Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Разное  /  9 класс  /  Черкасской обороне 53 года

Черкасской обороне 53 года

11.05.2020

Содержимое разработки

Черкасск қорғанысы

«Өлімге бас тіккен,жартылай ғана қаруланған,көпшілігі ауру,ертеңгі күні еш жерден табуға болмайтын әрбір оқ,әрбір соққының өзін үнемдеуден басқа амалы жоқ ондаған мың күрескерлердің ғажайып ерлігі – Черкасск қорғанысы тарихыныңжарқын беті».

Д. Фурманов

Қазақстандағы азамат соғыс шежіресінде ерлікке толы беттер аз емес. Оның ішінде Черкасск қорғанысының алар орны ерекше. Бұл қаһарман қорғаныс еңбекші шаруалардың жас Совет өкіметінің жеңісін қорғауда көрсеткен ерлігі мен табандылығының айаы болып табылады.

1918 жылдың жазында ақгвардияшылар Сібірден Советтік Жетісуға қарсы шабуылға шығуды ұйарды. Халықты жаппай қырып-жоюмен,қаталдығымен аты шыққан атаман Анненков бастаған контрреволюцияшыл ақ армияның бөлімшелері бұл жаққа жедел аттанды. Жетісуды басып алу-олардың Верный мен Тащкентке щабуыл жасауына жол ашып қана қоймай,Түркістан республикасына шешуші соққы беріп,Орта Азиялық контрреволюциямен бірігуіне де мүмкіндік туғызар еді.Бірақ күтпеген жерден шабуылдап келе жатқан ақгвардияшылардың алдынан орталығы Черкасское селосына орналасқан Лепсі уезінің тұрғындары қарсы тұрды. Онда 1918 жылдың сентябірінен 1919 жылдың октябіріне дейінгі аралықта тарихқа «Черкасск қоранысы» деген атпен енген қиян-кескі ұрыс жүрді.

Қорғаныс аймағы құрамына 21 село: Андреевкое, Антоновское, Черкасское, Герасимовское, Надеждинское, Колпаковское, Константиновское, Глиновское, Николаевское, Осиновское, Петропавловское, Успенское, Михайловское, Покатиловское, Пограничное, Лагонское және Лепсі қаласы кірді. Ұзындығы 70,ені 30 километр жерді алып жатқан аймақтың қорғанысшылары қатарында 50 мыңа жуық адам ұрысқа қатысты.

Бұл селолар тұрғындарының басым көпшілігі 1909-1912 жылдар аралығында Россияның орталық губернияларынан қоныс аударып келген шаруалар еді. Алайда, бұл өңірде де жерге қолдары жетпеген шаруалар, оны Жетісу казактарынан арендаға алуға мәжбүр болды. Октябр жеңісінен соң ғана шаруалар халық өкіметі – Советтерді құрып, жер бөліп, өздерінің армандаған мұраттарына жетті.

Село тұрындары Лепсі уезінде алғаш ақгвардияшылар отрядтары пайда болып, көрші казак станцияларында контрреволюциялық ереуілдер бұрқ ете түскен сәттте-ақ, қолдарына қару алып,өз өкіметтерін қорауға щықты. Оларға қазақ ауылдары мен казак станцияларының кедейлері көмекке келді.

Черкасск қоранысшыларының ішінде майданнан оралған солдаттар да болды. Олардың көпшілігі Совет өкіметін орнату үшін болған ұрыстарға қатысқан тәжіибелі жандар еді. Кейіннен бұлардың біразы отряд командирі, қорғаныстың ержүрек жауынгерлері болып шықты.

Қарулы тойтарыстың ұйымдастырушылары большевиктер мен Лепсі уездік жұмысшы, солдат және шаруа, қазақ депутаттары Советтерінің атқару комитеттері болды. Қорғаныстың ең маңызды бөлімдерін басқарған большевиктер қорғанысшылардың кү-қайратын біріктіріп,барлық мүмкіндікті жауға қарсы жұмсауға ат салысты.

Қорғанысшылар отрядтары жауынгерлермен қоса қолдарында бар қарумен жасқанбай шайқасқа шыққан халық жасақшыларынан құралды. Қаруы жоқтар азық-түлік тасып,окоп қазды,қоғаныс бекіністерін тұрғызуға қатысты. Қорғаныс бекіністерін тұрғызу жұмыстарына олармен қатар жастар мен әйелдер де белсене араласты.

Черкасск қорғанысы-халық ерлігінің жарқын беттерінің бірі. Алдыңғы шепте шайқасып жүрген Черкасск қорғанысшылары көп ұлтты Жетісу тұрғындарының жұмыла көрсеткен көмегіне сүйенді. Қорғанысшылар қатарында орыстармен қатар, украиндар,казактар,татарлар,ұйғырлар иық түйістіре жан қиярлықпен шайқасты. Қазақ ауылдарының тұрғындары партизандарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп,олардың майдандағы қызыл әскерлермен байланыс жасауларына көмектесіп отырды. «Біз тек өз пайдамыз үшін немесе облыс игілігі үшін ғана емес,Россияның барлық еңбекші халқының мүддесі үшін күресеміз»,-деп жазды олар,атаман Анненковқа жолдаған хатта.

Қорғаныс ұйытқысы болғандар большевиктер еді. Мыңдаған қорғаныс жауынгерлерімен қатар С.С. Подшивалов, А.Н. Дьяченков, М.А. Никольский, Т.Г. Горбатов,И.Н.Зинченко, П.М. Тузовтардың қаһармандығы да мәңгі ел есінде.

Жетісудың солтүстік өңірінде Черкасск қорғанысына қатысқан жүздеген азамат қаза тапты. Дегенмен,ақгвардияшылардың үстін-үстін шабуылы халық жасақшыларының құрыштай берік шебін бұза алмады. Өлімге бас тіккен қорғанысшылар ақырғы демдері біткенше ерлік пен қаһармандық көрсете отырып, әрбір адым жер үшін шайқасты.

Қорғанысшылар жаудың «қаруларыңды тастап,беріліңдер» деген ұсынысына: «Бізге шегінер жер жоқ,себебі біз өз жерімізді тастағымыз келмейді,беріле де алмаймыз. Өйткені сендердің қолдарыңа қарусыз түсіп қырылғымыз келмейді,ал сендер бізге соғыс аштыңдар екен,әлі кімнің жеңерін көреміз»,-деуден танбаған.

Қоршаудағы партизандар артиллерия мен пулемет-мылтықтан жауған оққа сойыл,найза,қолдан жасаған мылтықпен қарсы тұрып,ерлікпен,тапқырлықпен күресті. Аздаған ғана оқ-дәрі,қарапайым қару-жарақпен,көптеген қиыншылыққа,аштыққа шыдай жүріп,ешқандай көмексіз Черкасск қорғанысшылары бір жылдан астам уақыт ақтардың 20 мың таңдаулы әскерінің шабуылына тежеп тұрды.

Партизандардың біразы шағын топтармен қорғаныс аудандарынан шығып үлгерді. қорғаныс шебінде қалған негізгі көпшілік түгел қарусыздандырылды. Жүздеген партизандар тұтқындалып,дарға асылды. Олардың қатарында Черкасск қорғанысыныңкомандирлері Ф. Крива, П. Корниенко, В. Смурынгин, И.Кривых және басқалары да мерт болды. Қорғаныс басшыларының бірі Петр Тузов Анненковтың тікелей бұйрығыбойынша өлтірілді.

Черкасск қорғанысшылары қаһармандық ерлігінің маңызы зор. Олар бір жылдан астам уақыт ақтардың негізгі күштерін өздеріне аудара отырып,жаудың Жетісуға шабуылымен терең бойлай енуіне жол бермеді. Бұл солтүстік Жетісу майданының командованиесіне Қызыл Армияның бөлімдерін күшейтіп,ақгвардияшылардан елді толық азат етер жорыққа дайындалуына уақыт ұттырды. М.Ф. Фрунзе қолбасшылық жасаған Қызыл гвардия жауынгерлерінің күшімен жаудың Түркістанға қарай жылжуына қарсы тосқауыл қойды.1920 жылдың көктемінде Қызыл Армия жаппай шешуші шабуылға шығып,Солтүстік Жетісуды ақгвардияшылардың түгелдей азат етті.

Азамат соғысының ерлікке толы оқиғалары да аңыздай алыстап барады. Бірақ ер жүрек Черкасск қорғанысшыларының есімдері ұмытылмақ емес.

Черкасск қорғанысына енетін барлық селоларға қаза болған 839 батырдың аты-жөні ойылып жазылған ескерткіш,обелискілер мен мемориал тақталар қойылған.

Қорғанысты, орталығы болған Черкасское селосына, кезінде бақылау пункті орналасқан биік төбеге, Даңқ мемориалы тұрғызылды.Көкке талпынған құрыш пирамидалар Черкасск қорғанысшыларының өшпес ерлігің символындай көрінеді. Осы жерде Черкасск қорғанысының ерлікке толы күндерін назарымызға ұсынған Черкасск қорғанысы музейі жұмыс істейді. Ұрыс жүрген кезде бой көтерген колхозға қорғаныс аты берілген.

Қызыл партизандардың аңсаған арманы орындалды. Черкасск қорғанысының қасиетті жері Совет өкіметі жылдарында гүлденіп,түлей түсті. 22 шаруа шаңырағын басын біріктірген алғашқа коммуна тарих беттерінде қалды. Қазір ауданда озық техникамен жабдықталған 7 колхоз,6 совхоз құрылған. Бұл күндері Черкасск қорғанысы аймағына кіретін селолар бейнесі түпкілікті өзгерген. Ауданда дәрігерлік мекемелер,12 мыңнан астам оқушысы бар жалпы білім беретін 29 мектеп жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсету жұмысы да жоғары деңгейде: ауданда 10 Мәдениет сарайы,12 клуб,42 кітапхана,музыка,спорт мектептері мен мәдени – ағарту училищесі бар.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қаһарман Черкасск қорғанысшыларының жауынгерлік тәлімін олардың ұлдары мен қыздары жалғастырды. Совет Одағының Батыры атағын алған Сарқан ауданының жеті жауынгері жерлестерінің мақтанышына айналды.

Бұл күнде ерлік дәстүрі еңбек дәстүрімен сабақтасуда . Ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген он бір Социалистік Еңбек Ерінің есімі Черкасск қорғанысы жерінің еңбек даңқын асыра түскен.

Батырлар қорғаған ізгі мұрат бүгінгі күннің жасампаздық істерімен жалғасуда.

Черкасск қорғанысы

Черкасск қорғанысы — Азамат соғысы жылдарында Жетісу майданының солтүстік-шығыс шебіндегі, Черкасск ауд-нда болған шайқас. Ол 1918 ж. тамыздан 1919 ж. қазанның ортасына дейін созылып, негізінен Орт. Ресейден келген қоныс аударушылар (орыс, украин шаруалары) қоныстанған елді мекендерді қамтыды. Қорғаныс орт. Черкасск а. болды (қ. Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдарында). “Ақ” пен “қы-зылға” бөлініп, қисапсыз қан төккен бұл шайқасқа көршілес қазақ ауылдарының, осы ауданға көшірілген Лепсі қ-ның тұрғындары да қатысты. 1918 ж. 10 қыркүйекте Черкасск а-на келген Лепсі уездік Кеңесі мәжілісінде Ч. қ. ауд-ның соғыс кеңесі құрылды. Қорғанысшылар негізінен кедей және орта шаруалар өкілдерінен тұрды. Ч. қ. ауд-ның ұз. 90 км-ден астам, ені 20 — 25 км шамасында болды. Әлбетте, осыншама кең алқапта черкастықтар біртұтас қорғаныс шебін құра алған жоқ. Оған қорғанысшылардың тех. жабдықталуы да, қару-жарағы да жетіспеді. Қорғаныс ауд-на кірген ауылдардағы тұрғындардың саны (сырттан келгендерді қосқанда) 40 — 50 мыңға жетті. Ал қолдарына қару алып ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізген қорғанысшылар саны әр кезде 5 мыңнан 11 мыңға дейін өзгеріп отырды. Қорғанысшылардың ірі гарнизондары Черкасск, Антоновка, Петропавловка және Андреевкада орналасты. Қорғаныс ауд-ның қарулы күштері Қызыл Армияның тұрақты бөлімдерінен (қорғаныс күштерінің үштен бірі) және әр ауылдың өзіндік қорғаныс жасақтарынан тұрды. Қорғанысшылар қатарында 1918 ж. қыркүйек — қазанда 12 эскадрон болса, 1919 ж. мамырда 19-ға жетті. Олар бірнеше ұлт өкілдерінен құралды. Қазақ дәрігері Ә.Көтібаров қорғаныс ауданындағы әскери лазаретті басқарды. Черкасск қорғанысшылары жау тылындағы ерлік қимылдары арқылы Солт. Жетісудағы ақ казактардың Верный (Алматы) және Ташкентке шабуыл жасамақ болған жоспарларын іске асырмай тастады. Жауынгерлер ақ гвардияшылардың үш шабуылын (1918 ж. қазан — қараша, 1919 ж. қаңтар, 1919 ж. наурыз) тойтарып, жау күштерін үлкен шығынға ұшыратты. Алайда қорғанысшылар жағдайы күннен-күнге нашарлай берді. Жетісу майданындағы Қызыл Армия бөлімдерінің Черкасскіні қорғаушылармен қосылу үшін жасаған шабуылдары сәтсіздікпен аяқталды. Қорғанысшыларға қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік жетіспеді. Осыны пайдаланған ақ гвардияшылар 1919 ж. шілдеде кезекті шабуылға шықты. Үш айға созылған соғыстан кейін, 14 қазанда Ч. қ. құлады. Ақ гвардияшылар қорғаныс ауданындағы партизандар мен ауыл тұрғындарын аяусыз жазалады. 1967 ж. қазіргі Алматы обл., Сарқант ауд-ндағы Черкасск а-нда Ч. қ-ның музейі ашылды. 1973 ж. 12 шілдеде музейдің жанынан Ч. қ-ның қаҺармандарына арналып ескерткіш-мемориал орнатылды.

-75%
Курсы повышения квалификации

ФГОС в области исторического образования и предметное содержание образовательного процесса на уроках Отечественной истории России XX - начало XXI века

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Черкасской обороне 53 года (3.09 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт