Тексерілді: -----------------------
| Сабақ: Әдебиеттік оқу |
|
| ||||
| Мерзімі: | Оқытушының аты-жөні:
| |||||
| Сынып: 2 « » | Қатысқан оқушылар саны:
| Қатыспағандар саны: | ||||
| Сабақ тақырыбы
| Н.Ғабдуллин Батырдың мінезі | |||||
| Осы сабақтың оқу мақсаттары: | Мәтінді дұрыс, түсініп оқып, мәтіндегі басты кейіпкердің өмірбаянымен, танысады, Б. Момышұлы Ұлы Отан кезіндегі ерлігін әңгімелей отырып, ерлігінен үлгі алады. | |||||
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Батырлыққа, батылдыққа қатысты айтылған мақалдарды түсініп айта алады. Мақалдың мән- мағынасын аша біледі. Оқушылардың көпшілігі Мәтіндегі басты кейіпкерді сипаттап, өз сөзімен жеткізе баяндайды. Кейбір оқушылар: Мәтінге қатысты сөзжұмбақ құрастыра алады. | |||||
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Мәтінді өз сөзімен баяндап жеткізуге, өмірмен байланыстыра салыстыра алады. Пәндік лексика және терминдер: Батыр, ержүрек, тәуекешілдік, батыл, ерлік пен бірлік, қорқақ Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер Соғыста ең қауіпті нәрсе... Тәуекелге бел байлау.. Ерсілі- қарсылы екі рет жүріп, із салды.
| |||||
| Құндылықтар | Оқушыларды отансүйгіштікке, батылдыққа үйрету. | |||||
| Бұған дейін меңгерілген білім |
С.Сейфуллин Біржан | |||||
| Жоспар | ||||||
| Жоспарлан ған уақыт Басы 0 – 7 мин
8 – 15 мин
Ортасы
1 6 – 24 мин
25 – 30 мин
30 – 35 мин
Соңы
36-45 мин
| Жоспарланған жаттығулар Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) Табыс критериімен таныстыру* 1. Мәтіндегі басты кейіпкердің ерлігін түсінемін. 2.Батырдың игі істерінен үлгі аламын. 3. Мәтінді оқып, батырды сипаттап айта білемін. I.Кіріспе бөлім. 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Оқушыларға жағымды орта туғызу. 3.Топтарға бірігу II.Ұжымдық жұмыс «Ой қозғау» стратегиясы. 1.1-«Ата-бабам тарихы-менің тарихым». Ұлы Отан соғысы қай жылы басталған еді? Соғысқа қатысқан қандай ержүрек жауынгерлерді білесіңдер? Олар не үшін шайқасты? Б. Момышұлы қандай соғысқа қатысқан батыр? Халық жадында ержүректілігімен, ерлігімен есте қалған кімдерді білесіңдер? Ұшқан ұя мәтініндегі басты кейіпкер кім? Ал ендеше бүгінігі сабағымыз Ұлы Отан соғысының қаһарманы – Б.Момышұлы туралы білетін боламыз 1.2 Б.Момышұлы туралы мағлұмат беру. Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Нақыл сөздер
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Батырдың мінезі» деп аталады. Мәтіннің авторы-Нығмет Ғабдиллин.Әңгіме Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы. Нығмет Ғабдуллинның өмірімен таныстыру. Ғабдуллин Нығмет (1927–2005) - 26 желтоқсанда Көкшетау облысы, Рузаев ауданы, Шұқыркөл деген ауылда туған. 1950 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін үздік бітірген. Топтық жұмыс 1- топ.Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды. 2- топ: Мәтіннен Баукең қолданған нақыл сөздерді табады. 3- топ: Нақыл сөздерді пайдаланып Бауыржанды сипаттайды. 4-топ: Әңгіме бойынша сурет салады.
Жеке жұмыс «Бес жолды » өлең Бауыржан Батыл, өжет Бұйырды, қолбастады, шайқасты Бауыржан- соғыста батылдық танытты. Батыр «Сөйлемді аяқта» әдісі Бір жолы біздің батальон қалың орманға қарай .... Жауынгердің бірі көмілген минаға ұрынып, .... Бір қадам алға ілгері аттауға батылдары ... - Биыл жеңістің неше жылдығын тойлағалы жатырмыз? - Соғыс дегеніміз не? Соғыс - екі ел арасындағы қарулы қақтығыс. Соғыс-дүниежүзілік соғыс, азамат соғыс, ұлт азаттық соғыс, ұлы отан соғысы болып бөлінеді. 1914 жылы 22 маусымда елімізге қауіп төніп халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Соғысты жеңіспен аяқтау үшін жауынгерлер барлық күш-жігерін жұмысады.Сөйтіп 1945 жылы 9-мамырда кеңестік Қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлинде жеңіске жетті. VI .Сабақ рефлексиясы «1 минуттық эссе»
VI Үйге тапсырма. 1.Өлеңді мәнерлеп оқу. «Кейіпкерге хат» эссе жазу. | Дерек көздері
Конверттер
Маркер, плакаттар
Таратпалар |
| |||




Батырдың мінезі (490.01 KB)

