Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Бөлме гүлдері «Кактус»
Мақсаты: Бөлме гүлдерімен таныстыруды жалғастыру,соның ішіндегі кактус гүліне ерекше тоқталу.Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Полингвальды компонент: гүл-цветок-flower,кактус-kaktus.
Сөздік жұмыс: тірі табиғат,гүлдердің пайдасы,
Технологиялық қамтамасыз ету: тақтайша,ермексаз,тіс шұқитын,сулы сүлгі т.б.
Шаттық шеңбері: Сәлеметсіз бе,Нұрлы Күн!
Сәлеметсіз бе,Көк Аспан!
Сәлеметсіз бе,Жер Ана!
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Сәлеметсіз бе,Сіз!
Сәлеметпіз,Біз!
Тәрб:-Балалар,осы бөлмеде тірі табиғат бар ма?
Балалар:-Осы бөлмеде тірі табиғат бар.
Тәрб:-Бар болса осы тірі табиғатты атайықшы...
Бал-р:-Балықтар,гүлдер,тотықұс,адамдар
Тәрб:-Бұл гүлдер қандай гүлдер?
Бал-р:-Бұл гүлдер бөлме гүлдері
Тәрб:-Неге оларды бөлме гүлдері деп атаймыз?
Бал-р:-Себебі,олар далада емес,бөлме ішінде өсуге бейімделген.
Тәрб:-Гүлдердің адамдарға қандай пайдасы бар?
Бал-р:-Олар бөлмедегі шаңдарды жұтып,ауаны тазартып отырады.
Тәрб:-Енді өзіміздің табиғат бұрышындағы гүлдердің аттарын айтып шығайықшы...
(Балалар гүлдердің аттарын айтып шығады)
Тәрб:-Жақсы,жарайсыңдар!
-Балалар,мен таңертең жұмысқа келе жатқанда бір сыйлық тауып алдым.Бұл сыйлықтың ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
(Балалар өз ойларын айтады)
Тәрб:-Мен сендерге көмек берейін.Ол тірі табиғат.
(Балалар тағы да өз ойларын айтады)
Тәрб:-Тағы бір көмек-ине
Бал-р:-Кактус
Тәрб:- Өте жақсы.Кактус екенін қайдан білдіңдер?
Бал-р:-Оның жапырағы инеге ұқсайды.
Тәрб:-Қалай ойлайсыңдар,кактус инелерімен қандай жануарға ұқсайды?
Бал-р:-Инелерімен кірпіге ұқсайды.
Тәрб:-Балалар,қазір мен сендерге осы кактус гүлі туралы айтып өтейін
(Интерактивті тақтадан кактус туралы әңгімелеп айту,түсіндіру)
Тәрб:-Балалар,енді біз сендермен «Тірі сұрақ,тірі жауап» үшін мамандардан кактус туралы жаңа ақпараттар алайық.
-Ол үшін ең алдымен дәрігерге барып,осы кактустың емдік қасиеттері бар ма,жоқ па екенін білейік.
(Тәрбиеші балалармен дәрігерге барады)
Тәрб:-Сәлеметсіз бе,дәрігер! Сіз біздің балаларға кактус гүлінің емдік қасиеттері бар ма екенін айтып беріңізші
(Дәрігер түсіндіріп айтып береді,балаларға ыдыс береді)
Тәрб:-Рахмет сізге,сау болыңыз! Балалар,мына ыдысты алып алайық,бір пайдасы болып қалар.
Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Тәрб:-Балалар,енді аспазшыға барып,жеуге болатын кактустар бола ма,болмай ма екені туралы білейік.
(Тәрбиешімен балалар аспазшыға келеді)
Тәрб:-Сәлеметсіз бе,аспазшы! Сіз біздің балаларға кактусты жеуге,тамаққа пайдалануға бола ма,жоқ па екені туралы айтып беріңізші.
(Аспазшы түсіндіріп айтып береді,тіс шұқитын және макарон береді)
Тәрб:-Рахмет сізге,сау болыңыз!
-Балалар,енді кактустың түрлерін білу үшін биология пәнінің мұғаліміне барайық.
(Тәрбиеші балалармен биология пәнінің мұғаліміне келеді)
Тәрб:-Сәлеметсіз бе,мұғалім! Сіз біздің балаларға кактус гүлі туралы айтып беріңізші
(Мұғалім айтып береді,ермексаз береді)
Тәрб:-Балалар,енді иформатика,яғни компьютер апайға барып, оның кеңесін тыңдайық.
(Информатика апай кеңесін айтып береді,кактустың үлгі суретін береді)
Тәрб:-Балалар,енді мамандардың берген заттарынан кактусты жасасақ қалай қарайсыңдар?
(Балалар қуана келіседі)
Саусақ жаттығуы: Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Ұстай алам қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ,жол салсақ.
Балалар жұмысқа кіріседі (ыдысқа ермексаздан кактусты мүсіндейді және кактустың инелерін тіс шұқитын немесе жіңішке макароннан қадап жасайды).
Тәрбиеші кейбір қиындық туғызып отырған балаларға көмектеседі.
Балалар жұмыстарын аяқтайды.
Тәрб:-Балалар,осы жасаған жұмыстарыңды сендер үйге алып кетесіңдер.Үйге барып,ата-аналарыңа бүгінгі оқу іс-әрекетінде кактус туралы не білгендеріңді айтып беріңдер.
Рефлексия.
-Балалар,рефлексия жасау үшін біз сендермен «Не жаман,не жақсы ойынын» ойнаймыз.
Шарты:Кактус жақсы,себебі олардан дәрілік өсімдіктер жасалады;
Кактус жаман,себебі ол қолымызға кіріп кетеді;
Кактус жақсы,себебі пайдалары көп;
Кактус жаман,себебі ұйықтайтын бөлмеге қоюға болмайды....
Тәрб:-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар,рахмет сендерге.Енді қонақтармен қоштасайық.

Бөлме гүлдері «Кактус» (15.36 KB)

