Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

разработка утренника прощания с детским садом группы предшкольной подготовки

17.09.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: Қош бол, балабақшамыз! Сәлем саған, мектебім!

Мақсаттары: Балабақшада өткізген күндеріне шолу жүргізу. Балаларға және көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.Логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Бір-бірін, залдағы көрермендерді сыйлауға, өзара ынтымақтастыққа, өнер мен білімді сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері мен қажетті құрал-жабдықтары:

- Қатырма қағаз бен оракалдан жасалған ұшақ.

- Орындықтар.

- Қағаз гүлдер мен шарлар.

- Жеті жапырақты сиқырлы гүл /цветик-семицветик/

- Түрлі дыбыс жазбалары: сиқырдың, қонған ұшақтың және хабарлаушы дауысы

«Звук волшебства» деген жазба қойылады. Соның дыбысымен залдың ортасына келіп ұшақпен төрт жүргізуші бала қонады да, ішінен шығады. Сөйтіп ертеңгілікті бастайды.

Ұшақтың қонған дыбысы.

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуге арналған білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу ертеңгілігін бастау үшін  Бозанбай ауылының «Айгөлек» балабақшасының «Айналайын» мектепалды даярлық тобының  бүлдіршіндері   «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, тыныштық сақтап,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!

(Ұшақтан төрт бала түседі)

Жүргізуші Алижан: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің қоштасу мерекемізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші Юсуф: Добрый день, уважаемые родители, дорогие дети! Гости нашего праздника!

Жүргізуші Парасат: Гуд дэй дие пейрентс чилдрен энд гест! Уэлкэм ту ауэ холедей!

Жүргізуші Юсуф: Сегодня у нас торжественный день мы прощаемся с нашим любимым детским садом. Мы хотим показать все, чему мы научились в детском саду.

Жүргізуші Төребай: 


Парасат

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем менің көкке тиіп,

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп

Тұрамын «тәрбиешім» деп, басымды иіп!

Осы жерде төрт бала екі тәрбиешісін жетектеп ортаға шығарады.

Гүлзәда Жанарбекқызы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, «Айгөлектің» табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің бүгін балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар.Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспін!Сіздерді жақсы қылықтарымен, үлкен нәтижелерімен үнемі қуанта берсін! Әрдайым жүздерінен күлкі кетпесін!

Асима Ағзамқызы:

Қош келіпсіз, құрметті қонақтар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Бұл – алаңсыз балғын шақты балалар!

Толқимыз!Толқып тұрсыз,баршаңыз да!

Мұндай күй болған, сірә,қаншаңызда

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

Бақшамыздан бүгінде ұшқай тұрған

Әдемі ханзада мен ханшаларды!

Тәрбиешілер сөйлеп біткенде балалар музыка әуенімен залға кіреді. Мен әр баланың толық аты-жөнін айтып тұрамын.

Асима Ағзамқызы:

Құрметті ата-аналар!

«Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен»,

- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік!

Перизат:

Армысыңдар, үлкен-кіші көрермен.

Кенде емес Перизат қызың өнерден

Ренат– әкем аты, шешем – Зухра

Ән салып, би де билеп беремін мен.

Кәусар:

Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Анасы баққан әлпештеп

Алдарыңа келіп тұр

Бір тал гүлі Шаттықтың

Кәусардайын балаң бар!

Мадина:

Алдыңызға келіп жеттім танысуға

Бойымдағы бар өнерді дарытуға

Әдеппен, ізетпен сәлем бердім

Нұрбекқызы Мадина мен боламын

Нұрай:

Сөйлегенім тым тәтті,

Сәулелі де сымбатты,

Кербез Нұрай қыздарыңыз

Сіздерге қарап тіл қатты.


Дархан:

Данасы болар даламның

Дархан деген баламын.

Көп оқып, көп тоқитын

Білімді мен боламын

Төребай:

Салауатты өмір санамда

Мақсат қылмай қалам ба?

Жетелеген арманым

Төребай мен болам да.

Жанболат:

Ау, халайық, жарандар!

Бәрің маған қараңдар.

Шымыр болып шыныққан

Жанболат деген балаң бар.

Еламан:

Күшім толы бойымда

Білім толы ойымда.

Озат оқу мақсатым,

Еламан деген жақсы атым.

Нұрғали :

Нұрғали ұлың мен болам

Ылғи бестік алатын.

Әл-Фараби атамдай

Математик болатын.

Юсуф:

Адалдықты жақтайтын,

Бәрін біліп, жаттайтын,

Менен тек жақсылық күт,

Юсуф мырзадан бар үміт.

Парасат:

Жайғанда арман құшағын,

Жеткенше қайрат, күш, әлім.

Биікке самғап ұшатын

Парасат деген балаңмын!

Ералы:

Айтқан тілді алатын,

Жұмсағанда баратын,

Білімнен бақыт табатын

Ералы батыр мен болам!

Бақдәулет:

Атым менің Бақдәулет,

Қуантып ата-анамды,

«Сымбатты жұлдыз» даңқымды

Әлемге мен жаямын!

Мұхтар:

Кіші қамын ойлаған,

Кісі жанын сыйлаған.

Мінезімен, өнерімен

Өзгелерге сыйлы адам

Мұхтар ұлдарыңыз мен болам

Алижан:

Ақ көңілді, ақ ниетті

Мен - бүлдіршін баламын.

Анам бар Айнұрдай мәпелеген

Әкем бар Абдельмансур жетелеген

Баласымын Алижан еркелеген.

Асима Агзамовна:

Бүгінгі күн - әр үйдің

Тойбасы деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік басында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

Шашу рәсімін жүргізетін----------------------------------

Асима Ағзамқызы :Балалар қараңдаршы сендерге Білім ханшайымы көп сыйлықтар беріп  жіберіпті. Ең бастысы «Ертегілер» атты кітапты сыйлапты.

«Ертегілер елі» әнінің әуені ойнап тұрады.Ханшайым кіреді.

Ханшайым: Мен бәрібір мектепке барамын. Мына алтын керек жоқ маған, мен оқығым келеді.

Асима Ағзамқызы:Ханшайым, сен бізге қайдан келдің?

Ханшайым:Ертегілер әлемінен.

Асима Ағзамқызы:Сен кіммен келдің?

Ханшайым:Ханмен,яғни әкеммен.

«Ертегілер елі» әнінің әуені ойнап тұрады. Хан кіреді.

Хан:Қызым,мектепке барам дегенді қайдан ойлап таптың,а? Мектепте білім алу қиын жұмыс.

Асима Ағзамқызы Хан тақсыр, мектепте бәрін үйретеді. Сенбесеңіз,байқап көріңізші. Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң,жауабы дайын. Қазір мен жұмбақтар оқимын. Ал, сіз балалардың жауабын  тыңдаңыз, жарай ма?

«Ойлан, тап» логикалық ойыны.

1.Төрт баланың неше қолы бар?

2.Көгалда 7 қоян отыр.Аңшы мылтық атқанда олар қашып кетті.Көгалда неше қоян қалды?

3.Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр.Неше мысық тығылған?

4. 2 аюдың неше аяғы бар?

5. Ал 5 қоянның құлағы нешеу?

Асима Ағзамқызы:Хан тақсыр, көрдіңіз бе? Біздің балалар қандай ақылды!

Хан:Сонда мен қызымды мектепке беретін болсам, ол қазынамдағы ақшамды санай алады ғой?

Асима Ағзамқызы: Әрине.

Хан: Балалар, айтыңдаршы менде 10 қап алтын бар, ал қызымда 10 қап алтын бар.Сонда барлығы қанша қап алтын болады? /Жиырма/

Хан:Тамаша, бәрекелді, осылай менің қызым қазынамды санап отырса, онда қандай  керемет болар еді!

Асима Ағзамқызы: Сонымен, қызыңызды мектепке беретін болдыңыз ба?

Хан: Иә,әрине берем,- деп залдан шығып кетеді.

Ханшайым: Балалар, білесіңдер ме? Мен жай ғана ерке ханшайым емеспін. Мен ертегі патшалығынан келген ханшайыммын.Мен де сендер сияқты мектепке барғым келеді. Әкемді көндіруге көмектескендерің үшін рахмет айтамын.
Асима Ағзамқызы : Онда төрлетіңіз, бүгінгі мерекемізде бізбен бірге болыңыз, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Хор: «Бүгін бізде мереке» әні

«Летка Енка» биі.

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерін өрге жүзсін. Ал менің кететін уақытым болды. Мен де сендерге құр қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау жеті түсті жапырағы бар сиқырлы гүл. Әр бір күлтесін үзіп тілек тілесеңдер, тілектерін орындалады.

«Ертегілер әлемі» әнінің минусовкасы қойылады.

Музыка әуенімен ханшайым билеп жүріп

«Жақсы, балалар, қош сау болыңдар!»,- деп шығып кетеді.

Асима Ағзамқызы : Қандай ерекше гүл, солай ма, балалар? Сиқырлы гүлдің күлтелерін үзіп көрейікші, тілектер орындала ма екен?

Кәне, балалар, 1- күлтесін балабақша меңгерушісі үзіп алсын, көрейік.
Меңгеруші үзіп алып, тілегін оқиды.
- Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. М.Әлімбаевтің «Біздің балабақшада» атты өлеңін естігім келеді.

2- күлтедегі тілекті балабақша әдіскері Қания Қалиақперқызына оқытайық.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны ойналсын.Ойын шарты:

Балаларға бірнеше әріп көрсетіледі.Олар әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөздерді неғұрлым көбірек айтуға тырысады.

3- күлтені сендердің мерекелеріңе арнайы келген қонақтарымыздың бірі үзіп, тілегін оқысын. Онда не деп жазылған екен, кәне?

«Алтын бесік «Айгөлек» әнін білесіңдер ме?

Асима Ағзамқызы: Біз өзіміздің балабақшамыз туралы ғажап әнді,әрине, жаттап алғанбыз. Ендеше, сіздің де тілегіңізді орындаймыз! Ән айтылады.

Би тарту: «Шөжелерім»

Асима Ағзамқызы: Балабақшамызда өткен «Айгөлек жұлдызы-2017» атты өнер сайысының қатысушылары, әнші жұлдыздарымыз Жекебайұлы Төребай, Шаттық Кәусар және Жакабаев Бақдәулет сіздерге «Әнші болу арманым» атты әнді тарту етеді. Қабыл алыңыздар!
«Иә, иә, жоқ,жоқ!» атты дидактикалық ойыны

Ойын шарты: Ортаға балаларының жанына ата-аналарды шақырамын. Балаларға және ата-аналарға сұрақтар қойылады. Олар сұрақтарға тек қана «Иә,иә» немесе «Жоқ,жоқ» деген сөздермен жауап беруге тиіс. Ендеше мұқият болыңыздар

№1. Балаларға арналған сұрақтар:

1.Мектепке біз барамыз ба?

 2.Кілең бестік аламыз ба?

 3.Айтқан тілді аламыз ба?

 4.Ақылды бала боламыз ба?

 5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

 6.Ертеңгісін тұрамыз ба?

 7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

 8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

 9. Екі алсақ жылаймыз ба?

 10. Үлгілі оқушы біз боламыз ба?

№2. Ата-аналарға арналған сұрақтар:

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2. Кітап оқып,есепке сіз зерексіз бе?

3.Балаңыздың тамағын уақытылы бересіз бе?

4. Қиындыққа әрқашан төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?

6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?

7. «Оқыту - мұғалімнің жұмысы» деген сөзді айтасыз ба?

Асима Ағзамқызы: Рахмет, сіздерге,құрметті ата-аналар. Орындарыңызға жайғасыңыздар.

Асима Ағзамқызы: Қ.Аманжолов. «Жетпіс пен жеті» өлеңін оқимын. 318-бет.

4-күлте. Ата-аналар,күлтені үзу кезегі сіздерге келіп жетті.

«Бабушки-старушки» биін тамашалағым келеді.

5– күлте. Мектеп директоры үзіп, қандай тілек жазылғанын оқып береді.

Сұрақ: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Ендеше «Көктем гүлі» атты би биленсін.

6-күлтені медбике үзеді.

«Түстерді ата» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Тамара Васильевна алдымен балаларға бірнеше сұрақ қояды:

  • Балалар, менің қолымдағы заттар қалай аталады?

  • Олар сендерге не үшін керек?

Медбике қарындаштарды бір-бірлеп көрсетеді. Ал балалар болса, қарындаштардың түсін қазақша, орысша, ағылшынша атап береді.

Осы жерде ағылшын тілінің мұғалімі Гүлнар Мұхаметқалиқызы балалармен сабақтан үзінді көрсетеді.

7-күлтені «Айналайын» мектепалды даярлық тобының тәрбиеші көмекшісі Назима Мұқашқызы апайларың үзсін. Жарай ма, балалар? Кәне, енді сіздің тілегіңізді тыңдайық:

«Көңілді пішіндер» ойыны ойналсын.

Ойынды жүргізетін тәрбиеші Гүлзәда Жанарбекқызы.

Ойын шарты:Балалар кең шеңберге тұрады. Тәрбиеші алдымен түрлі-түсті қағаздан қиылған пішіндерің атауларын қайталатып өтеді. Содан соң ойын мәнін түсіндіреді. Тәрбиеші тоқтамай кез келген зат атауларын атай береді, арасында пішіндердің атауларын да атайды. Балалар болса, жай атау сөз айталғанда қол шапалақтайды, ал пішіндердің атауы аталса, онда бір орында тұрып секіріп қалулары керек.

Алғыс білдіру сәті

Бақдәулет: 

Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші жақсы адам

Сондықтанда біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Меруерт Әскербекқызына мың алғыс!

Мадина: 

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп

Қалымызды сұрайтын

Айгүл Сарыарқа қызына мың алғыс!

Парасат

Қайнаған су әкеліп

Дәруменін беретін.

Өлшеп салмақ,бойымды

Екпесін де егетін.

Тамара Васильевнаға мың алғыс!

Еламан: 

Тәтті тағам пісірген

Айран, сүтін ішкізген

Аспазшылар Райгүл апай мен Зарина апай !

Сіздерге мың алғыс!

Дархан

Ақ төсекке жатқызған

Тәтті тамақ таратқан.

Бала боп бізбен ойнаған

Назима Мұқашқызына мың алғыс!

Барлығы бірге

 Тәрбие берген бақшамыз

Тәртіпті бала боламыз.

Алда үлкен белес бар

Сүрінбей өтіп барамыз

Асима Ағзамқызы: Құрметті мереке қонақтары! Құрметті балалар! Қазақта «Ауылына қарап, әкімін таны» деген сөз бар. Құттықтау сөз кезегін---------------------------------------- беремін.

Асима Ағзамқызы:

Бір ата, бір ананың тірегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз!

Бірлік болса, тірлік бар деген бабам

Бірлікпенен бір соқсын жүрегіміз! –

дей келе, құттықтау сөз кезегін ата-аналарға беремін.

Асима Ағзамқызы:
Шаңырағы шаттықтың!
Бала бақша қорғанышы,
Балғын сәби жастықтың!
Қуанамыз,сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін!
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін, -деп бүлдіршіндеріміздің орындауында

МЕКТЕПКЕ АРНАУ.

Ән «Сәлем, мектеп!». Орындайтын хор.

1. Қош бол, балабақшамыз

Сәлем саған, мектебім!

Сәлем,білім ордасы,

Жасыл бақты көктемім!

Сәлем,білім ордасы,

Жасыл бақты көктемім!

2. Сенен біліп шығармын

Аспан барын,күн барын.

Сен арқылы ұғармын,

Жұмбақ әлем сырларын.

Сен арқылы ұғармын,

Жұмбақ әлем сырларын!

Асима Ағзамқызы:

Ұмытылмай балабақша

Көңілде мәңгі сақталсын!

Үміт, сенім ақталсын!

Жаңа өмір басталсын! – деп, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі М.Ержомарт пен Бозанбай орта мектебінің директоры С.Қолғанатовты ортаға шақырамын. Бір ауыз тілектеріңізді айтып, біріңіз бүлдіршіндерімізді АҚ ЖОЛМЕН жүргізіп шығарып салып, екіншіңіз МЕКТЕП босағасынан қабылдап алыңыз!




ҚР Білім министрлігі ШҚО «Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ

«Айгөлек» балабақшасы КМҚК













«Қош бол, балабақшамыз! Сәлем саған, мектебім!»

атты «Айналайын» мектепалды даярлық тобының ертеңгілігінің бағдарламасы.










Өткізген:

Тәрбиеші Ағзам А.А.




Бозанбай ауылы, 2017 жыл.

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі (69.37 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт