Күні: 29.04 9 биология сабақ № 61
Сабақтың тақырыбы. Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары.
Мақсаты | Биоценоз туралы түсінік беру және экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, жыртқыштық, паразитизм, бәсекелестік арқылы жою принципі, экологиялық қуыстың потенциалды және жүзеге асырылған түрлерін түсіндіру. | |||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары туралы біледі. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Аралас | |||||||||||||||||||||||||||
Құрал-жабдықтар | оқулық, кесте, суреттер | |||||||||||||||||||||||||||
Қолданылатын тәсіл | ауызша, өзіндік жұмыс, кесте, тірек сызба белгілер | |||||||||||||||||||||||||||
Термин сөздер | Биоценоз, синекология, биогеоценоз, экожүйе,нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, аменсализм, микориза, антибиоз, аллелопатия. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
І. Ұйымдастыру | Сәлемдесу, психологиялық жағдай туғызу | |||||||||||||||||||||||||||
ІІ. Білу | 1.Популяцияға анықтама беріңіз. 2.Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз. 3.Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін көрсетіңіз. 4.Туылу, өсу жылдамдығы, өлу дегеніміз не? 5.Туылу мен өлімнің типтері қандай? 6.Биотикалық потенциал дегеніміз не? 7.Биотикалық факторлардың түрлері қандай? | |||||||||||||||||||||||||||
ІІІ. Түсіну Мағынаны тану | Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы. Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе. Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп Экожүйенің негізгі қасиеттері: 1) зат айналымына қатысу қабілеттілігі; 2) сыртқы әсерлерге қарсы тұруы; 3) биологиялық көбеюі. Экожүйенің деңгейлері: 1) микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы 2) мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т.б. 3) макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т.б. 4) глобальдық экожүйе- биосфера Экожүйеге мағынасы жақын терминге «биогеоценоз» жатады. Бұл терминді 1942ж. академик В.Н.Сукачев енгізген. Биогеоценоз екі блоктан тұрады: 1) «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзарабайланысы(популяция); 2) «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы. Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланады. Сонымен, биогеоценоз- тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе. «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық орта) Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады. Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы. Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген , динамикалық , өзарабайланысы, тұрақты, теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. | |||||||||||||||||||||||||||
ІV. Қолдану | А және В түрлерінің популяцияларының арасындағы қарым-қатынастың әртүрлі типтері
Ескерту: «0» –бұл түрге әсер етпейді, «+» — жағымды әсер, «-» -жағымсыз әсер. | |||||||||||||||||||||||||||
V. Талдау | 1.Биоценоз ұғымы нені білдіреді? 2. Экожүйелер құрылымы. Биогеноценоз 3. Экожүйедегі энергиялық ағым. | |||||||||||||||||||||||||||
VI. Жинақтау | Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады: I-трофикалық деңгей- автотрофты ағзалар-продуценттер II- шөпқоректі жануарлар (фитофагтар) – консументтер I-қатардағы III- трофикалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- консументтер II-қатардағы. IV- ірі жыртқыштар. V-өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар (деструкторлар, редуценты)- сапрофаг, сапрофиттер, детриттер . Тізбектегі I-IV дейінгілер– жеу тізбегі; соңғы – детриттік тізбек | |||||||||||||||||||||||||||
VII. Қорытынды | «Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір – бірімен ұқсас, жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» — белгілі бір аймақты қамтиды. Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе фитоценозбен сипатталады. | |||||||||||||||||||||||||||
VIII. Үй тапсырмасына нұсқау беру | А....§61 оқу. В....ВС тапсырмалары. С.... тест құрау |