміз әділ қазы қандай баға берер екен деген үмітпен қарауда.

Құрметті көрермендер, «Денсаулығы сәбидің, қуанышы әр үйдің» атты спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады.

Қорытынды: Әділқазыларға сөз беру.



-80%
Курсы дополнительного образования

История моды

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің" (45.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт