Сабақтың тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.
Физика пәні бойынша ашық сабақ.
Дайындаған: С.Е.Хасенова
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік мақсаты : Сабақты өмірмен байланыстыра отырып , түсіндіру .
- Дамытушылық мақсаты: таныс нәрседен жаңа проблема тудырып оны шеше білу.
- Тәрбиелік мақсаты: білімін, білігін, машығын қалыптастыру .
Сабақтың барысы:
- 1. Сәлемдесу;
- 2. Оқушыларды түгендеу;
- 3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
- 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- 6. Оқушылардың білімдерін тексеру.
- 7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Сабақты түсіндіру.
- Егерде бұрындары жұмыс деп тек адам еңбегін атаса, енді қазір белгілі бір физикалық шаманы да осы терминмен түсінетін болды.
- “ Жұмыс” терминін физикаға 1826 жылы француз ғалымы Ж. Понселе енгізген болатын.
- Механикалық жұмысты физикада А —әріпімен белгілейді.
Механикалық жұмысты есептеу үшін Понселе арнайы ережелерді ұсынды.
- Егерде дене қоғалысының бағыты түсірілген күштің бағытымен сәйкес болса, онда бұл күш жүрілген жол мен күштің көбейтіндісіне тең оң жұмыс жасайды.
A = Fs (1)
- Егерде дене қозғалысының бағыты күш бағытына қарама - қарсы болса, онда осы күш жүрілген жол мен күштің көбейтіндісіне тең “ минус ” таңбасымен алынған теріс жұмыс істейді.
A = — Fs ; (2)
- Егерде дене жылдамдығы күш бағытына перпендикуляр болса, онда бұл күш ешқандай жұмыс істемейді.
A = 0. (3)
Жұмыс істеліну үшін үш шарт орындалуы қажет:
- а) денеге қандай да бір күш түсуі тиіс;
- б) дене қозғалуы тиіс;
- в) қозғалыс бағыты күш әрекетінің бағытына қатысты перпендукляр болмауы тиіс.
- Егерде осы шарттардың бірі орындалмаса, онда жұмыс нөлге тең болады.
Механикалық жұмысқа мысал :
- Қандай да бір жүктің салмағын қолына түсіріп, жай ұстап тұрған адам шаршайды.
- Адам істеген жұмыс оның организмінде өтетін процестермен байланысты.
- Мұқият бақылау адам қолындағы жүк іс жүзінде толық тыныштықта қалмайды, периодты түрде жоғары көтеріліп және төмен түсіп шамалы тербеліс жасайтындығын көрсетеді.
- Адамның бұлшық еті сол кезде жүктің әрбір микроскопиялық көтерілуіне организм өндірген энергияны жұмсай отырып, біресе босаңсиды, біресе жиырылады.
СИ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі
- Джоуль [Дж] болып саналады.
- 1 Дж — бұл 1 Н күштің осы әрекет етуші күштің бағытымен 1 м жолда істеген жұмысы.
- Бұл бірлік ағылшын ғалымы Дж. Джоульдің (1818—1889) құрметіне аталған.
- [1 Дж = Нм].
- Сондай-ақ килоджоуль мен миллиджоуль да жиі қолданылады:
- 1 кДж = 1000Дж, 1 мДж = 0,001 Дж.
Бүгінгі өтілген тақырыптарға есептер шығару. Өзіндік жұмыс.
- Трактордың жер жырқандағы тарту күші 1000 Н, ал оның қозғалыс жылдамдығы – 7 км/сағ. Трактор қозғалтқышы 8 сағатта қанша жұмыс істейді?
- Массасы 200 кг жүкті 30 м/мин жылдамдықпен 10 секундта жоғары көтеріп шығаруға болады. Осы кезде қанша жұмыс істелінетіндігін есептеп шығар?
- Массасы 450 кг денені 50 см биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек?
Өзіндік жұмыс.
- Массы 4 кг жәшікті 2,5 м биіктікке көтергенде істелген жұмыс неге тең?
- Денені үстел үстімен 1 м қашықтыққа жылжытқанда істелінетін жұмысты тап? Күш 5 Н.
Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
- Механикалық жұмысты физикада қандай әріппен белгілейміз?
а) Ғ б) Е в) А с) Р д) Т
- Жұмыс терминін физикаға кім енгізді?
а) Кюрий б) Ом в) Папов с) Понселе д) Архимед.
- Жұмыс терминін қай жылы енгізді?
а) 1862 б) 1628 в) 1826 с) 1982 д) 1782
- Механикалық жұмыстың өлшем бірлігі Си жүйесінде қалай өлшенеді?
а) Вт б) А в) Дж с) кг д) с
- Егерде дене жылдамдығы күш бағытына перпендикуляр болса, онда бұл күш қандай жұмыс істемейді?
а) ешқандай б) көп в) кем с) бірдей д) жауап жоқ
Қорытындылау. Үй тапсырмасын беру
- 1- формула к үш пен әрекет етуші күштің бағытымен жүрілген жол неғұрлым көп болса, осы күшпен істелетін жұмыс солғұрлым көп болатынын көрсетеді.
- $ 63 дайындық сұрақтары. 35-жаттығу