Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Тесты  /  10 класс  /  Бақылау жұмысы. 10 сыныпқа арналған.

Бақылау жұмысы. 10 сыныпқа арналған.

10 сынып?а арнал?ан ба?ылау ж?мысы. грамматикалы? тапсырмасымен.

17.03.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, лексикалық және грамматикалық тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеріп шығу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, жазу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тіліндегі тән дыбыстарына көп көңіл аударуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: диктант

Сабақтың типі: аралас сабақ, тапсырмалар

Сабақты жүргізу әдісі: жазбаша

Көрнекілік құралдар: тақтамен, керекті қиын сөздер

I Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Сыныпты түгендеу

- Үй жұмысын тексеру

- Қайталау сабағы

II Жаңа сабақ: 1 Кіріспе: Тақтаға күнің жазып, оқушылармен сәлемдесіп, бақылау жұмысын жазғызуға дайындаймын.

2 Жаңа тақырыпты түсіндіру: Оқушылармен өткен тақырыптарды қайталау үшін бақылау жұмысын жазғызу. Осында үш грамматикалық тапсырма беріледі.


Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.


Грамматикалық тапсырмалар:

  • Мәтіннің ішінен 10 етістікті таңдап, бесеуін өткен шаққа, бесеуін келер шаққа қойып түрлендіріңіз. (етістіктер түрлі жақтарда туруы тиіс).

  • Мәтіннен жалғау түрлерін тауып, түрін ажыратыңыз.

  • Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.



Жазба жұмыстарын жинап алу.

Үйге тапсырма.


-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бақылау жұмысы. 10 сыныпқа арналған. (16.63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт