Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Разное  /  Прочее  /  Дидактика пәні,міндеттері

Дидактика пәні,міндеттері

Дидактика пәні,міндеттері
09.06.2020

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Дидактика пәні,міндеттері



Дидактика (rp.didaklikos - үйрету, оқытуга қатысты) окытудың және білім берудің теориясы, педагогиканың саласы. Дидактиканың мәні - адамға білім берудің және тәрбиелеудің кұралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім ұйымдастырған сабақ берумен оқудың бірлігінің өзара байланысы. Дидактика - теориялык және сонымен катар нормативті - қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми - теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытудың практикасын бағьттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті-колданбалы, конструктивті – технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика - бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясын жүзеге асырылуы.

Дидактиканың негізгі категориялары (ұғымдары): сабақ беру (преподавание), оку, оқыту, білім беру, білім, іскерлік, дағды, оқытудың мақсаты, мазмұны, түрлері, формалары, әдістері, құралдары, нәтижесі. Сабақ беру (преподавание) - оқьггу мақсатын жүзеге асырудағы ақпараттандыруды, тәрбиелеуді, білімді ұғынуды және практикада қолдануды қамтамасыз ететін мұғалімдердің тәртіпке келтірілген іс-әрекеті. Оқу - процесс, оның барысында оқушыда тану, жаттығу жэне тәжірибеге ие болу арқылы мінез-құлықтың жәме іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болады. Оқыту - қойылған мақсатты орындауға бағытталган мұғалім мен окушылардың тәртіпке келтірілген өзара әрекеті. Бұл олардың бірлескен іс-әрекетінің екі жақты процесі болады. Білім беру - оқушының окыту процесінде ие болган білімнің, іскерлікгің, дағдының, ойлау тәсілдерінің жүйесі.

Оқыту процесіне педагогикадан тыс (қоғамдық жагдайлар) және педагогика ішкілік (сыныптың құрамы, оқу материалының ерекшелігі) сияқты көптеген факторлардың әсер етуі дидактикада статистикалық заңдардың көп болуын шарттандырады, яғни берілген жағдайларда оқьггу процесінде өзгеріетердің қандайда бір болымын болжайды. Дидактиканың заңдарының бір бөлігі динамикалыққа жатады. Онда объектінің бастапқы жағдайы оның әрі қарай өзгеруін бірмэнді анықтайды. Дидактикалык заңдылықтардың ерекшелігін сабақ беру, оқу жэне білім беру мазмұнының арасындағы тәуелділік сипаттайды. Дидактикалык заңдылықтар жекелеген оқу пәндерінің мазмұнына тэуелсіз. Негізгі дидактикалык, заңдылықтар: оқытудың әлеуметтік сұраныска және қоғамдық жағдайга тәуелділігі, оқытудың әлеуметтік-калыптастырушы және тәрбиелеушілік сипаты, оқытудың тиімділігінің оқушылардың белсенділігіне және олардың оқуға деген мақсатты бағытталған жауапкершілік қатынасты калыптастыруға тэуелділігі т.б. Заңдылықтардың басқа бір тобы мынадай: құрылымдық (оқу әдістерінің әртүрлі білім мазмұнының түрлерін меңгеру тәсілдеріне тәуелділігі). жүйелілік (сабақ берудің, оқудың және білім мазмүнының бірлігі), эволюциялық (окушылардың жасына жэне даярлық деңгейіне сәйкесті оқыту процесінің кұрымынын өзгеруі), функционалдық (оқушыларда әлеуметтік тәжірибені сақтауға, қайта айтуға және дамытуға даярлау), тарихи.

Дидактика терминін неміс педагогы В.Ратке (1571-1635) ғылыми айналымға алғаш енгізді. Ол өзінің лекция курсын «дидактика» немесе «сабақ беру өнері» деп атаған еді. Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқьггудың бірізділікті ұстанымдарын жэне ережелерің ұсынды. Ол «Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауга негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды. Қайта өрлеу дәуірінде философияда гуманистік бастама үлкен мәнге ие болғанда Ж.Ж.Руссо оқытуда баланың сұранысын, қажеттілігін, өзекті қызыгушылықтарын ескеруге шақырды. И.Г.Песталоцци біржақты тәрбиелеудің бүкіл түрлеріне қарсы шығып, адамның барлық күштерін және қызығушылықтарын дамыту керек деген оқыту мақсатына назар аударды. ХҮІІІғ. аяғында ХІХғ. басында классикалық педагогикада мектепте білім берудің 2 теориясы анықталды: формальдық білім беру теориясы (Н.Ф.Гербарттың және оның ізбасарларының пікірінше оқытудың басты міндеті - оқушыларды ақыл-ой жағынан дамыту) және материалдық білім беру теориясы (оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды өмірге пайдалы білімдермен қаруландыру). ХІХғ. ортасында А.Дистервег дамытып оқытудың дидактикалық негізін салып, дәлірек айтқанда «жақыннан алыска», «карапайымнан күрделіге» жэне т.б. 33 заңды жэне ережені анықтап берді. Индустриалдық дамыған елдерде қазіргі дидактикада психология көп орын алған.

ХіХғ. екінші жартысында Ресейде тұтас дидактикалық жүйені К.Д.Ушинский жасады. Ағартушылық философиялык идеяларға, психологияға және физиологияға сүйене отырып, ол формальдық жоне материалдық білім берудің біржақтылығын көрсетті, танып білу мен оқытудың ұқсастығын және айырмашылығын ашты, оқыту процесінде білімді қабылдаудың, меңгерудің және бекітудің, ойларды дамытудың. окушылардың оқуға ұмтылысының мотивтерін калыптастырудың. оқыту мен оқушылардың дербес әрекетінің аракатынасының сұрақтарына жауап берді. Окыту теориясының дамуына Н.К.Крупская үлес қосты. Оның оқытудың мазмұнына және әдістсрі, мұғалімнің саналары туралы ойлары педагогикалық зерттеулерге жаңа бағыт берді. Л.С.Макаренконың педагогикалық кызметі жэне көзқарастары ұжымды тәрбиелеудің және еңбекке оқытудың негізін салды. Мектеп оқулығы мәселесі бойынша мазмұнды зерттеулер жүргізілді. Өткеннің дидактиктерінің окушылардың білімді белсенді меңгеру керек деген талабы жаңа негіздеме алып, оқушылардың танымдык іс әрекетінде олардың дербестігін дамытудың қажеті сипатына ие болу аркылы өз жалғасын тапты. Осы бағытта дидактиктер жэне психологтар (Т.В.Кудрявцев, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов т.б.) проблемалық окыту концепциясын жасады. Оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімге деген сұранысты калыптастырудың мәселелері зерттелінді. Дидактика үшін оқыту психологиясы (I І.А.Менчинская, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин. В.В.Давыдов т.б.) зерттеулерінің үлкен мәні бар, онда білім мазмұнын кұрудың психологиялық алғышарттары көрсетіледі. Дидактиканын дамуына озық тәжірибені жалпылау. жаңашыл- педагогтардың (ІІІ.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов т.б.) ізденістері септігін тигізуде.



Сұрақтар:

1. Дидактика дегеніміз не?

2. Дидактиканың негізгі категорияларын немесе ұғымдарын атаңыз.

3. Оқыту мен оқудың айырмашылығы неде?

4. Дидактиканың дамуына үлес қоскан қандай көрнекті педагогтарды, олардың қандай еңбектерін білесіз ?

Үй жұмысы:

Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары,мәні,функциялары тақырыбына презентация



-80%
Курсы дополнительного образования

Проектирование и создание 3D моделей с помощью Autodesk Inventor

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Дидактика пәні,міндеттері (20.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт