| пән | Әдебиеттік оқу | |
| Сабақ тақырыбы | Туған өлкем | |
| Күні: 18.11. | Мұғалімнің аты - жөні: Изекеева Райса | |
| СЫНЫП: 2 Г | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Өлеңді мәнерлеп оқи білу; өлең мазмұнын түсіну, өлең мазмұнына сай сурет салып, берілген ұйқасқа өлең құрастыра алу. | |
| Сабақ мақсаттары:
| Барлық оқушылар орындай алады: өлеңді мәнерлеп оқи алады. | |
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлең мазмұнына сай сурет сала алады. | ||
| Кейбір оқушылар орындай алады: берілген ұйқасқа өлең құрастыра алады. | ||
| Оқушылар орындай алады: туған ел, туған жер, атамекен сөздерін айтқанда ойларына не келетінін түсіндіре алады. | ||
| Тілдік мақсат: | ||
| Жетістік критерийі | жетті | талпынады | |||
| Егер өлеңді мәнерлеп оқи алса; Егер өлең мазмұнын түсініп, өлең мазмұнына сай сурет сала алса; Егер берілген ұйқасқа өлең құрастыра алса. | Егер өлеңді мәнерлеп оқи алса; Егер өлең мазмұнын түсінсе, өлең мазмұнына сай сурет сала алса; | ||||
| Алдыңғы оқу: | Қартқожаның туған жері | ||||
|
| Жоспар | ||||
| Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||
| Басы 13 минут | Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгелдеу. І Сыныпта жағымды ахуал туғызу Балалар, біз қазір көңіл күйіміздің қандай екенін басбармақпен көрсетейікші. ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Дихан Әбілевтің "Туған тілім" өлеңін жатқа айт. ІІІ Пысықтау сұрақтары: 1) ҚР мемлекеттік тілі қай тіл ? 2) Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл? 3) Тіл туралы мақалдар айту. (әр топтан сұраймын) 4) Мақалды жалғастыр І топқа: Тіл тас жарады, .... (тас жармаса бас жарады) ІІ топқа: Тілден бал да тамады, ... (у да тамады) ІІІ топқа: Тіл - қылыштан ... ( да өткір) ІҮ топқа: Туған жер - тұғырың, ... (Туған тіл - қыдырың) Мадақтау Топқа "Мозайка" әдісі арқылы бөлу Қима қағаздар арқылы төрт топқа бөлінеді. Суреттерді құрастырғанда Аралдың көрікті жерлері шығады. Әр топ суреттегі нысан туралы не білетіндерін айтады. Ашық сұрақтар 1. Бұл суреттерді не үшін берді деп ойлайсыңдар ? 2. Туған жерің туралы тағы не білесің ? 3. Осы бөлім қалай аталады? Мадақтау Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. | Тақтаға күн реті мен тақырыпты жазу | |||
| Ортасы 20 минут | Мағынаны тану. Жалпы жұмыс
Мадақтау Туған өлке туралы түсінік беремін. Өлке - бірнеше өңірді алып жатқан аумақ. Алғашқыда мемлекет иелігіндегі жердің шекарасында орналасқан шет аймақты, кейіннен жер көлемі кең облыстарды, тарихи облыстарды өлке деп атаған. Тар мағынада белгілі бір (қалаға, өзенге) қатысы бар, тіпті жер көлемі аз, кіші-гірім жерлер де өлке деп аталады.
Өтебай Тұрманжанов 1. Кім ? ( Ақын) 2. Қандай шығармаларымен таныстық ? Өзім толықтырып өтемін. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын 3-сыныпта "Малсақ бала" 4-сыныпта "Жаралы торғай" , "Қарлығаш" атты шығармаларымен танысамыз. Топтық жұмыс: "Болжау" әдісі Әр топқа өлең шумақтары бөлініп беріледі. Топтар өлең шумақтарын ретімен орналастыруы керек. Дұрыс жауап арқылы өздерін тексеріп, бағдаршам арқылы бағалайды. Дәптермен жұмыс Күн ретін, тақырыпты жазады. Оқулықпен жұмыс Өлеңді өзім оқып беремін. 1. Іштей оқу. 2. Мәнерлеп, жалғастыра оқу. 3. Әр шумақ бойынша түсінгендерін айтқызу. 4. Тапсырмаларды орындау №3 Өлеңнен ақынның қандай сезімдері байқалады? - қуаныш - мақтаныш - өкініш - шаттық №4 Ақын туған жердің күні туралы не дейді? Күн нұрын төгіп тұр. Ақын туған жердің гүлі туралы не дейді? Гүлдің иісі аңқып тұр №5 Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегендерді қалай түсіндің ? № 6 Туған өлке тағы несімен көрікті ? Жан-жануарларымен, т.б. Сергіту сәті "Арал вальсі" әнін тыңдату | Оқулық, топтық жұмыс орындауға арналған қима қағаздар | |||
|
| Топтық жұмыс І топ 1-ші шумақ мазмұнына байланысты, ІІ топ 2-ші шумақ мазмұнына байланысты, ІІІ топ 3-ші шумақ мазмұнына байланысты сурет салу. ІҮ топ берілген ұйқасқа байланысты өлең шумағын құрастыру Аралым алтын мекенім, ... ... өтемін. Қияға қанат қақсам да, ... ... жетемін. Топтар бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды. |
| |||
| Соңы 12 минут | Бейнеролик көрсету. Қазақстанның көрікті жерлері туралы. Бұл бейнероликті көріп Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем - деген өлең жолдары тағы да біздің ойымызға келеді. Қорытынды Осы аталған үлкен тарауды аяқтағалы отырмыз. Олай болса келесі сұрақтарды мұқият тыңдап, дұыс жауап беруге тырысайық. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген сайын қажетті әріптер шығып отырады. 1) Қандай тарауды оқып жатырмыз ? - Т 2) Бұл тараудағы шығармалар не туралы ? - Ә 3) "Отан туралы " өлеңінің авторы кім ? -У 4) "Отан" өлеңінің авторын ата. - Е 5) "Астана" өлеңінің авторы кім ? -Л 6) Дихан Әбілевтің қандай өлеңімен таныстық ? -С 7) М.Мақатаевтың "Отан туралы" өлеңінен бір шумақ айтып бере аласың ба ? -І 8)Ж.Аймауытовтың қандай шығармасымен таныстық? -З 9) Ө.Тұрманжанов туралы не білесің ? -Д 10)"Кімнің мекені жақсы?" мәтінінің кейіпкерлерін ата.-І 11)Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесің ? -К
Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, қазақ жері қасиетті, өйткені ол ата- бабаларымыздың даңқты тарихы, атының тұяғымен сақтап кеткен жері, сондықтан да ата- бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың , тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Олардың асқақ арманы тәуелсіздік еді. Қазақстанның арғы-бергі тарихының тағылымы да, міне осында. Ата- бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік алдық. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Содан бергі тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға белгісіз 25 жыл біз үшін баға жетпес үлкен мереке. Мереке құтты болсын! Бүгінгі сабақтан естелік ретінде суреттер тарату.
Үйге тапсырма: 1)өлеңді жатқа, мәнерлеп айту. 2) Туған жер туралы 2 мақал-мәтел жаттап келу. Кері байланыс: бүгінгі менің жетістігім қандай?
Бағалау |
| |||


Әдебиеттік оқу "Туған өлкем" (298.53 KB)

