Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  5 класс  /  Буын, оның түрлері. Ашық буын.

Буын, оның түрлері. Ашық буын.

Разработка урока по казахскому языку для учащихся класса на тему Буын, оны? т?рлері. Ашы? буын.

12.05.2017

Содержимое разработки


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы: 17 наурыз, 2017 жыл

4.Тоқсан: IІІ

5.Мұғалім: А.Б.Сисенгалиева

Сабақтың тақырыбы: Буын, оның түрлері. Ашық буын.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері, ашық буын туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, оқушылардың есте сақтау қабілеті мен ойлауын дамыту. Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру, көрнекілік, кестелермен жұмыс,ойын, білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар,смайликтер, бағалау парағы.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер, суреттер, смайликтер, бағалау парағы, құттықтау парақтары.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру .

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару .

II. Психологиялық дайындық.

III. Оқушылардың көңіл күйлерін анықтау. Әр оқушы өз көңіл күйіне байланысты смайлик көтереді.



IV. Өткен тақырыпты пысықтау.

Үндестік заңы

Дыбыс үндестігі

Буын үндестігі Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал

V. «Біліміңді тексер!» үй тапсырмасын тексеру.Ережелерді жатқа айту.

-Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

-Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

-Кейінді ықпал дегеніміз не?

-Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?

Бұл бөлімде оқушылар өз беттерімен тапсырманы орындайды.

Семантикалық картамен жұмыс.

Мысалдар


Сөз арасындағы ілгерінді ықпал




Сөз ішіндегі

кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал







Бір күні


+ бір гүн


 

 







Жанба


 


+ жам+ба

 

Тұзсыз


 


+ тұс+сыз

 

Есжан


 


 

+ Еш+шан







Бес жыл


 


 

+ беш шыл

Асанбек


 


+ Аслам+бек

 

VI. Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.

- Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі.

Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар.

Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр.

Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді.

Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады:

Мысалы, қант, а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан, екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан құралған.

-Оқушылар мысалдарға көңіл бөліп, ережені өздері шығарады. Сонымен, буын дегеніміз не? Алдарыңа берілген «мазайкадағы» сөздерді қолданып, ереже құрастырады. Оқиды.

Демек, буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.

Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады.

Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы үнемі бір қалыпты болмайды.

Қазақ тілінде буынның үш түрі бар. Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу буын.

Буынның түрлері



Ашық буын:

жалғыз дауыстыдан құралады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады:

а-ға,ба-ла,қа-ла ;

Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз:

а-дам, а-та.

Тұйық буын:

дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталады:

ат,аз,ақ,өрт,ұл,ант.



Бітеу буын:

дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады \дауысты дыбыс ортада келеді\:

тал, төрт, бар,жаз.




Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.


VІІ. «Түсінік тексеру» бөлімі.

1.Оқулықпен жұмыс

- 304-жаттығу. Мәтінді оқып, екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазыңдар. Буын түрлеріне ажыратыңдар.

Үлгі: міне-2 буын: мі-а.б.,-не- а.б.


-«Әріп қысқарса» ойыны. Әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.

       

Үлгі: жолақ-2 буын: жо-.б.б., -лақ- б.б.



Жолақ      Дауыс     Қатаң     Ашық        Басу

---------------------------------------------------------------------

        Олақ        Ауыс       Атаң      Шық           Асу

---------------------------------------------------------------------

         Лақ        Уыс          Таң        Ық             Су

---------------------------------------------------------------------

     Ақ          Ыс           Аң                             У

-Сергіту сәті.

1-тапсырма. Балалар, алда қандай мейрам болады? Ұлыстың Ұлы күні қай күні тойланады? Наурыз мерекесі туралы сендер не білесіңдер? \Оқушылар өз жауаптарын береді.\

Ал сендер, той, думан, қуаныш түралы қандай мақал-мәтелдер бүлесіңдер? \Үйге мақал – мәтелдер тауып келу тапсырылды.\

-Төмендегі мақал-мәтелдерде жетіспейтін сөздерді жазып, орыс, ағылшын тілдеріне аударып, буын түрлерін ажыратыңдар.


1.Қой жүрген жер береке,
............ жүрген жер мереке. ----------------------------------------------------
   
2.Батыл жігіт ............ бастар,
Ақын жігіт той бастар. ---------------------
 
3.Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да ..........ға бар. --------------------------------------

4.Той дегенде қу ......... домалайды. -----------------------------------------------
 
5.Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң ........... бар. -------------------------------------

\қыз-girl-девушка, жол-way-дорога, қой- sheep-овца, бас-head-голова, орын-place-место\

-2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тест тапсырмаларын орындаңдар.

Наурыз-парсының «нау» жаңа, «руз» күн, яғни, жаңа күн деген сөзінен шыққаны көпке бұрыннан- ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтар бұл күнді жаңа жыл, ырыс, береке, мереке, жыл басы деп есептейді.

Наурыз күні күн мен түн теңеледі. Күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайды.

Наурызда халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары кеңінен қолданылады. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім сұрау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс табады. Бұл күні ренжісуге болмайды. Тойда ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.

Наурыз көже - наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады.

Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған.

Тест тапсырмаларын орында:

1. Наурыз сөзі қандай мағына береді?

А. Жаңа күн Ә. Көктем күні Б. Демалыс күні

2. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың нешінші жұлдызына сәйкес келеді?

А. 20 жұлдызына Ә. 21 жұлдызына Б. 22 жұлдызына

3. Наурызда халықтың ұлттық нелері кеңінен қолданылады?

А.Әндері мен өлеңдері Ә.Дәстүрлері мен әдет- ғұрыптары Б.Ойындары

4. Наурыз сөзі неше буыннан құралған?

А. 3 буыннан Ә. 2 буыннан Б. 4 буыннан

5. Мереке сөзі неше буыннан құралған? Буын түрлерін ажырат.

А.2 буыннан: бітеу буындар Ә.4 буыннан: тұйық буындар Б.3 буыннан: ашық буындар

6. Наурыз көжені неше түрлі тағамнан дайындайды?

А. 7 түрлі тағамнан Ә. 6 түрлі тағамнан Б. 3 түрлі тағамнан

7.Мәтінде қай мейрам туралы айтылды?

А. Алғыс айту күні Ә. Наурыз мейрамы Б. Халықаралық әйелдер күні

- 3 – тапсырма. Мәтінде ұлттық ойындар туралы айтылмады. Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? \Оқушы жауабы: қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, көкпар, асық, арқан тарту,алтыбақан \. Суретпен жұмыс.

-Көкпар, асық сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Үлгі: Көкпар- 2 буынды: көк-б.б., -пар- б.б.

К- д-сыз, қатаң;

Ө-д-ты, жіңішке, ашық, еріндік;

К- д-сыз, қатаң;

П-д-сыз, қатаң;

А-д-ты, жуан, ашық, езулік;

Р-д-сыз, үнді;

-----------------------------------------------------------------

Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.

VІІІ. «Алған білімді бекіту» бөлімі.

-«Ат жарыс» ойыны.

Оқушыларға сұрақтар оқылады. Кім де кім қолындағы смайликті бірінші болып көтеріп, берілген сұраққа нақты жауап берсе, сол оқушының аты алға қарай жылжиды.

Оқушының есімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жеңімпаз

Ерлан

















Айдын

















Ризабек

















  1. Фонетика дегеніміз не?

  2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  4. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  5. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  6. Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  8. Үндестік заңы екіге бөлінеді. Түрлерін ата.

  9. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.

  10. Буын үндестігіне мысалдар келтір.

  11. Буын дегеніміз не?

  12. Буынның түрлерін ата.

  13. Ашық буын дегеніміз не? Мысал келтір.

  14. Тұйық буын дегеніміз не? Мысал келтір.

  15. Бітеу буын дегеніміз не? Мысал келтір.

«Ат жарыс» ойынының жеңімпазы келген қонақтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, құттықтау парақтарын табыс етеді.

- «Біліміңді байқап көр». Тест жұмысын шешу.
1. Біріңғай бітеу буынды сөзді тап.
а) қаршыға б) қарға в) қасқыр д) қарағай
2. Ашық буынды сөзді тап.
а) ұлт б) көже в) аз д) жан
3. Бірыңғай жіңішке буынды сөзді тап.
а) жолдас б) әлдеқашан в) мереке д) ғарышкер
4. Тұйық буынды сөзді тап.
а) ет б) ерте в) ана д) нан
5. Буынның неше түрі бар?
а) екі б) төрт в) үш д) бес
6. Аралас буынды сөзді тап.
а) ант б) қазақ в) баға д) тәртіп

7. Буын түрін көрсет.
А) қысаң. б)бітеу в)езулік д\ дауысты

- Өз мысалдарыңды келтіріңдер.

- Сонымен, буынға тән белгілерді кім атайды?
1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды. ба-ла, құ-мырс-қа
2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. а-дам, а-та

3.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.
4. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

ІХ. Сабақты қорыту.

1.Бағалау парағы «Өзіңді өзің бағала!»

\Егер мұғалім бала өзіңе қойған бағамен келіспесе, ...\

2.Үйге тапсырма:

1. Буын және буын түрлері туралы түсінік.

2. 301-жаттығу, 136-137 – беттер.

- Оқушылардың көңіл күйлерінсабақтың соңында бақылау. Әр оқушы өз көңіл күйіне байланысты смайлик көтереді.



- Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!








-80%
Курсы повышения квалификации

Журналист и его профессия

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Буын, оның түрлері. Ашық буын. (346.34 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт