Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Планирование  /  6 класс  /  Денің сау болсын десең

Денің сау болсын десең

Дені сау болу жолдарын уйрету басты маселе болып отыр

27.03.2017

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Тақырып: Денім сау болсын десең…

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Тазалық, адалдық

Сынып-6

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік Міндеттері.

Білімділігі: - оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: - оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелілігі: - өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:


Нұрға бөлену


Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Ресурстар:( оқулық, дәптер)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Зиянды әдеттерге нелер жатады?

  • Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

  • Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?

  • Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

Сабақ барысын талқылау:

3.Әңгімелеу (сұхбат)

-Денсаулығың өз қолыңда дегенді қалай түсінесіңдер?

-Салауаттылық – саулық негізі деудің мәні неде?

-Салауатты өмір салты не үшін керек?

-Сатып алған ауруға дауа жоқ?



4. Дәйексөз

«Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»

Т.Карлейль


5.Шығармашылық жұмыс

«Жаны саудың – тәні сау» тақырыбында эссе жазыңдар» деген шығармашылық жұмысты алған білім–біліктеріңді ой елегінен өткізе отырып, орындаңдар.




6. Топпен ән айту.

Бала тілегі

Сөзі:С.Молдасұлы

Әні: Ф.Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет)


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет)


7.Үй тапсырмасын беру

Абайдың 17-қара сөзін оқып келу


8.Бағалау

Сабаққа белсене қатысқандарың үшіен үлкен рахмет!!!







-75%
Курсы повышения квалификации

Педагогический кейс в профессиональной деятельности учителя истории и обществознания

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
750 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Денің сау болсын десең (16.17 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт