«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ» БӨЛІМІ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫҢ ҮЛГІСІ
| Пән: Әдебиеттік оқу | Мектеп: | |
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
| Сынып: 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
|
| Дені саудың – жаны сау | |
| Дене мүшем сау болсын | |
| Сабақтың оқыту мақсаттары | 1.4. Тыңдарманның назарын аударту. | |
| Күтілетін нәтиже | Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, жазба жұмысын орындайды. | |
| Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды, қажетті және мағыналас сөздерді табады. | ||
| Кейбір оқушылар: жазушыға еліктеп көркем сөйлей алады, нақты дәлелдер келтіріп жазады. | ||
| Құндылық | Жан мен тәннің саулығы және рух тазалығы | |
| Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |
| Алдыңғы білім | Менің туған өлкем | |
Жоспар
| Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар |
| Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту: Сыныпты қалыпқа келтіру. Үй жұмысын сұрау. Ой сергек. Мен үшін байлық – ... |
|
| Сабақтың ортасы 30–35 минут
| Мағынаны ажырату Ой қозғау Байлық деген не? Оған қатысты 5 сөз ойластыр. Білу (оқушы әдістер мен жұмыстың орындалу ретін біледі (процедурасын). «Балалар философиясы» әдісі. Мақсатқа сәйкес оқушыларға жетістік критерийін шығарту. Түсіну. Оқылым. «Байлық» мәтінін түсініп оқу. Сом – теңге шыққанға дейінгі қолданылған ақшаның аты Қолдану. Топтық жұмыс. «Денсаулық» сөзін әр түспен жазып, сол түстер арқылы топқа бөлу. Тапсырма: тыңдарманның назарын аударып, мәтінді рөлге бөліп оқу. Жетістік критерийі: дауыстап, анық оқи алады; рөлге бөліп оқи алады; тыңдарманның назарын аудара алады. Бағалау: ЖК бойынша бағаланады. Жұптық жұмыс. Топ ішінен жұптастыру. Тапсырма: сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орында. 1. Мәтінге сүйеніп, жарлы сөзіне мағынасы жуық сөздерді ата (Постерге сыздыруға болады). 2.Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады? Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау. Қызыл түс пен сары түсті көтергендер не үшін көтергендерін түсіндіріп, ұсыныс, ескертулерін айтады. Жеке жұмыс 1-тапсырма: мәтінге сүйеніп, қажетті сөздерді тап. Көздерім ... Қандай? Құлақтарым ... Аяқтарым ... Синтез. Ой толғау Жазылым. 2-тапсырма: Денсаулық – зор байлық екендігіне дәлелдер келтіріңдер. Ү л г і: Денсаулық – зор байлық. Өйткені ... көздерім болмаса, не істер едім? Жетістік критерийі: қажетті сөздерді таба алады; пікіріне дәлелдер келтіре алады. Бағалау: ЖК бойынша бағаланады. |
Сұрақтар жазылған қағаз қиындылары
Постер Бағдаршам Интербелсенді тақта
|
| Сабақтың соңы 5 минут | Үйге: денсаулық туралы мақал-мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіру. Рефлексия. «Бүгін мен мәтін арқылы ... түсіндім» Кері байланыс |
|
Қосымша мағлұматтар
| Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
| Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
| А, А + жазушыға еліктеп көркем сөйлей алады, нақты дәлелдер келтіріп жазады. | Жетістік критерийлері арқылы. | Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық, құрмет. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі. Тәрбиелік мәні: әр нәрсенің қадірін білуге, төзімділікке, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
|
| Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |
| Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | ||

Бөлім


Дене мүшем сау болсын (486 KB)

