Меню
Разработки
Разработки  /  Экономика  /  Разное  /  Прочее  /  Дайын өнім есебі

Дайын өнім есебі

Дайын өнім есебі
02.05.2020

Содержимое разработки

Саламатсыздар ма құрметті студенттер!

Сабақтын тақырыбы:

Дайын өнімнің есебін ұйымдастыру

Дайын өнімнің және оны өткізудің есебі

Дайын өнім- негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары- міндетті түрде актімен рәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 221 “Дайын өнім” деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады.Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.

Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Ауытқудың пайызы мен ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді.ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, олар да айын өнімнің шотында есептелінеді: экономиясы (үнемделгені) – қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі (дағдылы) – жазумен жазылады.

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау-тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады.Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін.

Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында “Өнім шығару жиынтығы” деген құжатының нысаны қолданылады.

Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады.Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін , материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі.Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ веомосына есептік топтар бойынша шығарады.жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 221 “Дайын өнім” шотының дебетінде жинақталып, 900 “Негізгі өндіріс”, 920 “Қосалқы өндіріс” және 910 “Өз өндірісінің шала өнімдері” деген (егер шала өнімдерінің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

Бақылау сұрақтары:

1. Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі?

2. Дайын өнімнің және оны өткізудің есебі?

3. Тауар өнімінің құрамына кіреді:

Қолданылған әдебиеттер:

1. В.К Радостовец “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп”;

2. В.Л Назарова “Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп”



-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель экономики

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Дайын өнім есебі (16.4 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели