Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Мероприятия  /  Прочее  /  "Биология апталығына қызықты деректер мен тапсырмалар жинағы"

"Биология апталығына қызықты деректер мен тапсырмалар жинағы"

Мектепте дәстүрлі түрде жыл сайын өкізілетін биология пәні апталығына арналған тапсырмалар мен қызықты деректер жинағы

22.02.2018

Содержимое разработки

Сен білесің бе ...?

«Ара сүті» деген не?

Аралар ақылдықтың белгісін

көрсеткен жәндіктің бірі. Оны біз

араның тіршілігінен айқын көреміз.

Бал-аралардың өңдеуімен жиналған шырынды заттар. Ол шырынмен бірге гүлдің тозаңын да жинайды. Ол тозаң шырынымен араласып, бірнеше жыл сол күйінде сақталады.

Ара балында ағзаға пайдалы 60-қа жуық зат болады. Глюкоза, түрлі минерал тұздар, ферменттер, дәрумендер, антибиотик заттар мен радиоактивті заттар, т.б.бал ара құрамынан кездестіруге болады.

Жүрек ауруы, гипертония, туберкулез, бруцеллез, сондай-ақ іш ауруларына қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы дәрі ара өнімінен алынады, оны «апилак» деп атайды. Апилак латын тілінен енген сөз. Бал арасын латын тілінде «апис» дейді. Апилактың баламасы «ара сүті» дегенді білдіреді. Демек, арада сүт де болады. «Ара сүті» дегеніміз-жас араның жұтқыншақ безінен бөлініп шығатын зат. Ара бұл «сүтпен» жұмыртқалайтын ана аралар мен болашақ жас ұрпақтарын қоректендіреді. Қуыршақтан шыққан арада 4-6 және 12-15-ші күндер аралығында «сүт» пайда болады. Міне, осы күндері арадан «сүт» сауып алуға болады. Зерттеулерге қарағанда апилак адам өмірін ұзартуға және адамға қайрат беріп, жасартуға қолданылатын ең бағалы дәрі. Соңғы жылдары ғалымдар 1 капсуласы 200 г «ара сүтіне» тең болатын алифортил деген дәрі жасады.

Араның уы (апитоксин) оның улы безінен бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-0,4 мг у болады. Ара уы хош иісті, ащы дәмді келеді. Ара өз денесіндегі уды тек ашуланғанда ғана бөледі екен. Оны эстония ғалымы, доцент Паул Аллес омарташылармен бірге отырып ара уын жинайтын шағын аспап арқылы жинап алған.



Пингвиндер туралы не білеміз?

Император пингвині-ең ірісі, биіктігі 120 см, салмағы 45 кг. Антарктида жағалауында қыс айында жұмыртқа салады. 25 күнде мекиен жалғыз жұмыртқа салады, оны анасы құрсақ түбіндегі қалтада ұстайды. Анасы жұмыртқаны әкесіне беріп, өзі теңізге қоректенуге кетеді. Әкесі мен анасы алма-кезек басатындықтан және қамқорлық жасағандықтан аман қалады. Жұмыртқа ірі болады, себебі жұмыртқа жолында 25 күн ұсталады және ақуыз бен сарыуызға бай болады. Сарыуыздың көп болуы оны механикалық соққыдан қорғайды.

Галапагосс пингвині- тропикалық жақтарда тіршілік етеді.олар жартастарда жұмыртқалайды, денесі 40 см. Кішкене екі жұмыртқа салады.

Бұл екі пингвиннің айырмашылығы: император пингвині суық жақта тіршілік ететін болғандықтан, оның терісінің астын қалың май қабаты қаптайды. Осы майдан бөлінген жылу арқылы жұмыртқасын басады. Ал галапагосс пингвинінің май қабаттары жұқа, бірінші жұмыртқасын туып болғаннан кейін 4 күннен соң екінші жұмыртқасын табады.

Пингвиндер бірнеше апта бойы -60 0С өмір сүре алады. Қалың майлы қабаты мен қалың қауырсындары оған жылуды ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі. Суық жерден жылы жерге жылжыған сайын май қабаттары еріп, салмағы кемісе, денесіндегі қысқа қауырсындары тығыздалып, кішірейеді. Екі пингвиннің көлемдерінің және салмақтарының әртүрлі болуы олардың терісінің астындағы май қабаттарына байланысты.












Рекорды растительного мира.

  • Южноамериканскому растению из семейства сложноцветных хевреулии побегоносной принадлежит рекорд по дальности полета семян. С воздушными потоками они способны преодолевать расстояние более чем в 7,5 тыс. км.

  • Самой большой скоростью роста обладает один из родственников бамбука - злак листоколосник съедобный, в диком виде встречающийся на юге Китая. Ежесуточный прирост побегов этого растения достигает 40 см, т.е. 1,7 см в час. Всего за несколько месяцев листоколосник вырастает на 30-метровую высоту, достигая 50 см в диаметре.

  • Не менее 12 тыс. километров проплавали семена тропической лианы из семейства бобовых-энтады гигантской. Крупные, до 1 м длиной, бобы этого растения способны более года проводить в соленой морской воде, не теряя всхожести семян.

  • Самым старым деревом на земле считается голосеменное растение-сосна остистая, растущая в горах Восточной Невады. Радиоуглеродный метод анализа показал, что возраст этого дерева составляет около 4900 лет.

  • Растущие на сфагновых болотах

черника и клюква из семейства

брусничных способны переносить

очень высокую кислотность

почвы-рН около 3,5.







Удивительный мир насекомых.

Рекордсмены среди жуков.

  • Жуки- настоящие долгожители среди насекомых. Хотя продолжительность жизни насекомых составляет меньше года, некоторые жуки-златки живут более 30 лет. Известен даже один рекордсмен, проживший 47 лет!

«Златки» откладывают яйца под корой живых деревьев. Нередко личинки выживают даже в срубленных деревьях и с древесиной попадают в разные части мира. А поскольку период развития у некоторых видов длится несколько лет, то взрослое насекомое может появиться на свет прямо из мебели.

  • Жуки-голиафы из тропической Африки-настоящие тяжеловесы в мире насекомых. Некоторые самцы могут весить до 100 грамм, что в три раза превышает вес домовой мыши.

  • Жук-носорог может удержать вес, в 850 раз превышающий его собственный.

Драгоценности из насекомых.

В Северной и Южной Америке женщины делают ожерелья, нанизывая на нить цветные надкрылья жуков. А в некоторых частях Мексики на золотых жуков-которым очень подходит такое название-наклеивают бусинки и разноцветные кусочки стекла. Насекомые превращаются в живые брошки и разгуливают по одежде владельца на короткой цепочке.










Биология

1.Қандай тірі ағза үлкен дараға айналу үшін 3 рет қайта туады?

2. Қай жәндік аяқтарымен ести алады?

3. Кім құйрығымен тыныс алады?

5. Қандай ағзалар оттексіз ортада тіршілік етеді?

6. Қай жануарлардың көздері ең үлкен?

7. «Ара қасқыры» дегеніміз не?

8. Қандай көбелек «сөйлейді»?

9. Қандай жануарлардан бояу алуға болады?

10 Қандай жыландар мен қосмекенділердің мүйізі бар?

11. Қандай балық батады?

12. Құстардың қай түрінде қанатында тырнақтары бар?

13. Қай құс су температурасын тұмсықпен өлшей алады?

14. Қазіргі кезде өмір сүретін ең үлкен және ең кіші сүтқоректіні атаңдар.

15. Ең тез жүгіретін, ұшатын және жүзетін қандай жануар?

16. Не себепті жолат ала түсті?

17. Қандай жануар басын төмен салбыратып ұйықтайды?

18.Ең тереңге сүңгитін сүтқоректі.

19. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер.

20.Барлық омыртқалыларда тістері ауызында орналасады ма?


Әзілді сұрақтар

1.Кімде аяқ көп: бес сегізаяқта ма, әлде, төрт кальмарда ма?

2. Бұл жануарда 2 оң аяқ және 2 сол аяқ, 2 аяғы алдында, сонша аяқ артында.

Бұл жануардың аяғы нешеу?

3. Қай жануар «Г» әріпімен жүреді?

4. Жаман әртістерге лақтырылатын жеміс.

5. Қандай астық дәні адамда өседі?

6. Қандай жабайы мысық автокөліктер қоғамдастығына енген?


«Қызықты анатомия»

1.Неде тіл бар, ауызы жоқ?

2.Ненің тісі бар, тілі мен ауызы жоқ?

3.Ненің арқасы бар, қарны жоқ?

4.Ненің қабырғасы бар, омыртқасы жоқ?

5. Аяқсыз жүгіретін не?









«Құйрықты» викторина

                                                                                                                                 

Жануарды оның құйрығының сипаттамасы бойынша тап.

 

 1.Бұл ғажап жануарға құйрығы денесінің тепе-теңдігін ұстауға көмектеседі.

 2.Бұл мысықтар өкілінің құйрығында үлпілдеген шашағы бар, ал оның ішінде өткір тырнақ.

3.Оның құйрығы жазда сұр, ал қыста ақ түсті.

 4.Оның құйрығы қамшы тәрізді және шағатын бунақденелілерді қууға жақсы бейімделген.

 5.Мұрны бес теңгедей, құйрығы ілмектей.

 6.Оның үлпілдеген құйрығы парашют тәрізді.

 7.Қай қорқақ жайлы, құйрығы сияқты дірілдейді деген сөз бар.

 8.Ол құйрығымен ойықтан балық аулады.

 10.Оның ұзын үлпілдеген құйрығы айлакер қожайынның іздерін жақсы сыпырып жасырады, әсіресе, қардың үстінде.

 11.Бұл өзен құрылысшысының құйрығы меңгерігі де, ескегі де, май жинайтын орны да болып табылады.

12.Бұл түнгі жануар басын құйрығымен орап алып ұйықтайды.

13.Құйрығының ұшында қара үшбұрыштары бар жануар.

 14.Құйрығындағы сақиналар саны 5-10 дейін жететін жануар.

 15.Бұл жануардың құйрығының астында жауынан қорғанып шашатын, сасық иісті сұйықтық бөлетін без орналасқан.




















«Жануарлар мен өсімдіктер әлемінде»

Жаңылтпаштар.


  • Асан бақша жақтан.

Ақ сабақ асқабақ әкелді,

Басқа жақтан.

Басқарақ асқабақ әкелді.

  • Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.


Мақал-мәтелдер

  • Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

  • Қарға қарғаның көзін шұқымас.

  • Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

  • Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

  • Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

  • Қаршығалыға қоян кездеспейді,

  • Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Жұмбақтар


  1. Ақ түсті,

Көк түсті,

От түсті,

Тот түсті-

Төрт түсті жер үсті.


2) Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

3)Үй үстінде алтын тас,

Алайын десем табылмас.


4) Жылт-жылт етеді,

Жылғадан етеді

5) Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады.






Әзіл әлемінен...

Бір адам киви алу үшін дүкенге келеді. Қандай

жеміс алатынын ұмытып қалады.

Сонда әлгі адам дүкеншіге:

- Маған жүн өсіп кеткен картошка береңізші -

депті.


***************************************************************

Жирафтың азанда ішкен тамағы асқазанына кешке барады екен. Мойнымен жүргенше қай заман.

Биология сабағы.
– Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
– Тері түсіп қалмау үшін апай.


****************************************************************

Мейрамханаға қоян, қасқыр және түлкі келеді. Даяшы қояннан сұрайды:

- Не тапсырыс бересіз?

- Сәбіз.

Қасқырдан:

- Менің қарным ашса, екеуі мұнда отырмас еді.


****************************************************************

Мұғалім оқушыдан сұрайды:

- Адамның қай тісі соңында шығады:

- Жасанды тістер.


****************************************************************Пингвин мен зебра фотографқа келеді. Фотограф сұрайды:

-  Сіздерге суретті түрлі-түсті қылып шығарайын ба?

Зебра айтады:

-  Керек емес, ақ-қарасы да жеткілікті.


****************************************************************

Таңертең Самат жағада балық аулап отыр.

Қасына суда жүзгісі келген Есен келіп:

-  Су калай екен?

-  Керемет! Балықтар тіпті шыққылары келмейді.


****************************************************************









«Метаграммалар»


1) Жазда өсіп,піседі, 
Дәмі тәбет ашады. 
«Қ» орнына «Ж» қойсаң, 
Көктен тамып түседі, 
Жердің шаңын басады. 

2) Жатам құстар тобына, 
Азығымын адамның. 
«Ы»-ны қоссаң соңыма, 
Жылқы етімін – тағаммын. 

3) Қыста суды қаптаймын, 
Бірақ жазда жатпаймын. 
Алғашқы әріп ауысса, 
Онсыз тамақ татпаймын. 

4) «Т»-дан бастап оқысаң, 
Төлі болам пырақтың. 
«Т»-ны сызып тастасаң, 
Көкте қалған орақпын. 

«Ұйқасын тап»

1)Өзінше ноян, 
Қорқақ кім?..

2) Шабақ аңдып жағада, 
Шарқ ұрады ...

3) Сылдыр қағып,таудан құлап, 
Жатыр ағып, мөлдір ...

4) Тұмсығымен шымшып, 
Құрт тереді ...












Мағжан Жұмабаев ауданы

«Қарақоға орта мектебі» КММ









Биология апталығына қызықты деректер мен тапсырмалар жинағы.




Дайындаған және өткізген:

Джаманбаева А.Ә.













2017-2018 оқу жылы.

-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Биология апталығына қызықты деректер мен тапсырмалар жинағы" (158.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт