Бала – біздің болашағымыз
«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», - демекші ертеңгі елдің болашағы өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қолында. Сол ұрпақ ел үмітін ақтайтын, білімді болу үшін не қажет? Әрине, ең бірінші – тәрбие берілуі тиіс. Әбу Насыр Әл – фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деп дәл айтып кеткен. Демек балаға тәрбие беруде ата – ананың, бала – бақша тәрбиешілерінің, мектеп ұстаздарының орны ерекше. Дұрыс тәрбие берілсе, білімнің де сапасы артады. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - демекші әрбір үйдің үкілеген үміті – балалары. Әрбір ата – ананың арманы ұл – қыздарының тәрбиелі, білімі жоғары, халқына адал азамат болғанын қалайды. Ата – ана баласының болашағы үшін барлығын жасайды. Қазіргі таңда оқуға түсу үшін де, оқу үшін де мемлекет барлық жағдайды жасап отыр. Себебі бала - біздің болашағымыз Бір ұлттың өсуі де, өшуі де өскелең ұрпаққа байланысты. Ел тұтқасын ұстайтын да осы өскелең ұрпақ. Өзге елдің алдында елімізді жоғары деңгейде көрсетіп, қарқынды, сапалы жұмыс жасай білсе, әлем мойындаған танымал ел боларымыз анық. Бұның барлығы жастардың қолында. Мағжан Жұмабаев атамыз айтыптығой: «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Мен жастарға сенемін», - деп. Жастарға сенеміз әрине. Сенуіміздің себебі айналамызға зер салып қарасақ тәрбиелі, білімді, үлкеннің ақылын тыңдай білетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіретін ұрпақ өсіп келе жатқанын көреміз. Қазақстанның ертеңі – жастарда. Бала - біздің бауыр етіміз. Бала – біздің болашағымыз.
Ербелең жолдар, ең биiк құздар, Кездесер талай жолыңда. Алысқа самға, адасып қалма, Қайнаған өмiр бағында.
Жасыма көңiл, арманға толы Тағдырың сенiң қолыңда! Қызарып шоқтай, қалмағын сөнiп, Алаулап оттай жалында! Рухың қайтып, кетпегiн ез боп, Намысың болсын демеушi. Шағылып тауың,шегiнбе кейiн Бiр Алла сенi жебеушi.
Көңiлi таза, мiнезi жайсаң
Әлемнiң ерке дарасы, Адалдық туын көтергiн тiктеп, Қазақтың қайсар баласы. Бабадан калған, аманат саған, Кең байтақ қазақ далсы.
Асем Ускембаева
«Ақнұр» балабақшасының тәрбиешісі.

Бала - біздің болашағымыз (15 KB)

