Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  11 класс  /  Биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

Биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

О?ушылар?а биосфера-жерді? тірі ?абы?ы. Биосфераны? ??рылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера туралы ??ымдарын ?згерісін т?сіндіру туралы білім беру.

03.05.2017

Содержимое разработки

Пән:Биология

Сынып:11 б

С.тақырыбы: Биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

С.мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера туралы ұғымдарын өзгерісін түсіндіру туралы білім беру.

Дамытушылық: Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера мағыңасын білу туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Биосфераны қорғау.Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу

С.көрнекілігі:инетрактивті тақта,слайдң сурет, таблица, «биосфера және зат айналым» кесте

С.түрі: Аралас сабақ

С.әдісі:Түсіндірмелі

С.барысы І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Алған білімдерін пысықтау

1.«Әлеуметтік дарвинизм» және нәсілшілдіктің кертартпалық мәні.

2.Адамның әлеуметтік дамуындағы қоғамдық тіршілік заңдарының жетекші рөлі

ІІІ.Жаңа тапсырма беру

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына ХЫХ ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1] Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биосфераның негізгі үш қабаты. Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Литосфера — жер қабығы (грек. літһос- тас, спһаіра — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді. Литосфера - жердің қатты қабығы.

Атмосфера(гр. ατμός — «ауа» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Гидросфера (гр. һудор — су, спһаіра — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр.

4.Қорытынды кесте толтыру.

Атмосфера

Литосфера

Айырмашылықтары

Гидросфера













5.Бекіту кезеңі.

- Биосфера-жердің тірі қабығы. - Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

Үйге тапсырма §59 №10 сызбанұсқа -223 бет, 84- сурет дәптерге салу, №10 кесте -236 бет. Баяндама «Биосфераның құрам бөліктері:»

-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Биосфера-жердің тірі қабығы. Биосфераның құрылымы: литосфера, гидросфера, атмосфера. (18.02 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт