«Бос уақытын тиімді пайдалану күні» атты футболдан №16 жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыстың
ЕРЕЖЕСІ
1.Мақсаты мен міндеттері
1. Мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортпен үздіксіз айналысуға тарту.
2. Футбол спорттық ойынын кеңінен насихаттау, футбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
3. Мектептің үздік командасын анықтау.
4. Салауатты өмір салтын насихаттау.
5. Оқушылардың денсаулығын нығайту.
2.Жарыстың өтетін орны және мерзімі
Жарыс №16 жалпы орта мектебінің спорт алаңында 18.04-20.04.2018 ж.
сағат 13:30-16:30 аралығында өтеді.
3.Жарысты ұйымдастыру және басқару
Жарысты №16 жалпы орта мектебі дене шынықтыру пәні әдістемелік бірлестігі мұғалімдері ұйымдастырып, мектеп әкімшілігі тарапынан бақыланады.
Жарыс төмендегі төрешілер алқасының құрамымен басқарылып өткізіледі:
Жарыстың бас төрешісі: Садырбаев Қанатбек
Хатшы: Қамбаров Ерлан
Алаңдағы төрешілер: Құлсариев Ержан, Бейсенбаев Мұрат
Жақтаудағы төрешілер: Хорамбаев Мейрамбек, Каримбаев Ерлан
4.Жарысқа қатысушылар және оларға қойылатын талаптар
1. 9-11 сынып оқушылары (ұлдар командалары)
2. Арнайы үлгіде толтырылған өтініш
3. Дәрігердің рұқсаты
3. Командалық форма
5. Жарыстың жағдайы және өткізу ережесі
Ойындар қазіргі ереже бойынша 2 таймнан тұрады. 2 тайм да 2 голға дейін. Таймдардағы ұпай айырмасы 2 ұпайдан кем болмауы тиіс. Алғашқы екі таймда ұтқан командаға жеңіс беріледі.
Қарсыласы шықпай қалған команда жеңімпаз деп саналып алғашқы екі тайм 2:0, 2:0 ұпай айырмашылығымен 2:0 есебімен жеңіс тіркеледі. Алаңға шықпай қалған командаға жеңіліс жазылады.
Қақпаның биіктігі- 240 см
6.Ұпайларды санау және жеңімпазды анықтау
2:0 есебімен жеңіске жеткен команда «3» ұпайға ие болады.
2:1 есебімен ұтқан командаға «2» ұпай беріледі.
1:2 есебімен ұтылған командаға «1» ұпай жазылады.
0:2 есебімен жеңіліс тапқан команда «0» ұпайға ие болады.
Жеңімпаздарды анықтау ең көп ұпай жинаған командалар есебімен айқындалады. Ұпайлар теңдей болып қалған жағдайда жеңімпаздар төмендегі жағдайлар бойынша анықталады:
- барлық ойындарда үздік есеп айырмасымен ұтқан жағдайда;
- барлық ойындарда үздік доп айырмасымен ұтқан жағдайда;
- Командалардың жеке ойын есебі жағдайы.
7. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарыстың соңғы күні айқындалып, арнайы дипломдармен, сый-сияпаттармен марапатталады.
Жарыстың ережесін дайындаған: Садырбаев Қ, Қамбаров Е.