Павлодар облысы,Май ауданы,Көктөбе ауылы
МҚКК «Ақбота» бөбектер бақшасының
II санатты тәрбиешісі
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің заманауи жағдайында ата-аналар мен педагогтардың әлеуметтік серіктестігін дамыту
Білім берудегі жағдай жаңа типтегі балабақша,білім мазмұнын жаңарту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшелініп қоймай, отбасы мен балабақша арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын,әлеуметтік деңгейдің төмендеуін,отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б келтіруге болады.
Сондықтан білім ордалары адамгершілік қарым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі балабақша Миссиясы тек балаларға адамгершілік,коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болуы маңызды. Әсіресе бұл ынтымақтастықты қалыптастыру балабақшада ерекше орын алады.
Баланың бірінші ұстазы-ата-анасы деп тегін айтылмаған. Балабақша болсын,мектеп болсын ең алғаш оқытушы алдына келген баланың отбасында қалыптасқан мінез-құлқы, танымы,әдеті мен түсініктері бар. Сондықтан алдымызға келген баланы әрі қарай дамытып, бойына жеке тұлғалық құндылықтарды қалыптатыруда ата-анамен бірлесе әрекет ету күмәнсіз жақсы нәтижеге жеткізері анық. Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі тапсырыс берушісі ретінде ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру-ата-аналармен әрекеттің негізі. Баланы балабақшаға дайындаудағы мақсат, міндет, түсініктер мен танымдарды қабылдап,атсалысуын қамтамасыз ету.
Көптеген ата-аналардың балабақша өміріне тікелей қатысуында тәжірибесі жоқтың қасы.
Бұл мәселені шешуде отбасымен серіктестік пен ынмытақтастықты баланың балабақшаға бейімделуі кезеңінде жаңа деңгейде құру қажет. Баланың балабақшадағы өмірінің табысты басталуы-отбасы мен балабақшаның ортақ әрекетінің нәтижесі. Ата-аналармен ынтымақтастық бастауында серіктестіктің қалыптасуы баланың балабақша өміріне тез бейімделіп, жан-жақты дамуына апарар жолдың негізгісі. Себебі ата-анасының балабақша өміріне белсене қатысуы баланың өзіне деген сенімін арттырып,оқуға деген құлшынысын арттырары сөзсіз.



Павлодар облысы,Май ауданы,Көктөбе ауылы

Бала тәрбиесі балабақшада (285.57 KB)

