Меню
Разработки

Бейімделген ба?дарлама

вариативный план. 36 технологических карт. Годовой план

02.09.2016

Содержимое разработки

Технологиялық карта.

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар дегеніміз не? Пайдалы қазбалар туралы түсінік.

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу. Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін жеткізе білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту. Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: « Пайдалы қазбалар » кітабындағы суреттерді қарау. Пайдалы қазбалар бейнеленген карточкалар.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері.



Педогогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мативациялық қозғаушылық.


  • Кел балалар тұрайық,

  • Үлкен шеңбер құрайық.

  • Қабақ түйген не керек?

  • Көңілді болып тұрайық!


Балалар шеңберге тұрып бірге айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік.


- «Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы» туралы әңгімелесу.

- «Домино» ойынын арқылы тапсырманы бекіту.
- Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланғанын көрдің?

Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыты, электр станциялары жұмыс істеу үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?

Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?

Балалар осының бәрі қосылып, пайдалы қазбаларды құрайды.

Пайдалы қазба деген жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар – деп атайды

Сергіту сәті



Балалардың жауабы: (құм, саз, тас, әк)


(тас көмір, мұнай, газ)

(мыс, темір, қорғасын, алюминий)



Қорытындылау, өзін-өзі бағалау.

Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрайды. Балаларды мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгендігін сұрайды. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады, сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді.



Қорытады, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. тарсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты қалай түсінгендерін айтады.

Оқу құралдарын орындарына жинап қояды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Пайдалы қазбалардың түрлерін.

Түсінігі : Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін жеткізуді.

Көрсете білуі: Табиғатты аялай білуді, сүйіспеншілікті, үнемшілдікті.



























Технологиялық карта

Тақырыбы : Пайдалы қазбалар түрі – мұнай. Мұнайшы.

Мақсаты: Мұнай туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін атау, адамға пайдасы туралы әңгімелеу. Өз жерінде мұнайшы мамандығымен таныстыру.

Көрнекті құралдар: Мұнайдың суреттері. Қазақстанда шығаратын мұнай фотосуреттері, демонстрациялық құралдар.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

  • Армысың мейірімді Күн ана!

  • Армысың қайырымды Жер ана!

  • Армысың шапағатты Аспан ана!

  • Армысың меірімді Жер ана!

Балалар шеңберге тұрып бірге айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік.

«Ойлы болсаң озып көр!» (жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)
Түсі қара, сұйық зат
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды
Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды.
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не?
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын.
- Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?
- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалардың түрлерімен танысатын боламыз.

Сергіту сәті.

1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады.


Балалардың жауабы: (Мұнай)

(Көмір)
(Газ)

(Пайдалы қазбалар)



Ұйымдастырушылық ізденістік.

Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.
Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.












Балалардың қыймыл қозғалыс жасауы.

Қорытындылау, өзін-өз бағалау.

Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрайды. Балаларды мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгендігін сұрайды. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады, сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді.


Қорытады, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. тарсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты қалай түсінгендерін айтады.

Оқу құралдарын орындарына жинап қояды.

Күтілетін нәтиже: Біледі: пайдалы қазбалар түрлері оның ішінде мұнай жайында.

Түсінігі : үлгілерге талдау жасауды және мұнай ерекшелігі туралы түсініктерді.

Көрсете білуі: пайдалы қазбалардың ішінен мұнайды ажыратып алуды және шығармашылық тұрғысынан әңгімелей білуді.

Технологиялық карта

Тақырыбы : Пайдалы қазбалар түрі – темір. Темірдің шығу тарихы.

Мақсаты: Темір туралы түсініктерін кеңейту. Темірден жасалатын заттарды көрсету. «Темір» туралы түсінік беру, оның шығу тарихы.

Көрнекті құралдар: Темір туралы суреттер, иллюстрациялар, темірдің балқыған даусы жазылған үнтаспа. Темірдің суреті. Д/О «Темірден жасалған затты тап»

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Балалар қолдарымыздан ұстап бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

- Алибек күнің сәтті өтсін!

- Шұғыла ақылды бол!


Ұйымдастырушылық ізденістік.

Бүгінгі сабағымыз жұмбақ шешуден басталады.

  • Қара жер адамзатқа болған мекен

Қазына іші толған әр- түрлі кен

Ішінде жүз мың түрлі асы бар

Солардың ең артығы не екен.
"Темір"тақырыбында слайд көрсету. Өндіретін заводтарды тұрмыста қандай пайдасы бар екенін көрсету.
- Жер қыртысында 70-ке жуық темір түрлері кездеседі. Металл бұйымдар күнделікті өмірде жиі қолданылады. Олар темір шеге, жез, самаурын, қасық, т. б. Тіпті ұшақтың өзі әр түрлі темірден жасалған. Ал сол темірді өңдейтін адамды металлург – деп атайды.

Балалардың жауабы:

(Темір)


Ұйымдастырушылық ізденістік.

Балалар ағзамызда 3 грамм темір бар. Ол қанға қызыл түс беріп тұрады, ал сол темір ағзамызда азайып кетсе басымыз айналып тез шаршайтын боламыз.

Олай болса темір туралы не білесіңдер?


Сергіту сәті

Шарлап аспан әлемін
Жұлдыздарға бет алған Ракета дегенің
Жасалады темірден

Қысқыштан бастапақ
Балта, балға қашауда
Самолетке қос қанат
Темір керек жасауға

Басы толы бағанның
Тоқ жүретін сым – темір
Жазып журген қаламның
Ұшында да тұр темір

Қорытындылау, өзін-өз бағалау.

Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрайды. Балаларды мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгендігін сұрайды. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады.




Күтілетін нәтиже: Біледі: Темірдің адам өміріне пайдасын.

Түсінігі : Үлгілерге талдау жасауды және темір ерекшелігі туралы түсініктерді.

Көрсете білуі: Темірден жасалатын заттардың түрлерін.















Технологиялық карта

Тақырыбы : Тас өңдейтін адам. Тас түрлері.

Мақсаты: Тас өңдейтін адам туралы білімдерін дамыту. Зейіндері мен бақылағыштарын дамыту. Тастың адамзат тіршілігіндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау, тастың қасиеттерімен таныстыру.

Көрнекті құралдар: Тәжірибе жасау. Өзен, көл, теңіздегі тастар суреті, әртүрлі көлемдегі тастар.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қызығушылық.

Шаттық шеңбері.

Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады.

-Армысың асыл Күн!

-Армысың жан досым!

-Жылуыма жылу қос,

-Міне менің қолым!


Ұйымдастырушылық ізденістік.

Су астында жұмыртқа ағарар,

Ұсақ мейлі, ірі мейлі,

Мәңгілік шірімейді.


"Тас"- таудың үгітіндісі. Тас біздің табиғатымыздың бір бөлшегі. Балалар бордың өзі тас онымен тақтаға жаза аламыз ол теңіз өсімдігінің қабыршақтарынан құралады онымен үйді ақтағанда да пайдаланады. Олай болса тәжірибе жасайық.


1 - Тәжірибе: "Түсімен пішінін аңықтау"
Балалар қолдарына тастарды алыңыздар қане әрқайсымыз қолымыздағы тасты сипаттайық.


2 - Тәжірибе:"Көлемін аңықтау"
Тастардың ішінен үлкенін, орташа, ең кішкентайын көрсетеді. Сонымен не шештік.


3 - Тәжірибе:"Сыртқы жағын аңықтау"


Балалардың жауабы:

Тас










Балалар шешімі: Тастар түсімен қалпына қарай әр түрлі болады.

Балалар шешімі: Тастар әртүрлі көлемде болады.


Ұйымдастырушылық ізденістік.

4 - Тәжірибе: "Тастар неге бұдырмақты болады?"
Лупамен қарап онда дөңес шұңқыр, дақ өрнектер бар.







5 - Тәжірибе: "Тастың жүзгіштігің бақылау."
Судың ішіне тасты салса судың ішіне батып кетеді, ал пароллон судың бетінде қалқып жүреді.


6 - Тәжірибе:
Судың ішіне тасты салып, пароллонмен салыстырады.

Олай болса ойын ойнайық.

«Біз бұны білеміз ба?»


Шарты: Тас өңделген заттарды тауып ажырату.

Балалар шешімі: Тастар тегіс және бұдырмақты болады.
Балалар шешімі: шұңқырлар, дақтар және басқа да өрнектер тасты бұдырмақ қылып тұр.

Балалар шешімі: тас пароллоннан ауыр, пароллон жүзеді, өйткені ол жеңіл.



Балалар шешімі: Тас болған тарелкеде су қалды,пароллон тұрған тарелкеде су жоқ. Себебі: тас су сіңірмейді,ал пароллон су сіңіреді.

Қорытындылау, өзін-өз бағалау.

Жарайсыңдар балалар біз бүгін көп білдік.







Қорытындылау балалар тас туралы не білгендерін айтады.



Күтілетін нәтиже: Біледі: тастың табиғаттың маңызды бір бөлшегі екенін

Түсінігі : табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшіл болуды.

Көрсете білуі: тәжірибе жасауды.





Технологиялық карта

Тақырыбы : Пайдалы қазбалардың түрлері.

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлері туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін атау, адамға пайдасы туралы әңгімелеу.

Көрнекті құралдар: Пайдалы қазбалардың суреттері.


Оқу іс-әрекетінің

Кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық.

Шаттық шеңбері.

Адам жақсы ниетпен,

Бар адамға бақ тілеп.

Жарып шыққан жүректен,

Сөздің бәрі – ақ тілек.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Ұйымдастырушылық ізденістік.

Бүгін біз пайдалы қазбалар туралы әңгімелесеміз.

- Пайдалы қазбалар деген не?

Пайдалы қазба деген жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары.

  • Тас көмір

  • Мұнай

  • Газ

  • Мыс

  • Темір

  • Қорғасын

  • Алюминий

осының бәрі пайдалы қазбалар.


Сергіту сәті

Табиғат неткен көрікті,

Жапырақтай жайқалып.

Гүлдей жайнап өсеміз,

Бір отырып, бір тұрып,

Билеп – билеп аламыз.


Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.



Қорытындылау, өзін-өзі бағалау.


  • Пайдалы қазба дегенді қалай түсінеміз?

  • Пайдалы қазбалардың түрлерін ата?







Балалардың жауаптары



Күтілетін нәтиже: Біледі: пайдалы қазбалардың түрлерін.

Түсінігі : суретке қарап әңгіме айтуды .

Көрсете білуі: пайдалы қазбаларды бір - бірінен ажыратуды .






































Технологиялық карта

Тақырыбы : Темірді өңдейтін адам – металлург. Темір түрлері.

Мақсаты: Балалардың металлург туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстан аумағындағы темір түрлері туралы әңгімелеу.

Көрнекті құралдар: Қазақстанның металлург болып істейтін адамның суреті. Темір түрлерінің суреті.


Оқу іс-әрекетінің

Кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық.

Шаттық шеңбері.

Армысың, алтын күн!

Армысың, туған жер!

Армысың , жан құрбым,

Жылуыма жылу қос,

Міне менң қолым.

Балалар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық ізденістік.

Балалар – жер қыртысында 70-ке жуық темір түрлері кездеседі. Металл бұйымдар күнделікті өмірде жиі қолданылады. Олар темір шеге, жез, самаурын, қасық, т. б. Тіпті ұшақтың өзі әр түрлі темірден жасалған.

Ал сол темірді өңдейтін адамды металлург – деп атайды.

Балалар ағзамызда 3 грамм темір бар. Ол қанға қызыл түс беріп тұрады, ал сол темір ағзамызда азайып кетсе басымыз айналып тез шаршайтын боламыз.

Олай болса темір туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті:

Күн болып жайнайсың ,

Мөлдір су боп ағасың.

Гүл болып жайнайсың ,

Терең – терең дем алып,

Жүгіріп, жүгіріп алайық.


Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылықізденістік.

Ойын « Жақсы жаман» Ойын ережесі: жақсы – жаман қасиеттер бейнеленген суреттерге қарап « жақсы » қасиет балса қол шапалақтап, « жаман» қасиет болса тып – тыныш отыру.

Темір туралы тақпақтар айту.




Қорытындылау,

өзін-өзі бағалау.

  • Бүгін бізде қандай оқу іс – әрекет

болды?

  • Біз не туралы әңгімелестік?


  • Жер қыртысында нешеге жуық темір кездеседі?




Балалардың жауабы



Күтілетін нәтиже: Біледі: темір деген не?

Түсінігі : темір түрлерін.

Көрсете білуі: тақпақ айтты, ойын ойнады, суреттен көрсетіп әңгімелеуді, сұраққа жауап беруді.




















Технологиялық карта

Тақырыбы : Пайдалы қазбалар түрі – көмір. Көмір шығаратын жерлер.

Мақсаты: Көмір туралы түсініктерін қалыптастыру. Көмірдің табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілеттері мен ой-өрісін дамыту, тапқырлыққа, зеректілікке, білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: Көмір туралы сюжетті картина. Көмір шығаратын қалалардың суреттері.

Оқу іс-әрекетінің

кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса,

Сәлем саған Жер – Ана!

Сәлем саған Нұрлы – Күн!

Аман есен болайық,

Бейбітшілікті қалайық.

Балалар қимыл-қозғалыс жасап, қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Оқу іс – әрекеті жұмбақ жасырудан басталады.

-Түсі қара, қатты зат,
Тереңде жатады.
Қазсаң шығады,

Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды.
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.

Ол не?
Көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланбай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің бе?

Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.



Балалардың жауабы-

Көмір.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Біздің елімізде көмірдің қоры өте мол. Көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.


Сергіту сәті.




Қорыт ындылау, өзін-өзі баалау.



Балалар, біз көмірді үнемдеуіміз керек. Адам көмірсіз өмір сүре алмайды. Көмір табиғаттың бір бөлігі. Д/О « Бұл қандай көмір ?» ойын шарты тастардың суретін көріп ,көмірді ажыратып айту.






Күтілетін нәтиже: Біледі: көмір түрлерін.

Түсінігі : көмірдің пайдасын.

Көрсете білуі: көмірді үнемдеуді.
























Технологиялық карта

Тақырыбы : Көмірдің пайдасы туралы әңгімелеу. Көмір түрлері.

Мақсаты: Балалардың көмір пайдасы, көмірдің түрлі пішіні туралы түсініктерін кеңейту, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көмірдің қоршаған ортамен байланысы туралы түсініктерін нығайту. Сөздік қорларына «тас көмір», «қоңыр көмір» сөздерін енгізу. Қоршаған орта, оны қорғау туралы білімдерін дамыту, табиғатты қорғауға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: Көмір, суреттер, кросворд шешу. Жанып жатқан көмірдің суреті, жұмыс дәптерлері.

Оқу іс-әрекетінің

Кезеңдері.

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Табиғат-сен тіршілік тұнып тұрған.

Сен- күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлсің,сен ормансың,сен бұлбұлсың.

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.


Балалар қимыл-қозғалыс жасап, қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Бүгін біз көмір түрлері туралы әңгімелесеміз.

Көмірдің бізге танымыл екі түрі бар «тас көмір», «қоңыр көмір». Көмір бізге қыста үйді жылыту үшін керек.Көмірді жер астынан шахтерлар шығарады.

Д/О «Дұрыс тап, тез ойлан »


Сергіту сәті

Табиғат неткен көрікті,

Жапырақтай жайқалып.

Гүлдей жайнап өсеміз,

Бір отырып, бір тұрып,

Билеп – билеп аламыз.
















Балалар қимыл қозғалыс жасайды.

Қорытындылау, өзін -өзі баалау.

-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы әңгімеледік?

-Қандай көмір түрлерін білесіңдер?

-Көмір дегеніміз не?

-Көмірдің қандай пайдасы бар?

-Балаларды мақтау, мадақтау.Оқу іс – әрекет барысын қортындылау.





Күтілетін нәтиже: Біледі: көмір түрлерін.

Түсінігі : көмірдің пайдасын.

Көрсете білуі: тақпақ айтуды, сурет бойынша әңгімелеуді, әңгімені тыңдауды.






































Технологиялық карта

Тақырыбы: Көмір шығаратын ірі қала – Қарағанды.

Мақсаты: Қарағанды, қаласы туралы әңгімелерді оқып беру арқылы балаларды табиғат дүниесіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шығарма мазмұнына сай көрнекіліктер, суреттер.


Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Ұйымдастыру кезеңі.

Көк орманда ауа таза, бой таза,

Көк орманда адам таза.

Орман өзін күнде таза ұстайды,

Көк орманда шаң бұрқырап ұшпайды.

Мұнда таңның қоңыр салқын лебі бар,

Көк орманда әнші құстар лебі бар. М.Әлімбаев.

Балалар тақпақты тыңдап, мазмұнын тыңдайды.

Ізденістер, ұйымдастыру.

Балалар Қарағанды қандай қала екенін мына суреттерден көреміз. Бұл қала шығаратын көмір түрлерімен құнды. Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету.

Қарағанды Қазақстан ішінде көлемі және адам саны бойынша үшінші орын алады.


- Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан еседі,

Кіп кішкентай ағаштан,

Үп – үлкен болып өседі.

Ормандар бірнеше түрге бөлінеді, шыршалы орман, еменді орман, аралас орман.

Ойын « Ормандағы түн»


Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.









Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы әңгімеледік?

-Балаларды мақтау, мадақтау.Оқу іс – әрекет барысын қортындылау.



Балалардың жауабы.


Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Қарағанды қаласын

Түсінігі: көмірдің адам өміріндегі пайдасы.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.

Технологиялық карта

Тақырыбы: Мұнайдың шығу тарихы. Мұнай шығаратын жерлер.


Мақсаты: Мұнайдың шығу тарихы туралы түсінік беру, мұнайдың ерекшеліктеріне назар аударып, көргендерін, білгендерін айтуды үйрету. Мұнай шығаратын жерлермен таныстыру. Табиғат құбылыстарының сырын білуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер Мұнай туралы өлең оқып беру. Мұнай бейнеленген суреттер. Мұнай шығаратын жерлер бейнеленген суреттер.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Армысың, алтын күн!

Армысың, туған жер!

Армысың , жан құрбым,

Жылуыма жылу қос,

Міне менң қолым.

Балалар бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ізденістер, ұйымдастыру.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын өзгерістерді өз ойларыңмен ұщтастырып әңгімелеп беріңдерші.

-Енді балалар тақтадағы бірінші суреттен нені көріп отырсындар?

-Келесі суреттерді кезекпен атаңдар.

-Бәрін бір сөзбен не деп атаймыз?

-Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі оқу іс – әрекет барысында осы мұнай және мұнайшы туралы әңгімелейміз.

Бүкіл мамандық иелерінің ішінде мұнайшы болу қиын әрі қызықты.

Мұнайды қара алтын деп атайды.Мұнай Батыс Қазақстан облстарында шығарылады. Мұнайдан плстмасса, синтетикалық бұйымдар, жасалады. Көшедегі машиналарда, ұшақтар, поездар мұнайдан шығарылған жанармаймен жүреді.

Сергіту сәті


Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.












Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Мұнайдың шығу тарихын, мұнай шығарылатын жерлерді.

Түсінігі: мұнайдың адам өміріне пайдасы.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.



















































Технологиялық карта

Тақырыбы: Алтын шығаратын жерлер. Алтынның шығу тарихы.


Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттері мен ой-өрісін дамыту, тапқырлыққа, зеректілікке, білімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер Алтын шығаратын жерлерге арналған суреттер, интерактивті тақтадан алтын шығаруға дайындық жұмыстары туралы көріністер.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді.  Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Грекия мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете

береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды.

Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. көп бар.

Сергіту сәті

Балалардың жауабы.









Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы әңгімеледік?


-Балаларды мақтау, мадақтау.Оқу іс – әрекет барысын қортындылау.



Балалардың жауабы.


Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: алтын шығаратын жерлерді, алтынның шығу тарихын.

Түсінігі: алтынның адам өміріне пайдасын.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.


































Технологиялық карта

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар түрі – құм.

Мақсаты: Балалардың құм туралы білімдерін кеңейту. Табиғатты қорғауға, сүйе білуге, құмға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылықтарын дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадан құмды көріністерді көрсету, құм.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

Балалар біз бүгін құм туралы әңгімелесеміз.Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады.Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады. Республиканың солтүстік жағы  қара топырақ аймағына жатады. Бұған Солтүстік Қазақстан облысы толық, Қостанай облысының көпшілік жері, Ақмола және Павлодар облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Қара топырақ қоңыр топырақтарға ауысады, оған Қостанай  облысының онтүстігі, Ақтөбе, Ақмола облысының басым көпшілігі, Павлодар, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген бөлігі жатады.

Сергіту сәті


Балалардың тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.









Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы әңгімеледік?


-Балаларды мақтау, мадақтау.Оқу іс – әрекет барысын қортындылау.



Балалардың жауабы.


Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: құм туралы

Түсінігі: құмның адам өміріне пайдасы.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.





































Технологиялық карта

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар түрі - тұз. Тұзға байланысты отбасындағы ырым-тыйым сөздер.

Мақсаты: Балаларға ас тұзы, адамдар мен жануарларға тұзды пайдалану қажеттігі, ас тұзының негізгі көздері көлден тұз өндіру туралы түсінігін қалаптастыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін өте жоғары бағалаған ата-бабаларымыздың болашақ мейірімді, инабатты, аяушылық сезімі жоғары, жаны аши білетін, тіршілік атаулыға қамқоршы бола білуге тәрбиелеу үшін пайдаланғанын түсіндіру. Қоршаған ортаға зиянын тигізбеуге, қорғай білуге, табиғатымызды аялай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтадан тұзды өңдеп шығарудың жолы туралы көріністер, тұз. Қазақтың тұзға байланысты тыйым сөздері, суреттер.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

 Ас тұзы кендері тұзды көлдер, қазба тұздар және жер асты тұзды сулары болып үшке бөлінеді. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий маңы ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Қазба Ас тұзы кендері аридтік климат жағдайларында, теңіз қолтықтары мен теңізден бөлінген шығанақтардағы тұзға бай сулардың буланып суалуынан, тұздардың қайта кристалдануы мен шөгуі нәтижесінде қалыптасқан. Сондай-ақ қазба тұздар тұнба түрінде кейбір тұзды көлдерде (Басқұншақ, Индер) және осы күнгі теңізге жақын көлдер мен қолтықтарда (Каспийдегі Қарабұғаз, Аралдағы Жақсықылыш) кездеседі. Тұзды көлдердегі ас тұзы табиғи тұнбадан не арнаулы бассейндерде тұзды суды суалту арқылы алынады.

Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.

Сергіту сәті











Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы әңгімеледік?


-Балаларды мақтау, мадақтау.Оқу іс – әрекет барысын қортындылау.



Балалардың жауабы.


Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: тұздың шығаратын жерлерді, тұздың шығу тарихын

Түсінігі: тұздың адам өміріне пайдасы.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.































Технологиялық карта

Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды шығаратын техника.

Мақсаты: Жалпы ауыр техника туралы мәлімет беру.

Көрнекіліктер: Жалпы ауыр техника, машиналардың суреті.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

Суреттермен жұмыс. Пайдалы қазбаларды үш түрлі әдіспен өндіретінін көрсету. Мұнайды бұрғылау әдісі арқылы құрлықта да су түбінен де өндіреді. Оны темір жол арқылы немесе су жолы арқылы тасымалдайды(танкер). Оларды құбырлар арқылы да тасымалдайды.Мұнайды тасымалдау өте қиын. Тасымалдау кезінде әр түрлі апатты жағдайлар болуы мүмкін. Мұнай мен бірге газ да өндіріледі. 
-Қазақстанның қай жерлерінде мұнай мен газ өндіріледі? Картадан көрсет. Ең көп шоғырланған жері қай жер? 
Тас көмірді ашық карьерде немесе жер қойнауында болса шахта қазып та өндіреді. Оны арнайы бұрғылайтын комбайн арқылы бұрғылап алады. 
-Қайда тас көмір өндіріледі? Картадан көрсет? Ол көмірдің қандай түрі? 
Тасымалдағанда көбінесе темір жолды пайдаланады. 
Шымтезек кенге жатпайтын пайдалы қазбаның түрі. Бұған алдымен алаң дайындалып одан кейін өндіріледі. Шымтезекті өндіріп болғаннан кейін ол дер болотаға айналады. 
- Шымтезекті не ретінде пайдаланады? 
Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы. Металды осылай өндіреді. Өндірілген кенді пайдалы қазбаны металлургия зауытына апарады. Онда металды домна пешінде қатты қыздыру арқылы алады. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің еңбек жолын осы металлургия зауытында бастаған. 
Сергіту сәті. 

Пайдалы қазбалардың қоры шексіз емес. 
Оны қорғауға өз үлесіңді қос. 
-Өз үлесіңді қалай қосатының жайлы пікірлеріңді айтыңдар. 









































Балалардың жауабы.


Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

- Темір қай жерлерде өндіріледі? Картадан көрсет? 
Сазды Қазақстанның барлық жерінде өндіреді деп айтуға болады. Құмды ашық карьерден де, су түбінен де өндіреді. 
-Оны қайда қолданады? Таза құмнан не жасаушы еді? 
Тұзды ашық карьерден өндіреді. 

Балалардың жауабы.



Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Пайдалы қазбаларды шығаратын техниканы

Түсінігі: Пайдалы қазбаларды өндіруге қандай техника керек екендігін.
Пайдалы қазбаларды үнемдеу және қорғауға үйренеді. 

Көрсете білуі: Слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.















Технологиялық карта

Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды картадан көрсету.

Мақсаты: Карта туралы әңгімелеу. Пайдалы қазбалардың шыққан жерлерін картадан көрсетуді үйрету.

Көрнекіліктер: Карта, пайдалы қазбалардың суреті.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Табиғат — біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Балабақша сабағы.


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

1.Тас көмірдің  аса ірі кен орны қайда орналасқан?


2. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?


3.Кенді пайдалы қазбаның мол  шоғырланған жері қайда?


4.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?


5.Еліміздегі ең ірі темір кен орны:


6.Кен орны деп нені айтады?




7.Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?

8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:


9. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?




10.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

          

Қарағанды, Екібастұз


тас көмір, мұнай


Солтүстік Қазақстанда


мұнай, гранит, тұз


Б)Өскемен


пайдалы қазбаларды  өндіру әдістері


фосфорит, мәрмәр

Соколов-Сарыбай

бензин, газ, жанармай



3



Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: алтын шығаратын жерлерді, алтынның шығу тарихын

Түсінігі: алтынның адам өміріне пайдасы.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.








































Технологиялық карта

Тақырыбы:

Мақсаты:

Көрнекіліктер:

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

Қызуын аямайды,

Көлікке азық жасайды.   /Мұнай/

Қара түсті, отын,

Жанады жарқын.  /Көмір/

Мөлдір, әрі түссіз,

Өзі табиғи отын.    /Газ/


Балалар, жұмбақтың шешулері не болды?

Олар неге жатады?

-Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар  туралы білімдерімізді одан әрі дамытамыз.

АКТ Пайдалы қазбалар туралы бейнежазба және слайд көрсетіледі.

 Диалогтік оқыту  сұрақ-жауап

-Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді? 
-Қазақтың тұңғыш геологі кім еді? 
1-слайд 
Қаныш Сәтбаевтың суреті 

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

-Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын. 
2-слайд. Пайдалы қазбалар суреті. 
-Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, алтын... 
3-слайд. Шартты белгілері 
-Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай өндіріледі. Хромтауды да хромның  кен орны деп мақтан етеміз. 
4-слайд. –Пайдалы қазбаларды жер астынан шахталар қазылып немесе жер бетінен ашық әдіспен игеріледі. (суреті көрсетіледі

ІІ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс

І топ. Жанғыш пайдалы қазбалар

ІІ топ   Кенді пайдалы қазбалар.

ІІІ топ        Кенсіз  пайдалы қазбалар  .

І Ү  топ  Шартты белгілер

Картамен жұмыс     Пайдалы қазбаларды картадан көрсетеді.

        

                                 

Балалардың жауабы.









/Пайдалы қазбалар/









Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбалар туралы  жазады. Флипчартта орындап, постерді қорғайды. Жұмысты аяқтаған топ қолдарын көтереді .    

                  

Балалардың жауабы.





Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс:

Түсінігі:

Көрсете білуі:









































Технологиялық карта

Тақырыбы: Пайдалы қазбалар түрі – Мыс. Мыс өндіруші қала Жезқазған

Мақсаты: Мыстың шығу тарихы туралы түсінік беру, мыстың ерекшеліктеріне назар аударту. Жезқазған қаласы туралы әңгімелерді оқып беру арқылы балаларды табиғат дүниесіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Демонстрациялық материалдар. Шығарма мазмұнына сай көрнекіліктер, суреттер.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын концентратын шығарады. Мыс балқыту өнеркәсібінен басқа құрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.

Мыс ұнтақтарын ауада ұзақ қақтау арқылы алады. Шыны, керамика, пигменті  дайындау үшін қолданылады. Қыздырғанда ыдырайды. Шыны, эмаль, глазурь пигменті, мыстың тұздарын алу, т.б. мақсаттарда пайдаланылады. Ол тері өңдеуде, аккумуляторға электролит ретінде, бояу пигментін, дәрілік заттар дайындауда қолданылады.. Ол металдарды мыстау үшін, органикалық тотығу-тотықсыздану реакцияларында катализатор ретінде қолданылады. Мыс тұздарының барлығы улы, сондықтан мыстан жасалған ыдыстардың барлығын қалайылайды.


Балалардың жауабы.









Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

-Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не туралы әңгімеледік?


-Балаларды мақтау, мадақтау.Оқу іс – әрекет барысын қортындылау.



Балалардың жауабы.





Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: мыстың шығаратын жерлерді, мыстың шығу тарихын

Түсінігі: мыстың адам өміріне пайдасы.

Көрсете білуі: слайдтар көруді, көргендерін әңгімелеуді, жауап беруді.





































Технологиялық карта

Тақырыбы: Көмір шығаратын ірі қала – Екібастұз.

Мақсаты: Екібастұз қаласы туралы әңгімелерді оқып беру арқылы балаларды табиғат дүниесіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шығарма мазмұнына сай көрнекіліктер, суреттер.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс –әрекеті


Балалардың іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң , Алтын күн !

Қайырлы таң, Көк аспан!

Қайырлы таң, Жер ана!

Қайырлы таң апайлар,

Қайырлы таң достарым!


Балалар қимыл қозғалыс жасайды.



Ізденістер, ұйымдастыру.

Екібастұз көмір алабы , Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар облысы жерінде. Дүние жүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Мұндағы қоңыр көмірді 1876 ж. жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан. Алғашқы барлау жұмыстары 1896 ж. жүргізіліп, көмір шахталардан өндіріле бастады. Көмір өндіру ашық әдіспенжүргізілуде. Екібастұз көмір алабында Қазақстан – Ресей бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Алаптың жалпы көмір қоры 11,3 млрд. т. Жылына 87 млн. т көмір өндіріледі. Өндірілген көмірді Қазақстан, Ресей және басқа көршілес мемлекеттердің ірі энергетикалық орталықтары пайдаланады.

1833ж қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды өңірінен « отқа жанатын қара тасты» кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23ж өткеннен кейін ғана, өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады.



                                 

Балалардың жауабы.

















Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбалар туралы  жазады. Флипчартта орындап, постерді қорғайды. Жұмысты аяқтаған топ қолдарын көтереді .    

                  

Балалардың жауабы.


Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс:

Түсінігі:

Көрсете білуі:









































Әуезов ауданы КМҚК «№172 балабақшасы»

















Технологиялық карта

Тақырыбы:

«Алтын құпиясы. Пайдалы қазбалар түрі – алтын.»







Орындаған:

тәрбиеші Шеримкулова А.М.









Алматы 2014





Технологиялық карта


Тақырыбы: Аса мәртебелі көмір.

Мақсаты: Балалардың тас көмір туралы білімдерін қызықты түрде бекіту, көмірдің ерекшелігімен, « шахтер» мамандығымен таныстыру, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдік қорын жетілдіруге үйрету.

Көрнекіліктер: Көмір, су, бос ыдыс, паралон, лупа.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың

іс -әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту

Шаттық шеңбер.

  • Білер қазақ баласы,

  • Сәлем сөздің анасы.

  • Алдымыздан кезіккен,

  • Көп танысты көреміз.

  • Бәріне де ізетпен,

  • Біздер сәлем береміз.


Ізденістер, ұйымдастыру.

  • Бүгін біз тас көмір туралы әңгімелесеміз.

  • Көмірді қайдан қазып алынатынын, қалай қолданатынын, адам өміріне пайдасы жайлы. Балалар бізге қонақ келу керек еді, бірақ ол кешігіп жатыр.

Тосын сәт: топқа Карлсон ұшып кіреді.

Тәрбиеші : Карлсон сен неге кешігіп келдің?

Карлсон : Мен темір жол станциясынан ұшып келе жатсам бір поезд тұр екен, вагоны толған тас, бірақ жай тас емес асыл тас сияқты. Мен соның біреуін сендерге алып келдім. ( Дорбасынан құлпынай тосабын және кәмпит алып шығады)

Тәрбиеші : Карлсон сен неге сонша тәтті жейсін?

Карлсон: Моторым өшіп қалады, әлденіп алуым керек, қайда кетті мына тас? А, міне қараңдаршы!

Тәрбиеші : Балалар бұл тас қалай аталады?

Карлсон : Бұның жай ғана көмір болуы мүмкін емес!

Тәрбиеші : Карлсон мына үстелге бері жақындашы, бізде мында көмір бар кел екеуін салыстырайық.

Карлсон (үстелге жакындап ) жок- жок- жок! Сендердікі кіпкішкентай тастарғой, ал менікін қараңдаршы қандай үлкен.

Тәрбиеші : Көмір морт сынғыш болып келеді, егер оның үстінен балғамен ұрса ол тез жарылып қалады. (Карлсонның көмірін жарып көрсетеді)

Карлсон : Мұнша көп көмір қайдан шықты өзі?

Тәрбиеші: Балалар мен бір аңыз білемін. Тыңдап, көргілерің келеме?

Тәрбиеші : Сарыарқа даласы – көп жылдар бойы өз құпиясын сақтап келген. Күндердің күнінде ( бір бала кіріп келеді) бұл қойшы Аппақ Байжанов.

Аппақ : Қойлар өз беттерімен жайылып жүр, күн болса батып бара жатыр. Ой мынау не? Мынау суыр емеспа, қазір мен оны ұстап аламын!

Тәрбиеші : Бала суырдың артынан жүгіре кетті, бірақ үлгере алмады, суыр ініне кіріп кетті.

Аппақ: Қап ұстай алмадым, мынау неткен жылтыр қара тастар өзі? Осыларды алайын...

Тәрбиеші : Аппақ көп тастар жинап алып кері қайтты. Кеш батты, күн салқындай түсті, жылынып алу үшін от жақты. Аппақ жинап алған тастарын отқа тастай бастады.

Аппақ : Ух қалай жанып жатыр өзі, қызуы бет шарпып тұр.

Тәрбиеші : Өстіп қарапайым қойшы- бала көмір тауып алады, ал сол тастар шыққан жерде көп жылдардан кейін үлкен әдемі қала тұрғызылады. Ал балалар сендер қай қала жайлы айтылып тұрғанын түсіндіңдерма? Бұл қаланың аты қалай аталады?


Тәрбиеші : Неге? Қалай ойлайсыңдар?


Тәрбиеші : Риза болған халық қойшы баланы ұмытқан жоқ, оған ескерткіш қойылды. Қарандаршы балалар міне ол мынандай екен ( ескерткішті суреттен көрсетеді)

Карлсон: ( ойланып тұрып) сонша көмірді шығару үшін қаншама суыр керек екенін ойлап тұрмын, бір вагон шығар???

Тәрбиеші : Балалар Карлсон көмірді кімдер шығаратынын білмейді екен, ал сендер білесіңдерме? Қане мына жұмбақтың шешуін табыңдар

Ал досым сұрақ тыңда,

Жердің астында көмір қазатын кімдер еді?

  • Шахтерді ел біледі,

Оған сарай жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Сорғалатып тер ащы.


  • Бала оқитын зәулім үй,

Қалмауы үшін суынып.

Үйіп көмір тауды ылғи,

Береді ол жылуды.


Карлсон: Шахта деген не түкте түсінбедім... қайда орналасқан?

Тәрбиеші: Қазір балалар саған бәрін түсіндіреді.

Балалар: Бұл комбинат шахтасы, бұл жерде шахтерлер киімдерін ауыстырып каскаларын киеді. Комбинатта лампы алатын бөлме бар, бұл жерден шахтерлер лампы алады, өйткені жердің асты тас қараңғы болып келеді. Бұл көмір таситын вагонеткалар.

Тәрбиеші : Ал Карлсон сен енді көмір қалай шығарылатынын білдің. Сен ойлана тұр ал біз болсақ сергіту сәтін өткізіп алайық.

Сергіту сәті:

Тырс- тырс- тырс -тырс жаңбыр көп жауады,

Тазартады ауаны.

Тырс – тырс- тырс-тырс терезені қағады.

Жылғалардан ағады.

Тырс – тырс-тырс-тырс,

Жаңбыр көп жауады

Тазартады ауаны.

Карлсон : Ха, шахтерлер болсандар қайтейін, ал көмірді шығардыңдар, құр тасқой бұл ешқандай пайдасы жоқ, түсінбеймін соншама көмірді не істейсіңдер? Қайда апарасыңдар?

Тәрбиеші : Бұл сұраққа мына ертегі жауап бере алады. Балалар мұқият тыңдап отырыңдар ертегі аяқталған соң, мен сендерге бір тапсырма орындатамын.

Ерте, ерте, ертеде бір патша өмір сүріпті, іші пысқан патша сиқыршыларға сынақ ұйымдастырыпты. Көп сиқыршылар өз өнерлерін көрсетіп, ортаға бір қария шығыпты. Ол сиқырлы таяғымен жүргізіп еді устел үстінде тас көмір пайда болыпты. « Бұл сиқырлы тас»,- депті қария. Патша ашуланып қарияны қуып жіберуді бұйырады. Қария ренжіп барлық тас көмірді жойып жібереді.

Кеш батады. Патша сарайы тас қараңғы болады. Патша жарық жағуды бұйырады. Сарай жұмысшылары жарық жаққышты табалмайды.Шамды да жағып барлық қабырғаны іздеп шығады жоқ.

  • Бас уәзірді шақырыңдар! Неге сарайдың іші тас қараңғы?

  • Жарық жоқ, себебі электр тоғы таусылды.

  • Неге? – деп патша аяғымен жерді соқты.

  • Көмір жоқ, пештер сөнді, электростанциялар жұмыс істемейді.

  • Ал лампаның қосқышы мен патроны қайда?

  • Оларда, жоғары мәртебелім көмірден жасалған еді.

  • Жарайды, көбірек шамдарды жағыңдар. Ал қазір менің сарай суретшісі салған суретімді барып көрейік. Не мынау? Мен түрлі- түсті суретке тапсырыс бердім, сен болсаң суретті қара қарындашпен салып қойыпсын.

  • Түрлі түсті бояуларды қап-қара көмірден жасайды. Ал ол сіздің кесіріңізден жоғалып кетті, - деп суретші жауап берді.

Осы мәселелердің барлығынан патшаның басы ауырды. Сарайдан емшіні шақыруды бұйырды. Ол келді, бірақ шабаданы бос.

  • Сен маған қалай ғана дәрі-дәрмексіз келдің?

  • Кешіріңіз, жоғары мәртебелім, ақ аспиринді жоғалып кеткен қара көмірден жасайды.

Патшаға бұндай патшалықта өмір сүру ұнамай, қашып кетуге шешім қабылдады. Ол шапанын қолына алып еді – оның бірде бір түймесі жоқ екен.

  • Не мынау? Патша киімі неге бұндай күйде?

  • Пластмасса түймелерді көмірден жасайды, ал ол жоғалып кетті, - деп жауап берді бас уәзір.

Патша әлгі сиқыршыны табуды бұйырып, одан кешірім сұрайды. Сиқыршы көмірді қайтарды, содан патшалықта өмір қалпына келді.

Тәрбиеші («Затты таңда» дидактикалық ойын) : Ал қазір тапсырманы тыңдаңдар. Ертегіде көмірден не жасалатынын естеріңе түсіріңдер. Үстелге келіп сол заттардың бірін алып атын атаңдар. Тәрбиеші: Көмір осы заттарға ұқсайды ма? Бірақ осы заттардың барлығы көмірден күрделі өңдеуден кейін жасалады. Одан жемістер мен көкөністердің, нанның жақсы өсуі үшін жерге шашатын ұнтақ жасайды және көмірден керосин, көлікке арналған майлар алады. Ал қазір мен сендерді нағыз ғалымдар секілді тәжірибе жасау үшін зертханаға шақырамын.

Тәрбиеші (эксперименттік қызмет): Көмірді қолдарыңа алыңдар, оған қарап оның қандай екенін айтыңдар. (қара, жылтыр, қатты, қатпарлы). Көмір жүзе алады ма? Слыстырмалы түрде жоңқаны пайдаланамыз.



Тәрбиеші: Қағаз бетіне көмірмен жүргізсек не болады?






























Балалардың жауабы – тас көмір




















Балалар қойылымды тамашалайды.






















Балалардың жауабы: ия бұл біздің Қарағанды қаласы.Қазақстанның көмір астанасы.


Өйткені бұл қалада көмір шығарады.















( шахтер)












Балалар Карлсонды тақтаға шығарып суреттерді көрсетеді.





































































































Балалар тапсырманы орындайды.














Балалар көмір мен жоңқаны ыдыстағы суға салып, көмірдің батқанын көріп көмір ауыр зат екеніне тұжырым жасайды.



Балалар көмірмен қағаз бетіне сурет салады және олар көмірдің қағаз бетінде із қалдыратынын айтады.


Қорытындылау, өзін -өзі бағалау

Тәрбиеші: Бүгін біз тас көмір туралы әңгімелестік. Комірден не жасайтынын, қалай шығаратынын білдік.

Карлсон: Рахмет сендерге балалар. Көмір шыныменде асыл тастың бірі екен. Сауболыңдар балалар!( Карлсон тас көмірлерді алып, ұшып кетеді.)




Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: қаланың атын, оның тарихын, мәдениетін және тас көмірдің құрылымын, қалай шығарылатынын, қайда қолданатынын.

Түсінігі: көмірдің адам өміріне пайдасын, «шахтер» мамандығын.

Көрсете білуі: сұраққа жауап беруді, тақпақ айтуды, тақырыпты түсінуді, өз бетінше орындауды.






Карлсон : 1.Мен темір жол станциясынан ұшып келе жатсам бір поезд тұр екен, вагоны толған тас, бірақ жай тас емес асыл тас сияқты. Мен соның біреуін сендерге алып келдім. ( Дорбасынан құлпынай тосабын және кәмпит алып шығады)

2.Моторым өшіп қалады, әлденіп алуым керек, қайда кетті мына тас? А, міне қараңдаршы!

3.Бұның жай ғана көмір болуы мүмкін емес!

4.(үстелге жакындап ) жок- жок- жок! Сендердікі кіпкішкентай тастарғой, ал менікін қараңдаршы қандай үлкен.

5.Мұнша көп көмір қайдан шықты өзі?

6.( ойланып тұрып) сонша көмірді шығару үшін қаншама суыр керек екенін ойлап тұрмын, бір вагон шығар???

7.Шахта деген не түкте түсінбедім... қайда орналасқан?

8.Ха, шахтерлер болсандар қайтейін, ал көмірді шығардыңдар, құр тасқой бұл ешқандай пайдасы жоқ, түсінбеймін соншама көмірді не істейсіңдер? Қайда апарасыңдар?

9.Рахмет сендерге балалар. Көмір шыныменде асыл тастың бірі екен. Сауболыңдар балалар!( Карлсон тас көмірлерді алып, ұшып кетеді.)



Аппақ : 1.Қойлар өз беттерімен жайылып жүр, күн болса батып бара жатыр. 2.Ой мынау не? Мынау суыр емеспа, қазір мен оны ұстап аламын!

3.Қап ұстай алмадым, мынау неткен жылтыр қара тастар өзі? Осыларды алайын...

4.Ух қалай жанып жатыр өзі, қызуы бет шарпып тұр.



Шахтерді ел біледі,

Оған сарай жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Сорғалатып тер ащы.


Бала оқитын зәулім үй,

Қалмауы үшін суынып.

Үйіп көмір тауды ылғи,

Береді ол жылуды.


Бұл комбинат шахтасы, бұл жерде шахтерлер киімдерін ауыстырып каскаларын киеді.


Комбинатта лампы алатын бөлме бар, бұл жерден шахтерлер лампы алады, өйткені жердің асты тас қараңғы болып келеді.


Бұл көмір тасыйтын вагонеткалар.























































































































































-80%
Курсы повышения квалификации

Психология межличностного общения

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бейімделген ба?дарлама (97.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт