Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  11 класс  /  "Биосфера – жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера." тақырыбында ашық сабақ

"Биосфера – жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера." тақырыбында ашық сабақ

Биосфера – жерді? тірі ?абы?ы. Биосфераны? ??рылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

02.02.2017

Содержимое разработки

Биология

11 «А»-класс

47 сабақ

Ашық сабақтың жоспары:


Сабақтың тақырыбы: Биосфера – жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Биосфера, оның құрамы және Жер ғаламшары

биомассасының қасиеттері жайлы түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушылардың биосфера және оның

шекаралары, маңызы туралы білімдерін жетілду.

Тәрбиелік:Жаңа тақырыпты бере отырып, тапсырмаларға талдау жасай отырып, жеке дара жұмыс жасауға, бір – бірінің ойын сыйлауға, тыңдауға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сызба-нұсқа, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, карточкалар

Пәнаралық байланыстар: география

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

- Сәлеметсіздер ме?

- Сабақта кім жоқ?

II Жаңа сабақ

Оқушылыр бүгін біз жаңа тарау, жаңа тақырып бастайтын боламыз. «Биосфера, оның құрам бөліктері».Бұл тақырыпты біз өткен сыныптарды география пәнінен оқыған болатынбыз.Сол география пәнінен алған білімімізді ары қарай дамытатын боламыз.

Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Атмосфера

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.
Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.
Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты.

Гидросфера

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

Литосфера

Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.
Қорыта айтқанда оқушылар Жер ғаламшарының ең жоғары деңгейі – Биосфера екенін білдік. Биосфера құрылымының қабаттары, олардың тршіліктегі маңызын білдік. Енді бекіту жұмыстарын орындаймыз.


III Бекіту

1 – Термин сөздермен жұмыс

  • Биосфера- ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді

  • Атмосфера- Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан.

  • Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады

  • Литосфера - жердің қатты қабаты

  • Педосфера – грекше «pedon» - топырақ деген мағынаны білдіреді.


2 - Сәйкестендіру тесті

1. Биосфера

2. В.И.Вернадский

3. Литосфера

4. Атмосфера

5. Гидросфера

6. Ж.Б.Ламарк

7. Э.Зюсс

8. В.В.Докучаев


А) Тропосфера, стратосфера, озон қабаты

Б) Биосфера ілімінің негізін салушы

В) Биосфера жөнінде алғашқы ғылыми ой пікірлер айтқан орыз ғалымы

Г) Биосфера терминін ғылымға тұңғыш рет 1802 жылы енгізді

Д) Жер ғаламшарының тіршілігі бар аймағы

Ж) Жер ғаламшарының су айдындары

З) Беткі қабаты гранитті, асты бозальтты қабат

И) Биосфера терминін геология ғылымына енгізді


Дұрыс жауаптары: 1 - д, 2 - б, 3 -з, 4 - а, 5 - ж, 6 - г, 7 - и, 8 – в


3 – Кесте толтыру


Атмосфера қабаттары

Сипаттама

1. Тропосфера

Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.

2. Стратосфера

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

3. Азон

Күннің ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерінен қорғайтын қабаты. Озон қабаты жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор.


Сонымен оқушылар биосфера құрылымдарын, үлес қосқан ғалымдар туралы мәлімет алып, білімдеріңізді жетілдірдіңіздер. Болашақта алі де қарастырып талдайтын боламыз.

IV Бағалау



V Үйге тапсырма беру

§ 30. Жаңа тақырыпты оқып түсініп келу. (175-180 бет). «Биосфераны ластаушылар тақырыбында» мәлімет іздеп тауып, баяндама жазып келу.

-75%
Курсы повышения квалификации

Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Биосфера – жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера." тақырыбында ашық сабақ (20.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт