Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  6 класс  /  Cабақтан тыс " Білім кілті - кітапхана"

Cабақтан тыс " Білім кілті - кітапхана"

Cайыстың тақырыбы: «Білім кілті – кітапхана»

Сайыстың мақсаты: 1. Кітапхана өмірімен таныстыру. 2. Білім кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. 3. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету

Сабақ түрі: сайыс - сабақ Көрнекіліктер: Кітап туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі

«Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана».

Н. Назарбаев

Сайыс- сабақ кезендері:

1 кезең - «Шежіре»

2 кезең - Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар

3 кезең - Ежелгі кітапханалар.

4 кезең «Кітапты тап» ойыны

5 кезең Қорытынды Барысы: Сайыс сабақты ұйымдастыру. Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Білім кілті - кітапхана» атты кітапханалық ашық сабаққа қош келдініздер. Талап қыл артық білуге, Артық білім кітап,- деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр - сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден - бір жолдың ордасы – кітапхана. Кітапхана сабағы сайыс түрінде өтеді. Бүгінгі сайыс сабақтың әділқазы алқаларымен таныстыру. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны, төс белгісі болады. Топтарды таныстыру. 1 топ - «Тапқырлар» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге, Артық білім ғылымда». Абай. 2 топ - «Білгірлер» тобының ұраны: «Оқу – білім қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні Тіршіліктің шамы». С. Сейфуллин.

  1. «Шежіре» кезеңі. Кітапханашы: Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей «Мақал - мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар: • Кітап – білім бұлағы,.(білім өмір шырағы) • Кітапсыз білім жоқ, білімсіз.(күнің жоқ) • Кітапсыз үй -.(жансыз дене). • Күш – білімде, ал білім –.( кітапта) • Артық ғылым кітапта, Ерінбей.( оқып көруге). • Наданмен дос болғанша, ….(Кітаппен) дос бол. • Оқысаң озарсың.(оқымасаң тозарсың)
  • Кітап алтын.(қазына)
  • Кітап – оқығандікі, білім.(тоқығандікі)
  • Күш – білімде, білім.( кітапта)

2 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар?

1. Папирус деген не? (жапырақ парақ). 2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент). 3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг). 4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров). 5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т. б). 6. Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған).

7. Кітапты неден жасайды? 8. Кітаптың қандай түрлері бар? 9. Ең алғашқы оқулық не деп аталады? 10. Қазақ тарихында кітап ең алғаш рет қай жылы шықты, қай қалада? 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.

3 кезең. Сурет бойынша ежелгі қалалар жайында не білетінін, тарихы туралы ой қозғайды, пікірлерін білдіреді.

Александрия кітапханасы

Отырар кітапханасы.

4 кезең. «Кітапты тап» ойыны.

ИБТ. Әдеби кітаптар көрсетіледі. Топ мүшелері шығарманың кімдікі екендігін, яғни авторы және шығарма мазмұны туралы қысқаша баяндайды.

Реті

Шығарманың аты

Авторы

Шығарма туралы

1

Балалық шаққа саяхат

Бердібек Соқпақбаев

Балалықтың әсері, тәтті қиял, ақиқат.

2

Қара сөздер

Абай Құнанбаев

Даналық сөздер

3

«Қырық мысал»

Ахмет Байтұрсынов

Қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой- санасын ояту.

4

Ай мен айша

Шерхан Мұртаза

Сағыныш, қимастық

5

Үш бақытым

Мұқағали Мақатаев

Отанға, тілге, халыққа деген сүйіспеншілік

6

Менің атым қожа

Бердібек Соқпақбаев

Қожаның өмір жолы.

7

Робинзон Крузо

Даниэл дефо

Робинзон Крузоның хикаялары.

8

Мен қазақпын поэмасы

Ж. молдағалиев

Ұлтжандылық сезім, отанға махаббат, азаматтық намыс.

9

Қазақ солдаты

Ғабит Мүсірепов

Ерлік, ұлттар достығы, бірлік туралы.

10

Мен қазақпын поэмасы

Ж.Молдағалиев

Ұлтжандылық сезім, отанға махаббат, азаматтық намыс.

5 кезең. Қорытынды. «Сен білесің бе?»

Кітапханашы: 2016-2017 оқу жылында кітапхана қоры көркем әдебиеттермен, жаңа әдеби шығармалармен толықтырылды. Кітапханамыз балаларға арналған ертегі кітаптармен де байытылды.

Кітапханашы: Осымен бүгінгі біздің «Білім – кілті кітапхана» атты сабағымыз аяқталды. Сайыстардың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазыларға береміз. (Қорытындыны айту және марапаттау). Кітапханашы: Сонымен, кітап біздің рухани құндылығымыз, тендесіз байлығымыз. Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қымбатты оқушылар сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

21.02.2018

Содержимое разработки

Білім кілті - кітапхана


Сайыстың тақырыбы: «Білім кілті – кітапхана»

Сайыстың мақсаты: 1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білім кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету

Сабақ түрі: сайыс - сабақ
Көрнекіліктер: Кітап туралы нақыл сөздер, кітап көрмесі


«Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана».

Н. Назарбаев

Сайыс- сабақ кезендері:

1 кезең - «Шежіре»

2 кезең - Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар

3 кезең - Ежелгі кітапханалар.

4 кезең «Кітапты тап» ойыны

5 кезең Қорытынды

Барысы:
Сайыс сабақты ұйымдастыру.

Кітапханашы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Білім кілті - кітапхана» атты кітапханалық ашық сабаққа қош келдініздер.
Талап қыл артық білуге,
Артық білім кітап,-
деп Абай атамыз айтқандай ілім - білімнің сарқылмас қазынасын кітаптан аламыз. Адамзат баласының жер басып өмір сүрген уақытынан, бүгінгі күнге дейінгі басты үш құндылығы: білім, ғылым және өнер. Ал осы құндылықтардың қыр - сырын түсінуге қол ұшын беретін алуан түрлі жаңалықтарды ашуға апаратын бірден - бір жолдың ордасы – кітапхана.
Кітапхана сабағы сайыс түрінде өтеді. Бүгінгі сайыс сабақтың әділқазы алқаларымен таныстыру. Қазір алдарыңызға екі топ «Тапқырлар» мен «Білгірлер» шығады. Әр топтың ұраны, төс белгісі болады.
Топтарды таныстыру.
1 топ - «Тапқырлар» тобының ұраны: « Талап қыл артық білуге,
Артық білім ғылымда».
Абай.
2 топ - «Білгірлер» тобының ұраны:
«Оқу – білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу өмірдің сәні
Тіршіліктің шамы».
С. Сейфуллин.



  1. «Шежіре» кезеңі.
    Кітапханашы: Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей «Мақал - мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
    • Кітап – білім бұлағы,...(білім өмір шырағы)
    • Кітапсыз білім жоқ, білімсіз...(күнің жоқ)
    • Кітапсыз үй -...(жансыз дене).
    • Күш – білімде, ал білім –...( кітапта)
    • Артық ғылым кітапта,
    Ерінбей...( оқып көруге).
    • Наданмен дос болғанша,
    ….(Кітаппен) дос бол.
    • Оқысаң озарсың...(оқымасаң тозарсың)

  • Кітап алтын ...(қазына)

  • Кітап – оқығандікі, білім ...(тоқығандікі)

  • Күш – білімде, білім ...( кітапта)


2 кезең. Кітап тарихына байланысты сауалнамалық сұрақтар?

1. Папирус деген не? (жапырақ парақ).
2. Ерте заманнан бері адамдар жазуға қандай материалдарды қолданған? (тас, балшық, қағаз, папирус, пергамент).
3. Баспа станогын ең алғаш ойлап тапқан кім, қашан, қайда? (15 ғасырда, Германияда, Иоганн Гутенберг).
4. Ең алғаш Русьте кітап басуды ойлап тапқан кім? (Иван Федоров).
5. Қазақстанда қандай кітап баспалары бар? (Атамұра, Рауан, Мектеп, Аруна, Шакура, Алматыкітап, т. б).
6. Ежелгі Египеттегі ең үлкен кітапхана қай қалада орналасқан? (Александрия қаласында. Онда 70 мыңнан астам түтікке оралған ленталар сақталған. Ол папирусқа (жапырақ парақ) жазылған).

7. Кітапты неден жасайды?
8. Кітаптың қандай түрлері бар?
9. Ең алғашқы оқулық не деп аталады?
10. Қазақ тарихында кітап ең алғаш рет қай жылы шықты, қай қалада? 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.

3 кезең. Сурет бойынша ежелгі қалалар жайында не білетінін, тарихы туралы ой қозғайды, пікірлерін білдіреді.

Александрия кітапханасы

Отырар кітапханасы.

4 кезең. «Кітапты тап» ойыны.

ИБТ. Әдеби кітаптар көрсетіледі. Топ мүшелері шығарманың кімдікі екендігін, яғни авторы және шығарма мазмұны туралы қысқаша баяндайды.


Реті

Шығарманың аты

Авторы

Шығарма туралы

1

Балалық шаққа саяхат

Бердібек Соқпақбаев

Балалықтың әсері, тәтті қиял, ақиқат.

2

Қара сөздер

Абай Құнанбаев

Даналық сөздер

3

«Қырық мысал»

Ахмет Байтұрсынов

Қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой- санасын ояту.

4

Ай мен айша

Шерхан Мұртаза

Сағыныш, қимастық

5

Үш бақытым

Мұқағали Мақатаев

Отанға, тілге, халыққа деген сүйіспеншілік

6

Менің атым қожа

Бердібек Соқпақбаев

Қожаның өмір жолы.

7

Робинзон Крузо

Даниэл дефо

Робинзон Крузоның хикаялары.

8

Мен қазақпын поэмасы

Ж. молдағалиев

Ұлтжандылық сезім, отанға махаббат, азаматтық намыс.

9

Қазақ солдаты

Ғабит Мүсірепов

Ерлік, ұлттар достығы, бірлік туралы.

10

Мен қазақпын поэмасы

Ж.Молдағалиев

Ұлтжандылық сезім, отанға махаббат, азаматтық намыс.

5 кезең. Қорытынды. «Сен білесің бе?»

Кітапханашы: 2016-2017 оқу жылында кітапхана қоры көркем әдебиеттермен, жаңа әдеби шығармалармен толықтырылды. Кітапханамыз балаларға арналған ертегі кітаптармен де байытылды.

Кітапханашы: Осымен бүгінгі біздің «Білім – кілті кітапхана» атты сабағымыз аяқталды. Сайыстардың қорытындысын шығару үшін сөзді әділқазыларға береміз. (Қорытындыны айту және марапаттау).
Кітапханашы: Сонымен, кітап біздің рухани құндылығымыз, тендесіз байлығымыз. Кітапхана - оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Қымбатты оқушылар сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!





Жүнісова Құралай Рахымғалиқызы

«Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

кітапхана меңгерушісі

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы

















-80%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания основ финансовой грамотности в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Cабақтан тыс " Білім кілті - кітапхана" (768.52 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт